Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Зат есім мен етістіктің денотаттық және сигнификаттық мағынасы

КІРІСПЕ
Тілдің тарихы мен сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Сөздердің тарихы, олардың шығуы мен даму құбылысы еш нарсені аңғартпайтын, өзімен-өзі қалып қоятын құбылыс емес. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Яғни, табиғат пен қоғам жайындағы біздің қазіргі ұшан-теңіз білімдеріміздің шыққан бұлағы – түптеп келгенде, еңбек пен ойлау.
Сөз – күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының арақатынасын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның арақатынасын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі) сөздің материялдық жағын құрастырса, мағына (мазмұн) сөздің идеялық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек, сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.
Сөздің екінші жағы болып табылатын сөз мағынасының бірнеше бөліктері бар. Олар: сөздік мағына, тілдік мағына, лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері, лексикалық мағынаның ұсақ бөлшектері. Менің қарастырайын деп отырғаным лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері. Соның ішінде денотаттық және сигнификаттық мағына.
Зерттеушілердің қай-қайсы да сөздің семантикалық мағынасының өте күрделі екендігін мойындайды. Себебі, оны қалыптастыруға қисапсыз сыртқы факторлар мен ішкі факторлар қатысады. Олардың барлығының сыр-сипатын ашып, орын-орнына қою оңай шаруа емес. Бұл ретте лексикалық мағынаны құрамдас бөліктерге айырып-ажыратудың әдістемелік жағынан маңызы зор.
Мағына, бей-берекет, шым-шытырық жатқан әлем емес, бір жүйеге түсіп, бір тәртіпке бағынған, өзара тығыз байланысқан құрылымдық бөліктердің жиынтығы. Ал ол қандай бөліктер? Жоғарыда атап өткендей денотаттық және сигнификаттық мағыналар. Енді осылардың әрбіреуіне жеке тоқталып, кеңірек түсіндіріп шығайық.
Денотаттық мағына. Сөздің жеке адамдарға тәуелді болмайтын, белгілі бір қоғам мүшелеріне , сол тілде сөйлейтін адамдарға жаппай түсінікті мағынасы болады. Ол мағына өзімізді қоршпған дүниедегі заттарды, заттардың қарым-қатынасын, табиғат-құбылыстарын, іс-әрекеттерді, тағы басқаларды бейнелейді де, сөз мағынасының негізгі ядросын жасайды.
«Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын тіл білімінде деноттатық мағына деп атайды» /1,15/.
Денотаттық мағынаға зерттеушілеріміздің берген анықтамаларына тоқталып өтсек.
«Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасы – денотаттық мағына деп аталады » /1,4/.
«Денотат сөздің мағынасы арқылы білдірілетін обьектив дүниедегі заттар мен құбылыстар» /2,95/.
Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде денотаттық мағынаға төмендегідей анықтама берілген.
«Денотат (лат. Denotatum – таңбаланушы) – белгіленетін зат». «Денотат» термині мынандай мағыналарда қолданылады:
1) нақтылы сөз бөлігінің денотаты референтпен пара-пар деп саналады (Ч. Огден, А.Ричардс);
2) белгілі бір тілдік (абстрактылық) бөліктің денотаты – болмыс обьектілер жиынтығын (заттар, қасиеттер, қатынастар, құбылыстар, жағдайлар, процестер, әрекеттер т.б) атайтын тіл бөлігі.
Тіл бірлігінің сигнификаттық мағынасының маңызды қырлары неғұрлым көбірек болса, соғұрлым оның денотаты нақтылы болады. Тілдегі сөздердің арасында «тұрақты» референциясы бар сөздердің («Иллияда» авторы, «Абай жолы» авторы ) бір элементі денотат болады. Сонымен қатар, көп элементті денотаты бар сөздердің референциясы «тұрақсыз» болатынын да ескерген жөн» /3,89/.
Қазақ тілі энциклопедиясында денотатқа төмендегідей анықтама берілген.
«Денотат (лат. Denotatum – белгілеу) – заттың, белгілі бір нәрсенің атауы. Денотат бірнеше мағынада қолданылады:
1) Референт орнына жұмсалады, екінші сөзбен айтқанда, сөйлеушінің түсінік – қабілетіне байланысты тілден тыс беллгілері бойынша атау болып келеді.
2) Денотат – белгілі бір топтағы заттардың, қасиеттердің, қатынастардың, жағдайлардың, процестердің, қимыл-әрекеттердің ұқсастықтарына қарай ортақ атау немесе солардың әрқайсысының атауы.
3) Денотат адамның қызмет бабына, атақ-дәрежесіне т.б қатысты да пайдаланылады » /4,93/.
Ал орыс тілші ғалымдарымыз денотаттық мағынаны референттік мағынамен қатар ала отырып, әрбіреуіне жеке анықтама беріп, ажыратып жазады......
