Қазақша өмірбаян: Әбділда Тәжібаев (1909-1998)
Әбділда Тәжібаев - осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев - поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар....
Қажым Жұмалиев (1907-1968) 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында туған. Филология ғылымының докторы (1947), профессор (1950), 1946 жылдан Қазақ КСР ҒА-ның корреспондентмүшесі, 1967 жылдан академик. 1925-1932 жж. Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1932).
