Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бас ақын


Тойда шамадан тыс қызып отырған ел ағаларының бірі арнау өлеңін оқып, онысын мерейтой иесіне табыстап отырған орнына қарай маң басып бара жатқан ақынды тоқтатып: «Сен қазірден бастап осы облыстың бас ақынысың!

Мен солай ұйғардым!»- деп салды.

Сол сәт ду қол шапалақтау құттықтауға ұласып, арагідік бірер өлеңі жергілікті газетке қырналып,тырналып, күзеліп, түзеліп басылып тұратын пақырыңыз бір-ақ сәтте аймақтың бас ақыны болып шыға келді.

Сол күннен бастап «аймақтың бас ақыны» деген алып- қашпа атақ әлгіге қара күйеше жабысты.

Газеттің бөлім меңгерушісі, әдебиет бетін әзірлей қалса, редакторы: «Әлгі бас ақынның өлеңдері бар ма?»- деп сұрар еді.

-Бар,- десе...

-Дұрыс!- деп бетке батасын беретін.

- Жоқ,- дей қалса...

- Сен өзі... не тантып тұрсың?

Пәленшенің тойында облыстағы екінің бірі оны бас ақын дегенін естіген жоқ па ең? - деп түлкі көрген бүркіттей түйілер еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Бабаның оралуы


Өмірі түрен тимеген сайдың қабағына соқаның өткір тісі тірелгенде жер дір-дір етіп ыңырсығандай болды. Бірақ оны ешкім естіген де, елеген де жоқ. Жасына жетпей қарны шеңбірек атып, үрлеген шардай дөңгелене шығып кеткен тапал жігіт, «К-700»-тың гүрілінен асыра айқайлап, тракторшыға:

— Тарт! — деп бұйырды.

«К.-700» гүрілдей берді, жер ыңыранғанын қоймады.

Трактор үшінші айналымға көшкенде, сайдың қабақ тұсынан соқалардың жойқын тісінен найзағайша от жарқылдады: Артынша «К-700»-тың моторы сөніп, үні өшіп қалды. Тракторшы жерге секіріп түсіп, моторға үңілді.

Шетте тұрған қамыс қалпақты, шеңбірек қарын:

— Не болды? — деп зәрлене айқай салды.

Тракторшы үндемеді. «К-700»-тың ішек-қарнын түгел тінтіп шықты. Ешқандай ақау таппады.

— Ей, ақымақ, ана соқаны қара, мүмкін тасқа тіреліп қалған шығар, жаңа от жарқылдады ғой, — деді шеңбірек қарын.

Тракторшы жігіт үндеместен барып, соқаның жарқырауық тістеріне үңіліп көріп, еңкейіп, топырақтың астынан жарты құлаштай жілік сүйектің сынығын алып шықты.

Шеңбірек қарын топырақ жұққан сүйекке қолын тигізбей:

— Таста жерге! — деп бұйырды тракторшыға. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әлімақын Жанболат | ОАЗИС фильмі немесе киелі жазбаның сыры

Шведтың ұлы режиссеры Ингмар Бергман әйгілі «Үнсіздік» деп аталатын фильмінде адам ары мен нәпсісі ортасындағы күресті қарама-қарсы типтегі екі кейіпкер арқылы көрсеткен болатын. Ең қызығы осы фильмді көрген кез-келген есті көреремен экраннан екіге жарылған өз кейіпін көре алатыны хақ. Өйткені пенденің ішкі қайшылықтарымен күресі ол бітпейтін және ең үлкен күрес. Алайда біздің айтпағымыз «Бергманның кейіпкерлері» спетті бүгінгі ұлттық болмысымыздың қарама-қарсылығын дәл көрсете алған кинотуынды туралы еді. Дәлірек айтсақ, Бегарыс Елубаевтың «Оазис» фильмі жәйлі болмақ.

2 ақпан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қазақтың белгілі жазушысы Сымағұл Елубаевтың сценариі бойынша түсірілген «Оазис» көркем фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Кинокартина осыдан бір күн бұрын ғана қазақстанның барлық кинотеатрларынан прокатқа шыға бастаған болатын. Көрсетілімдік кешке Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова және Асаналі Әшімов, Есмұхан Обаев, Сымағұл Елубаев сынды өнер ұжымының ақсақалдары арнайы келіп қатысты. Режиссер Б.Елубаев бастаған Фильмнің түсірілімдік тобының өкілдері де көрсетілімде болып, көрермен сұрақтарына жауап берді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Лигейя

Өлімді мойынсынбайтын еріктің өзі, міне, осында! Еріктің күш құдіретінің тылсым құпия сырын аша алатын кім бар? Өйткені құдайдың өзі де әділін айтқанда — о бастан, табиғатында барлығының мән-мағынасын ашу үшін әдейі жаратылған айрықша бір алып ерік тәрізді. Өзінің еркі кемдігінен, әлсіздігінен дәрменсіздікке дес берген адам ешқандай періштені де, ажалды да әсте мойындамақ емес.

Джузеф Гленвилл

Леди Лигейяны алғаш рет қалай, қашан және қайда көргенімді жанымды ажалдан арашалап алып қаламын десе де жадыма түсіре алмаған болар едім. Одан бері талай жылдар өтті, ал менің қайғы-қасіреттен есімдегілер елес боп кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0