Тақпақ, өлең: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (балабақша, бастауыш)

Тәуелсіз елім

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!
Тақпақтар
Толық
542 -317

Өлең: Мұхтар Шаханов | 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан алаңы)

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды.....
Өлеңдер
Толық
26 -16

Өлең: Ерлан Жүніс (Менің атым – Тәуелсіздік)

...Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (1986 жылғы көтерілістің құрбандарына)

Есіме алсам өткен күннің белестерін.
Желтоқсаным ерлік болып елестедің.
Барінеде тек кінәлі Москва ғой ,
Момын қазақ ештеңеде демес дедің.
Қонаевтай нар тұлғаны орнынан ап,
Колбинді əкеп біздерменен кеңеспедің.
Айдаладан басшы болып келген орыс,
Қазағымның қамын....
Өлеңдер
Толық
0 0