Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Толған ай)

Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып,
Толсаң да солсаң-дағы айрылмайтын
Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып.
Далада жолаушыға сен жолбасшы,
Егерде жазатайым жүрсе адасып.
Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің,
Жүресің жылжып қана әсем басып.
Ажары ақ жамбыдай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жаралы жан)

Cap дала бейне өлік сұлап жатқан,
Көбіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Жалқау жел өзін өзі зорға сүйреп,
Жан-жақты жүргендей-ақ жындар билеп.
Ың-жың дауыс келеді құлағыма,
Перілер ән салысып......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сүй жан сәулем)

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,
Патша тағы, бүкіл дүние малына.

Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,
Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.
Бой шымырлап, талықсиды....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зар)

Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса,
Алтын күн нұры кеміп, салқын артса,
Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап
Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Қатты қыс кірейін деп есік ашса,
Қызыл гүл қорыққаннан түсі қашса,
Әл кетіп, бұлғақтаған бұтақтарда
Жапырақ: «Ал өлдік!»- деп сыбырласа,-
Қайғырман, сірә, осы.....
Өлеңдер
Толық
0 0