Мен өз анамды өте қатты жақсы көрем. Анам туралы айтатын болсам, айтып тауыса алмайтын шығармын. Әр баланың анасына деген махаббаты шексіз деп ойлаймын. Мені осы жарық дүние есігін ашып, осындай жарқын өмір сыйлаған анашыма мың алғыс білдіргім келеді. Ана деген әрбір адам үшін ең қасиетті сөз деп білем. Барлық баланың анасы болу керек. Бірақ, кейбір балалар анасының қадірін білмей, бағаламай оны көп ренжітеді, айтқан тілін алмайды. Ойланып қарасақ осы өмірде аналары жоқ қаншама бала бар десеңші, олар аналарының аяулы алақанын көрмейді.......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Күй атасы Ахмет Жұбанов «Құрманғазы» Оқу мақсаттары: 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану; 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсінеді, суретті қолданып мазмұнын айтады; Көптеген оқушылар: мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады, әңгімелеу барысында суреттер қолданады Кейбір оқушылар: шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстырады, қорытынды шығарады, өз ойын дәлелейді......
Менің Отаным – егеменді, тәуелсіз Алтаймен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Қазақстан мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері мекендеген, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген кең байтақ Қазақстан елінде тұрғаным – мен үшін мақтаныш! Қазақстанымның айта кететін ерекшелігі ол - дүние жүзінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алады және пайдалы қазбаларға бай.
Мен үшін және басқа да отандастарым үшін халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік ұстанымын биікке көтеретін Тәуелсіздік күні – қастерлі мереке. Өйткені бұл Тәуелсіздік күні бізге оңай......
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. ....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Азияның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы даму ерекшеліктері. Сабақтың тақырыбы: Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.4. себеп-салдарлық байланыстарды аша отырып, социалистік шаруашылық жүргізу жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9.3.1.3. мемлекеттің тарихи дамуының заңдылықтарын анықтау; 9.3.1.4. тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау; Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды ХХ ғасырдың екінші жартысындағы негізгі оқиғалармен таныстыру, өзгеруі мен сабақтастығын анықтау.....