Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | 80 жылдардағы ұстаздар

Фото: Архивті фото

«80-жылдардағы ұстаздар» дегенде сол жылдардың ішінде өзімізге сабақ беріп жүрген ұстаздардың бір легі туралы оқушылық көзқараспен айтылып отыр.

Ұстаздар

I. Байманова Айнаш апай. №25 мектептің математика пәнінің мұғалімі. 4-сыныптан 10-сыныпқа дейін сабақ берген ұстаз. Жалпы, Айнаш апайды білетін орта ол кісіні ұлағатты жан ретінде таниды. Ол кісінің алдыңғы буын шәкірттері туралы көп айтылады. Бірде ұстазды сол алдыңғы буын шәкірттері – ұлдары мектепке іздеп келген еді. Өздерінің қалаулары сол болды ма екен, ұстаз оларды да сабағына қатыстырды. Олар үлкен жігіттер болатын. Оларды осы сыныптағы інілерінің жандарына отырғызып қойды. Олар да балалармен бірге сабақ оқыды, балалармен бірге есеп шығарды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Билетіңіз бар ма


(болған оқиға)

Бірде жол түсіп мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазасына ене бергенімде алдымнан жас шамасы төрт бестердегі бала жолықты. Маған:
— Əпкей, əпке тоқтаңызшы!-деп маған күлімсірей қарап тұр. Іштей неге тоқтатты екен деп таңдандым да:
— Йə балақай? Айта ғой!
— Əпке мешітке кіруге билетіңіз бар ма?- деді. Басында түсінбей қалдым. Бірақ бірден ойыма "Дəрет алдыңыз ба?" деп сұрағанын түсіндім.
— Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар.
— Онда мені де ап кетіңізші! Аспанға менде ұшайыншы!
— Жарайды, жүре ғой!
— Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен мен сиямын ба?-деді. Не деп жауап берерімді білмей:
— Ол жаққа кез келген адам ұша алады(намаз оқи алады). Мешіт бос, имамдардың қарасы да көрінбеді. Сол жерде дұға тілеп отырдым. Жаңағы балақай да жанымда отырған болатын.
Мешітке келген шаруам аяқталған соң, бала адасып қалған ба білгім кеп сұрамақ болған едім. Аяқ асты ғайып болды. Сол маңда біраз іздеп, маңайдан сұрастырдым. Көрген, білген адам табылмады. Бірақ, үйіме қуанышпен оралдым. Сол маңайдан өте қалсам балақайды ылғи іздеп тұрам. Бұл оқиғаны ешкімге айтып жеткізе алмасым анық! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қарияның жауабы

Орта жүздің аты шулы билері Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек пен қанжығалы Әлібек батыр ел аралап келе жатқанда оларға бір қария кездеседі.

Жәнібек би қарияға: «Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді?» деп сұрақ қояды.

– Ауыл ақсақалы шала болса,

Жігіттері алты ауыз ала болса.

«Ә» десе, «мә» дейтін,

Жасы үлкенін кішісі

Сыйламайтын көңілі қара болса,

Сол ауылдың берекесі кетеді, -дейді қария.

Сонда Қазыбек би тұрып: «Уа, ақсақал, үй берекесі қайтсе кетеді?» – дейді.

– Әйелі қабағын түйіп керілсе,

Шай қойып беруге ерінсе.

Келіні керіске сай болса,

Қызы сумақай болса,

Сол үйдің берекесі кетеді,– деген екен қария.

– Уа, ақсақал, не жақсы?

– Атың жақсы болса,

Тіршілікте мінген пырағың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылау


Студент бойындағы шыншылдық, адалдық, мейірімділік, патриоттық, ұлттық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоғамда еркін сөйлеуін, өз ойын еркін айта алатын қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу мақсатында пікір талас өткізу. Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылайтын мәселелер:

1. Рухани - адамгершілік тәрбие
2. Ұлттық тәрбие
3. Отбасы тәрбиесі
4. Еңбек және кәсіби тәрбие
5. Азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие
6. Экологиялық, экономикалық тәрбие
7. Эстетикалық тәрбие .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жастар арасындағы Абай оқуларының маңызы неде


PS: Бүгінде интернет желісін ашып қалсаңыз болғаны, неше түрлі жаңалықтарға тап боласыз. Дүбірлі дүниенің дүркіреген даусы алдыңызда айдан анық шыға келеді. Приоритетті, толғандыратын, талқыға көп салынатын жастар мәселесі өріп жүр. Небір сұмдық, суық хабарлар жағаңды ұстатады. Мысалы, жастардың мейірімсіздігі, зұлымдық әрекеттері, суицид, т.б.

Жақында ғана Астана қаласында бірге тұрған дос құрбысын өлтіріп, денесін 26 жерден пышақтап, кілемге орап, кіреберіске шығарып тастаған жағдай Қазақстанның БАҚ беттерін «Азапты өлім» айдарымен шулатты. Күн сайын елімізде осы тақылеттес қатыгездікпен жасалып жатқан түрлі жағдайлар орын алуда.

