Өмірбаян: Бағдат Сәмидинова (1954 жылы 5 ақпан)

Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет орденінің иегері (2011).
Өмірбаяны
Батыр Сыпатай атындағы мектепті бітірген.
Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген (1975)
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1989).
1976 жылдан Қазақконцертте әнші....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұржан Керменбаев (1989 жылдың 17 ақпан)

Ел арасында «Қап-қарашка» атанып кеткен әнші Нұржан Керменбаев 1989 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысының Жезді ауылында дүниеге келген. Алдымен Жезқазғандағы музыкалық колледжде, кейінірек Алматыдағы Орталық Азия университетінде білім алған. Ол 2006 жылы «Superstar.kz – 3» телевизиялық жобасында жеңіске жетіп, жарқырай көрінді. Осыдан соң, әншінің қазақ эстрадасындағы жемісті жолы басталды. 2009 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен халықаралық «Новая волна» байқауына қатысты.
Нұржан алғашында «Арнау» дуэтінің құрамында «Superstar.kz – 3» жобасына бірге қатысқан әріптесі Жанар Хамитовамен бірге ән салды. Кейін Жанар жеке жағдайларына байланысты топтан кеткенде, оның орнына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Салтанат Бақаева келді. Салтанат Нұржанмен тез тіл табысып, дуэттің одан ары танылуына ерекше үлес қосты. Бұл дуэттің репертуарындағы «Аңсарым сен», «Егіз-лебіз», «Адалдық», «Махаббат жыры», «Астана – махаббатым менің» әндерін халық жылы қабылдады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Біржан Хасанғалиев Ескендірұлы (1978 жылы 1 ақпан)

Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев (1978 жылы 1 ақпанда Алматыда туған) — әнші, музыкант, камералық композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012). Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры (2015 жылдан). ҚР Білім Беру ісінің құрметті қызметкері (2017).

Біржан Ескендірұлы 1978 жылы 1 ақпанда Алматыда музыканттар отбасында дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "музыкалық теория" бөлімін бітірген.
Колледжді бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыка және теориялық пәндер оқытушысы, композитор» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Экономика және статистика академиясының магистратурасын бітірген. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Серік Ибрагимов (1988 жылдың 22 қантар)

Серік Ибрагимов- Қазақстанның жас әншісі. Ол «Вокзалда қауышкан қыз» әнімен әйгілі болды.
Өмірбаян
Серік Ибрагимов 1988 жылдың 22 қантарында дүниеге келген. Оның тұған жері Қызылорда облысы, Түгіскен ауылы. Ол көп балалы отбасында өсті: ата-аналар тағы 6 ұл мен қыздарды тәрбиеледі. 5 жылда Ибрагимов алғаш рет сахнада өнер көрсетіп, сол кезден бастап музыка артистің кейінгі өмірбаянының ажырамас бөлігіне айналды.Жетекшісі Ибрагимова вокал бойынша да жігіттің талантын көрді,сондықтан бала кезінен оқушыларды конкурстар мен сөз сөйлеуге жіберді. Алдымен бұл тек облыс бойынша сапарлар болды, кейін Серік республикалық фестивальдарда да өнер көрсетті. Алдымен ол Қызылорда музыкалық колледжіне түсіп, үрлемелі және үрлемелі аспаптарда ойнаған. Диплом алып, жас жігіт білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғастырды ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бауыржан Байбек (1974 жылы 19 наурыз)

Өмірбаяны
Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әке-шешесі зейнеткер.
Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы "Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау" КМК бастығының орынбасары болған. Ал анасы Алтынай Құнғалиқызы "Қазтамақөнеркәсіп" бөлімінің бастығы - бас маманы қызметін атқарған. Әкесі Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған.
Білімі
Бауыржан Байбек Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатты тәмамдаған.
1994 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кетеді, онда бір жылдай Бремен қаласындағы Гете институтында неміс тілін оқиды. Одан соң Любек қаласындағы Жоғары музыкалық мектепте үш жыл оқиды. 2002 жылы Орталық Азия университетінің халықаралық экономист мамандығы бойынша диплом алады. Саясат ғылымдарының кандидаты.
Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0