Қыз тәрбиесі
Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет.
Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті.
Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.
Қыздың бой жетуі, яғни жан – жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне.....

KZ
Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.