Енді интернеттің жаңа бетін ашып, іздеу жолағына «Человек из очереди» деп теріңіз. Кореялықтардың түсірген бұл ролик-видеосы әлеуметтік парақшаларда ең көп дауыс жинаған туынды. Әлеуметтік желі тұтынушылары осы видеомен бөлісу арқылы барша әлемді мейірімді болуға, қайырымды істер жасауға, адамдардың бір-біріне адамгершілік, ізгілік, мейірбандылық, бауырмалдылық, жақсылық танытуға шақырады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух

90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Жазу мәселесі туралы соңғы сөз


Алдымыздағы шілденің 10-­ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.

«Еңбекшіл қазақтың» 154­-санында емле туралы. 178, 179- ­ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-­інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.

Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Кембридж бағдарламасы бойынша неміс тілі сабағын өткізу жолдары

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттеп отыр. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Оларды неміс тілін оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. Неміс тіліне үйрену өте күрделі және жеке үдеріс. Бұл жолда адам көп еңбектеніп маңдай терін төксе ғана қандай да бір жетістікке жетеді. Әрине, оқушының тілдік дағдыларды меңгеру сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Ал Кембридж бағдарламасы ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Мұғалімнің күнделікті өткізетін сабағы қазіргі заман талабына сай әр қилы өзгеріске ұшырап отыруы тиіс. Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың шеберлігіне байланысты егер де неміс тілі мұғалімі оқушының қызығушылығын арттыра алмаса берген грамматикалық білім еш нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету ойындарын пайдалану оның еркіндігін, белсенділігін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Жаңа технология түрлерін неміс тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының тілдік қабілетінің дамуына, алған грамматикалық білімінің негізінде неміс тілінде сөйлей білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдерде іске асады: І кезең: оқып-үйрену (неміс тілінің грамматикасымен, сөздік қоры және оқылым дағдыларымен танысу); ІІ кезең: меңгеру (оқушылардың алған тілдік білімдерін есте сақтап, өзгелерге түсіндіріп бере алу қабілеті); ІІІ кезең: өмірге ендіру (балалардың неміс тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізе алуы); IV кезең: дамыту (оқушылардың қосымша ізденіп, өздерінің неміс тілін меңгеру деңгейін жоғарылатуға күш салуы). Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше неміс тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесін оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Өмірмен күрес

Қатты шаршадым...
— Жап жас боп алып қайдағы шаршау?
— Іштей қатты өкпеледім.
— Кімге?
Өмір бойы амандығын тілеймін деген жанға...
— Не үшін?
— Аяқ асты өзгеріп кетті... менікі орынсыз болар. Бірақ, соншалықты бұлай болады деп кім ойлаған...
— Уайымдама ақымақ қыз...сен оның амандығын тіле, оған тек жақсылық тіле! Өз қателігін түсінген кезде бармағын шайнары анық... Енді шаршадым деуші болма, көкем!

Түйін: ӨМІР АТТЫ РИНГТЕ КҮРЕСІП КЕЛЕМ, МЕНІ НОКАУТҚА ТҮСІРЕМ ДЕП ОЙЛАМАҢЫЗДАР! СЕБЕБІ МЕН ИМАН ДЕГЕН ДОППИНГ ҚОЛДАНАМЫН!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Өмір деген бір жарқ еткен найзағай


Аспан астын, жер үстін алай-дүлей етіп, жан-жағыма нұр шашып, найзағайдың жарқылынан көңілшең бұлттардың өзі жылап hәм қуанып отырған шақта “Адам” атауы жаратылды және сол кезден бастап “Ғажайып әлем” деген әлі бітпеген шығарма жазылуда. Ол шығарманың кейіпкерлерінің ішінде сен де, мен де бармын. Жерді, елді жаратқан Тәңірі қандай шебер еді!? Дегенмен, өмір мен адам арасында әлі күнге дейін байланыс орнамаған. “Адам” өзі сияқты басқа да тіршіліктегі жаратылыстармен байланысқа түсе алды. Бірақ, өмірмен емес. Не үшін? Оның жауабы әр қилы.

Адам - ерекше жаратылыс. Қаншалықты саналы болғанымен, соншалықты ақымақ. Алланың өзі адамға саф алтыннан қымбат өмір беріп тұрса да, адам әлемнен осы күнге дейін алтын іздеуден шаршаған емес. Міне, бір дәлелі осы. Бұл ақылдылық па, әлде ақымақтық па?

Ақылдылық десек, оның себебін анықтауға тырысып көрейік. Адам өмірге келгеннен елден өзгеше болуға, жайлы өмір сүруге, жаңағы Алла берген алтындай өмірін жақсы өткізуге тырысады. Ал бұлай өмір сүру үшін міндетті түрде жақсы жағдайды, әлемдегі алтындардың барлығын талап етеді. Ал адам сол үшін мансап, байлық іздейді. Бірақ көпшілігі адамнан наданға айналып жатады. Себебі, байлық көздің нұрына, терінің суына енгеннен кейін бойдан адамгершілік қасиет кетеді. Себебі, өзімізге өзіміз қаншалықты жақындай түссек, өмірден соншалықты алыстайтынымыз бар. Ал, бұл - ақымақтық. Сонда өмір дегеніміз не дейсіз бе? .....
Әңгімелер
Толық
0 0