Ғали Орманов (15.8.1907, Алматы облысы, Қапал ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақын.
Қазақ педагогика институтын бітірген (1943). 1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан” альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған.....
Бұрынғы заманда бір ханның перзенті болмай жүргенде, әйелі жүкті болыпты. Ол босануға таянған уақытта хан уәзірлерімен аңға шығып кетіпті. Әйелі ұл туса, сүйінші сұрай келген адамның басынан төмен алтын құятын болып уәде қылады. Бір күні ханның әйелі толғатыпты. Онымен бірге, үйіндегі малшының әйелі де толғатыпты. Екеуі де ұл табады. Бір жеті өткеннен кейін ханның баласын өз бесігіне, малшының баласын өз бесігіне салады.
Ханның баласының аты Жалайырхан, малшынын баласының аты Сағат болады. Жалайырхан да, Сағат та жетіге толады. Екеуін де мектепке береді. Жалайырханнан кейін Сағатты да хан жақсы көреді. Хан бір күн қиял құшып отырады да, екеуін де шақырып алады. Екеуінің де бетінен сүйіп, екеуін де жақсы атқа мінгізіп, қаншама нөкер ертіп, аң аулауға шығады. Әр күн осылай етіп, хан сонымен қызықтап жүреді......
✅Баланың жөтеліне бұл рецепт жақсы көмектеседі. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін-ақ балаңыздың жөтелінің басылғанын байқайсыз. Ол үшіш жарты литр сүтті пісіріп алған соң, бір ас қасық қарағай бүршіктерін ( сосновый почки) қосып аздап араластырасыз. Бір сағаттан соң іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Қажетінше емді жалғастыра беруге болады.
✅ 1 ірі бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стақан қант қосып , 5 минут қайнатып аламыз. Жылы болған джемге 2 ас қасық бал қосып араластырамыз. Əр сағат сайын балаға 1 шəй қасықтан беріп тұрсаңыз, 1 -2 ішінде баланың жөтелі кетеді.
✅ Сəбіз шырыны мен балдың пайдасы зор. Ол үшін бірнеше сəбізді шырын сыққыштан өткізіп қалауығызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Шырынның жаңа дайындалғанының пайдасы көбірек болады.
✅ Сұлы тұнбасының да жөтелге пайдасы зор. 1 литр қайнаған суға бір стақан сұлы саламыз да, екі сағатқа баяу отқа қоямыз. Кейін сүзгіштен өткізіп алып, аш қарынға жарты стақанын балмен бірге күніне 3 рет: таңертең, түскі асқа дейін 30 минут, ұйқы алдында бір рет .
✅ Қара шалқан шырынын да жөтелге қолдануға болады. Орташа 7 данасын жұқалап турап, үстіне қант сеуіп ,8-10 сағатқа қоямыз. Одан шыққан шырынын сағат сайын 1 ас қасықтан беру керек. ......
Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс – оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында – Алматы облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Патшалық Ресейдің 1863 – 64 жылдары әскери жаулаушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына енді. Осы өңірде Сырдария және Жетісу облыстары құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 ж. 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. Оның аумағы батыста Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғыз Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатты. Орталығы Әулиеата шаһары болды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін уезд 1918 ж. 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болды. 1924 ж. Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енді. 1927 ж. әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылды: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді....
Кіріспе. Зерттеу өзектілігі. Жеткіншектерді өз көңіл күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай білуге, комплимент-мадақтау сөздерді айта білуге және эмоциялық жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету, оларды тәрбиелеу барысындағы аса бір маңызды элементтің бірі болып саналады. Жеткіншектердің психикалық даму деңгейінің жоғары, денінің сау болуы , стрестік жағдайды болдырмау, кикілжіңді орынды түрде шешу, бұл жерде талқыланатын мәселе болып табылады. Бұл зерттеу негізінен мына сұрақтармен тығыз байланысты: сезім мен эмоцияның психологиялық мәні неде? Жеткіншектердің психикалық ауруларға тап болуының, стрестік жағдайлардың болу не себептен? Бұл мәселе психология ғылымында психикалық процестердің яғни танымдық процестердің дамуымен тығыз байланысты. ....
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар. Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді. АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз: 1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушыларға: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді. 2. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар. 3. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар. 4. Соттағы өкілдер. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын АІЖ құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар....
Балықты көлінің орналасуы мен тарихы Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық паркі Батыс Тянь - Шаньның солтүстік бөлімінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы, 26 - қаңтарындағы №52 қаулысына сәйкес Балықты көлі аумағындағы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орын болып табылады. Жалпы ауданы 30 гектар. Көлдің тереңдегі 16 - 17 метр. Балықты көлінің Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы, Жаскешу елді мекенінде орналасқан. Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 20 шақырым, Састөбе темір жол стансиясынан 12 шақырым жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында Жібек жолында орналасқан. Балықты көлі ғалымдардың болжамы бойынша Мезозой эрасында пайда болған деген дерек бар. Біздің ата - бабаларымыз бұл жерді қазақ халқының басына түскен қасіретті оқиға «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғар шапқыншылығында туған жерді азат етуде көрсеткен ерліктері үшін еншіге алған екен......
Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.
Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлде қайда жоғары. Құрамы осындай азық пен жүйелі қоректенген адамның әр түрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Сондай-ақ бөдене еті мен жұмыртқалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендететін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты артады. ......
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Ж. Молдағалиев Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.......