Әңгіме: Айша Балтахаева | Қуғыншы


Иә, иә. Кудым. Құрбым турмысқа кеткен, соны қуып бардым. Қыздың жеңгесі екеуімізді шығарып салып жатқанда қыстың ызғарына жаурап қалмасын деп, оның үстіне батылдық үшін деп 100 граммнан тарттырып жіберді. Қаладан бара жатқасын кішкентай чихуахуа итімді алып алдым. Өзі қара, құйрығы ақ итім 100 граммнан соң қайда қалғанын білмей қалдым. Жолға шығып такси тоқтаттық. Қыз баласы болғасын мастығымызды барынша білдірмейік деп келістік. Такси тоқтап, екеуіміз отырдық. Таксист бізге бірден "қыздар ішіп алғансыңдарма" деді. Ойпырмай қайдан сезді деп аң таң болдық. Ағай қайдан білдіңіз — десек, таксист: екеуің де алдына отырып алыпсындар дейді. Ұятай, екеуіміз де ұшып түсіп, артына отырдық... Багажникке. Негізі жақсы бардық. Багажникте үшеуіміз. Мен, жеңгесі сосын қара тоқты. Таксист ертең құдай тамаққа соятын тоқты. Біздің мас екенімзді ол да сезді ма білмим басын көтеріп "мәә" деді. Негізі оның бізбен шатағы жоқ, ертеңгі күнін уайымдап жатыр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Роальд Даль | Ет жемей өскен бала


Лексиңгтонды алып перзентханадан шыға сала әйелі күйеуіне: “Қымбаттым, сен енді мені қаладағы ең жақсы мейрамханаға апар, мұрагерлі болғанымызды тойлайық”, — дейді.

Ері зайыбын аймалап тұрып, Лексиңгтондай сүйкімді балаға өмір берген әйелді қай жерге барам десе де апару лайықты екенін, оның кез келген тілегін орынды санайтындығын айтады. Бірақ: “Әлі аяқ-қолыңды бауырыңа жинап үлгерген жоқсың, кеш батқанда қала аралап, жолға шыққаннан шаршап қалмайсың ба?”—деп жұбайының денсаулығын ойлап уайымдайтынын білдіреді. “Әлім жетеді, маған енді еш қиындық түк емес”, — дейді әйелі.

Сол күні олар кешке кішкентай Лексиңгтонды — еңбекақысы күніне жиырма доллар, арнайы дайындықтан өткен, оның үстіне, ұлты шотланд қызметші әйелге табыстайды да, үстеріне іліп алар сәнді киім киіп, қаланың ең атақты, ең қымбат мейрамханасына аттанады. Мейрамханада теңіз омарынан дайындалған тағам жеп, бір шөлмек шампанды бөлісіп ішеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Дүние кезек

Ешкімі жоқ кемпір жалғыз сиырын сауып, сүтінен май жасап, оны көрші дүкенге өткізіп күнелтеді екен. Дүкенші кемпірдің адалдығына кәміл сенгендіктен одан алған сары майды таразыға тартпастан қабылдап ала беретін. Алайда бір күні ойына күмән ұялап кемпірдің өткізген майын таразыға тартуды ұйғарады. 1 кг. деп алып жүрген сары майдың 900 гр. болып шыққанында қатты ашуланады. Кемпірдің келесі келгенінде дүкенші: «Бұдан былай сізден сары май алмаймын» деп жазғыра сөйлеп, ашулы екенін білдіреді. Көңілі құлазыған кемпір «тыныштық па балам, кәрілікпен алысып жүріп байқамай бірдеңені бүлдірген шығармын, ағаттық жіберген болсам кешіре ғой» дейді. Дүкенші «маған өткізген майыңыз 1 келі емес 900 гр. болып шықты. Ұят емес пе мұныңыз?» дейді. Сонда кемпір: «Менде 1 келілік тас жоқ болғандықтан, сізден сатып алған 1 келі шекерді таразыға қолданып жүр едім» дейді. Әлгі жерде дүкеншінің қызарып, бозарғаны соншалық, кірерге тесік таппай тыпыршып қоя береді. Міне дүние кезек дегеніміз осы. Не ексең соны орасың. Адамдарға істегенің міндетті түрде алдыңнан шығады. Әрдайым жасаған игі ісіміз және көретін ізгілігіміз көп болғай! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Қан мен тер қалай жазылды

Шығарма жазылып бітті.... Кітап боп басылып шыққалы да әлдеқашан. Енді, міне, қайта-қайта басылып та жатыр. Шамасы, сірә ұзақ жылдар көз майыңды тауысқан осы кітапты алғаш рет жазсам деген ойдың басыңа қашан, қалай келгені хақында және қалай жазылғаны хақында ой толғайтын уақыт та жеткен сияқты. Шынын айтқанда, осы сауалдың бұдан бұрын да бір рет алдымды тосқаны бар. Бұнан бұрын да дәл осы сауалға жауап бергем. Ол, ұмытпасам, 1970 жылдың көктем айы еді. Алматыға белгілі сыншы Леонид Теракопян келді. Совет романдарының сериясында шыққалы әзірленіп жатқан «Қан мен тер» трилогиясының алғашқы екі кітабы — «Ымырт» пен «Сергелдеңге» алғы сөз жазбақ боп, арнайы келген сапары еді.

