Курстық жұмыс: Экология | Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту

Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру

Кіріспе.
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «АЛЕКСТІҢ» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі. Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздің қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АҚЫН ЖЫРАУЛАР МЕН БИЛЕРДIҢ ШЕШЕНДIК СӨЗ ӨНЕРIНДЕГI ТӘЛIМДIК ОЙЛАР

Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған.
Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз халқының “Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, “Ел бiрлiгiн нығайту, халық ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам.
Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi.
Күнiнде өзiм болдым деп,
Кең пейiлге таласпа.
Ғылымым жұрттан асты деп
Кеңессiз сөз бастама.
Жеңемiн деп бiреудi
Өтiрiк сөзбен қостама – деп,
Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе “Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Акция және Облигация

Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтар айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Асқар Мамин Ұзақбайұлы (1965 жылы 23 қазан)

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді.
Білімі
— 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. (инженер-құрылысшы);
— 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады;
Отбасылық жағдайы
Әйелі Мамина Алтынай Қасымқызы. Балалар: ұлы Данияр мен қызы Динара.
Еңбек өтілімі
• Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988);....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кепілді қолдану туралы

1. Осы Нұсқаулық алдын-ала тергеу және анықтау органдары бұлтартпау-шарасы ретінде пайдаланатын кепілді қолданудың рәсімін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
Кепіл - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148-бабының 1-бөлігі, 322-бабының 1-бөлігі (бұдан әрі - ҚІЖК)). Бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік прокурордың немесе соттың рұқсатымен кепіл ретінде алынуы мүмкін.
Кепіл беруші - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдікті, айыпталушы не басқа да кез келген әрекетке қабілетті жеке немесе заңды тұлға салған кепіл. Бір немесе бірнеше адам кепіл беруші бола алады. Егер заңды тұлғаның бірнеше құрылтайшысы болса, онда әрбір құрылтайшыдан кепіл беру үшін жазбаша түрде келісім алынуы тиіс.
Депозит - келу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін ақша сомалары түсетін арнайы банктік есеп-шот.
Ақша - сатып алу және сату кезінде құн өлшемі болып табылатын металл және қағаз белгілер.
Құндылықтар - бұл бағалы заттар, құнды қағаздар, автокөлік құралдары мен өзге де мүлік, антиквариат және мәдени және өзге де құндылықтарды білдіретін басқа да заттар.
Бағалы заттарға бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар жатады.
Бағалы металдар - алтын, күміс, платина және кез-келген түрдегі және күйдегі платина тобының металдары.
Асыл тастар - табиғи алмастар, зүбаржаттар, лағылдар, сапфирлер және кез келген түрдегі және жағдайдағы басқа да асыл тастар.
Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен басқа заңнамалық актілерде белгіленген басқа да құнды қағаздардың түрлері жатады.
Жылжымайтын мүлік (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) - жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де мүлік, яғни көшіргенде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объектілер.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Бекарыс Шойбеков

Бекарыс Шойбеков – айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері
Бекарыс Ақсақалұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстарының бас жүлдегері атанған елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын.

Ол 1976 жылдың 14-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп оны 1997 жылы тәмәмдайды. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;
6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
6.2.3.3 – «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар: түркі халықтарының мәдениеті, діни наным сенімдері, шаруашылығы мен өмір салтын зерттеу арқылы әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0