Қонақтың қалауы бойынша біз көбіне сыртқа шығып, кісі-қара аз, тыныш көшелермен көктем шуағын бетке ұстай жүріп әңгіме шерттік. Байқауымша, мына жігіт бұрын біздің жақта болмаған. Жолға шығарда қыс ызғары әлі де қайта қоймаған Москва маңының ауа райына қарап киінгені байқалады. Ал, біздің жаққа биыл көктем ерте кірген-ді. Қыс ызғары қала түгіл көшеге шықсаң-ақ көз алдыңа көлбеп тұрып алатын сонау тұла бойы түп-түгел қардан арылып, кіреуке мұнар арасында көкшіл жотасы көк тіреп жататын заңғар таудың өзінен де сезіле қоймайды. Оның үстіне биыл қыс ызғары бір лезде сынып, қардан арылған қаражон дала қала іргесінде бусанып, ертелі-кеш көңіл ашар қоңыр жел тау қойнауынан есті де тұрды. Әлден бүр жара бастаған терек бұтақтарында үйме-жүйме боп отырған торғайлар да ерекше сайрауық. Қонақ үстіндегі қыс пальтосын ауырлап, қос өңірін бағана біз кездескенде-ақ серпіп ашып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Жер шоқтығы

Көкшетауда бір болған кісінің бұл өлкеге қайта айналып соқпауы мүмкін емес. Көргеннің көзін жаулап, есіткеннің құлағын елеңдетіп есіл-дертін алып ынтызар ғып бітетін өлке. Әне бір ілгері заманда Арқаның аң иығы — сал ақын осы өлкенің басы мен аяғын әнге елтіп, той-думанға қарық қып дәурендеп жүрген шағында: «Жер шоқтығы Көкшетау» деп, туған жеріне сонша сұқтанғаны тегіннен-тегін емес-ті. Адам баласы мекен еткен ай мен күн астында бір кезде салдар мен серілер думан құрған осы кербез сұлу Көкшетаудың қасына қысылмай барып иықтасып қатар тұрып, сәні мен сұлулығын салыстырар басқа бір өлке, әй, қайдам, табыла қояр ма екен? Табылса да ілуде біреу болар-ау! Сұлулықтың ел аузындағы аты біреу болғанмен әсері әр түрлі. Сұлулық та қысқа күнде қырық құбылатын көңіл шіркін сияқты адам болған адам бойында, ет пен тері арасында жүретін аумалы-төкпелі сезім. Қаршадайымыздан құлағымызға сіңген исі қазаққа белгілі бір қағидаға құлақ ассаң, тіпті «сұлу — сұлу емес, сүйген — сұлу». .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Ғұмыр

Бір-екі сағат бос уақытым бола қалғасын, ҚазМУ қалашығындағы Көктем өзенінің жағасына келдім. Көктем күні. Айнала тып-тыныш. Қалта телефонымдағы әдемі әуендерді тыңдап, әрі-бері өткен адамдарға қарап, бір рахат күй кешіп отырмын. Шынында да, «жұмыс-жұмыс» деп жүріп, өз атымызды ұмытып қалармыз бір күні...

Әне, өзеннің екі қапталын жағалай қыз бен жігіт жүгіріп барады. Жігіттің қимылы қызық: бір орында орғып тұрған сияқты көрінеді, жұдырықтары да түйілмеген. Қыз шаршайтын емес, жарты сағатта көз алдымнан екі-үш рет өтіп үлгерді.

Түу, мына шыбындар маза бермеді-ау... Ұсақ-ұсақ құмытылар кәстөміме қонып алып, қанаттарын сулай ма-ау, құмырсқалар балағымнан кіріп, аяғымды жыбырлата ма-ау, берекем қаша бастады. Әсіресе, жап-жасыл, кіп-кішкентай, кенеге ұқсас мына бір жәндіктің күштісі-ай! Үп етіп үрлей салғанымды елеген де жоқ. Сәл күшейте үрледім. Көзге көрінер-көрінбес аяқтарымен тұрған жеріне жабыса қалды. Енді бар күшіммен үрледім, мыңқ етер емес. Құдайдың құдіреті-ай, сонша күшті қайдан алып тұр екен?! Қолыммен қағып жібермек болғанымда, жабысып тұрған кене бөлшек-бөлшек болып шашылды да қалды. Орайсыз қимылдағаныма кәдімгідей налыдым. Тіршілік иесі тірі жүре беруі керек еді...

Сөйтсем, ондайлардың мың-миллионы жүр екен, қап-қара кәстөмімде жап-жасыл болып, анық көріне бастады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Ер шоқтығы


Ол жиналыстан көңілсіз қайтты. Әлгінде Көкшетаудың бас-аяғына жиналған дүйім жұрт алдына бұны жалғыз шығарып алып, кеудесіне орден қадаған қуанышын да сезіп келе жатқан жоқ. Сол арада ол қуанғаннан гөрі іштей ыңғайсызданып бітті. Самаладай шам сәулесін жан-жағынан анталатып қойды. Салтанатты сарайда иін тіресіп отырған жұрт назары бір өзіне ауып, қошеметшіл жиынның қызу соққан алақандары үйді басына көтере дүрілдетіп ала жөнелгенде, қысылшаң жігіт тіпті не істеп, не қойғанын да білмеді. Тер одан да, бұдан да кетті. Абдырап аузына сөз де түспей қойды. Құрғап қала берген тамағын жібіткісі кеп, қолын әлсін-әлсін алдында тұрған суға соза беріпті. Кейін не айттым деп қанша ойласа да, есіне ештеңе түспеді. Аузынан шыққан сөздер құдды әлденеден оқыс үркіп, дүркіреп ұшып кеткен торғайдай. Сөзінің соңында ол әйтеуір ертеден бері уысында умаждап тұрған ескі кепкадан көзін алып, тым-тырыс болып тына қалған халыққа: «Алдағы уақытта да аянбай еңбек етем», — депті.

Жұрт, әрине, Әутен Қуандықовтың аянбай жұмыс істейтінін біледі. «Жарқайың» фермасын басқарғанына, міне, жеті жылдан асып барады. Жылда егін піскен бойда мал фермасының тауқыметін балалы-шағалы әйеліне қалдырып, өзі комбайнға отырады. Өткен жылы Қостанайдың атақты комбайншысы Сартаймен жарысқа түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай Кентавр

Қара суықты қараша. Жалтаң қырға қара күз келіп, ықтасын тауға қоңыр күз түскен.

Тарбағатайдай тарлан тартқан кәрі керінің адам аяғы жетпес, мал тұяғы тимес бір пұшпағы. Терең шатқалдың жазда жел соқпас, қыста қар алмас күңгей қолтығында жетімсіреп жалғыз үй тұр. Төбесі шатырсыз, қара тастан қаланған еңселі, тоқал там. Маңайында боз талдан тоқылған шарбақты, таспен шегенделген қора-қопсасы бар. Бұл ұры қонысты тап төбесінен түспесең, жабулаған жылқыдай тани да алмайсың, таба да алмайсың.

Тау іші — тымық. Күн көзі — шуақ. Бар дүние балауыздай балбырайды. Биік бауырына бұққан тас үйге Тәңірінің көзі түсіп, күн нұры құйылған.

Тұғырлы келген тас үйде екі жан иесі ғана бебеу қағулы еді. Бірі — құлжадай еркек, бірі — құралайдай әйел.

— ... —

— Иә, Алла! Өзің жар бола гөр! Жанын қалдыра гөр! Жылбысқаны алсаң да, жарымды алма!.. Осы тілегімді бере гөр, Тәңірім! Әумин! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Үлкен жүрек

Таңертеңгі қоңырау соғылды. Класқа жапырлай кipген балалар тегіс орындарына отырды. Мұғалім келгенде олар әдеттегідей орындарынан тұрып қарсы алды. Кіріп келе жатып-ақ мұғалім Жанардың көзі алдыңғы партада бір баланын. жоғын байқады. Класс іші күрек тісінің бірі түскен кісінің аузы сияқтанып омырайып қалғандай. Тары Нұрлан жоқ. Мүмкін тағы да кешіккен болар. Бірінші кластан бері оқытып келе жатқан төрт жылдың ішінде Нұрланнан мұндай нәрсе байқалмап еді. Нұрлан кеше де, бұрнағы күні де сабақ басталып кеткен соң келді. Жанар оны тұрғызып қойып, неге кешіккенін сұрап еді: ол үндемеді, ештеме айтпады: «Кешігіп қалдым, кінә өзімнен» дегеннен артыққа бармады. Жанар бұл сабаққа да даярланбаған шығар деп сұрап көріп еді, сабақтың бәрін айтып берді. Үйге берілген жазу, есеп жұмыстарын да тап-тұйнақтай етіп орындапты. Барлығы да әдеттегіден бес қоярлық.

Мұғалім ойға қалды. Үйінде басқа жағдай болып қалды ма екен? Бірақ ондай кірбің шәкірт қабағынан байқалмайды. Тіпті осыдан үш күн бұрын ғана Нұрланның әкесі де, шешесі де Жанарға келіп жолығып кетті. Мұғалім осындай ой үстінде отырып балаларды түгендеп, тізімнің аяғынан шыққанын да білмей қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүйінбай мен Қатаған айтысы


1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Әңгімелер
Толық
0 0