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің даму жайы барша қауымның, елдің барлық топтарының назарында тұрған аса өзекті мәселе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі дәрежесі Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында көрсетіліп, оны меңгеру аталған Заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» болып анықталған. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейту мақсатында елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдеріісі жағдайында қыруар жұмыстар атқарылуда. Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін ескерсек, азаматтардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жүйелі меңгеруі үшін тілді тек қана жүйелі оқытулар мен сол оқытулар нәтижелерін, әділ бағалау жүмыстарын жүргізілуде. әрбір зайырлы елде мемлекеттік тіл деген елдегі барлық азаматтар пайдаланылатын коммуникативтік жүйесінің тілі болып табылады. Демек, Қазақстан халқы үшін маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілін жүйелі меңгеру. Әлемде азаматтардың тілдік коммуникативтік құзыреттілігін нығайту мақсатында тілді меңгерудің әртүрлі мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылып, тіл үйрету, оқыту мәселелері шешімдерін тапқан.
Осы орайда Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде бірқатар қазақ тілін үйрету құралдары, оқу әдістемелік кешендері, оқыту немесе тіл үйрету курстары өз жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі Қазақстан – полиэтникалық көптілді, мультитәдениетті мемлекет.
Қазіргі Қазақстанда этнотілдік ландшафт 2 жақты болып келеді: біріншіден, мемлекет көптілділікпен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ тілі мен орыс тілі жетекшілік орын алып отыр.
Қазақ және орыс тілдері – дүние жүзінің 4% сойлей алатын тілдерге жатады. Сонымен қатар, елімізде екінші тілі орыс тілі билингвтер саны күннен күнге ұлғаюда.
Қазіргі таңда қазақ тілін басқа ұлттарға үйрету лингвистика ғылымының мойнына жүктелген. Лингвистика бұл мәселеге байланысты көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінде қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдап жүрген халықтардың көп пайызын орыстар құрайды.
Лингвистика бір индивидтің немесе одан да көп тілдерде сөйлеуін психологиялық құбылыс тұрғысынан зерттейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Жүсіп Қыдыров лирикасының тақырыптық ерекшелігі

Кіріспе
Әр дәуірдің өз ақыны болады. Ал, әр дәуір өз ақынын туғызады десек, біз сөз еткелі отырған ғаламат ақын Жүсіп Қыдыров шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді; көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, асқақтаған өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені қарсы алдыңа жайып салады.
Иә, сонау 1960 – жылдары ұланғайыр қазақ поэзиясына еркіндей кірген бір топ дарынды ақындардың ішінде ақын Жүсіп Қыдыров та өзіне тән қолтаңбасымен, форма жағынан өзінше ізденісімен, көркемдеуші құралдардың жаңа да, тың бір түрлерін тапсам деген талпынысымен көзге түскен еді. Оның небәрі қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырында поэзия әлеміне жасаған қарымды қадамы өте сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Яғни поэзия - өмірдің сән берер әрі, сөл берер нәрі. Абай сөзімен айтсақ:
! Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.»
Міне, осы өнерді өрге сүйреп, уақыт өзгерісін сергектікпен қабылдап, ақын деген ардақты атты қадір тұтқан көрнекті өкілдерінің бірі де, ақын Жүсіп Қыдыров еді.
Демек, парасатты ақынның артына қалдырған мұралары қазақ әдебиетінің үлкен бір тарихы, ол әлі жан-жақты зерттеуді керек ететін аса ірі рухани байлық. Жүсіп өзі өлгенмен, ақынның артына қалдырған отты жырлары өлген жоқ, өлуге тиісті де емес. Данышпан ақын Абайдың сөзімен айтсақ:
! Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»
Иә, бұл нағыз шындық!
Ерсіз елдің өсіп-өнуі жоқ дегендей, халқының аяулысы, поэзия заңғарындағы жарық жұлдыз, ақын Жүсіп Қыдыров сүйікті халқын қандай да қиын-қыстау заманда өзінің сан қырлы шығармаларымен сүйсіндіре білді. Бірақ, Жүсіп жырларының сырлы құпиясы өз кезінде талай тағдырлы сын мен мінді, бағалау мен даттауды бастан кешірді. Алайда, ақын ешбір тайсалмады, берілмеді, ол қазақтың бай сөз өнерін өз бойына толық сіңіре қабылдай отырып, қажырлы ізденісті еңбегінің арқасында поэзияда қалыптасып орныққан өлшем - өрнекті керекті жерінде қырлап - өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан асқан шеберлік қырын таныта алды. Осы негізде жаңа өлшем, тың тақырып, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, формалық, көркемдік бояу, әуезділік байлығын молықтыра түсті.
Демек, біздің қарастыратынымыз, Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігі болмақ.
Сөз жоқ, Жүсіп Қыдыров шығармашылық қырлары сан алуан дарын. Ол – драматург, ол – зерттеуші, ол – аудармашы. Десе де Жүсіп талантының басты белгісі – ақындығы болып есептелсе керек. Алайда бір өкініштісі, Жүсіп Қыдыровтың лирикасы, шығармашылығы туралы бұрын да, тіпті бүгінде де зерттеу еңбектер жазылған жоқ, ал мақалалар жазылмады деп айта алмаймыз. Оның поэзиясы туралы: М. Қаратаев, Ә. Кекілбаев, Д. Досжан, Қ. Ергөбек, Қ. Мырзалиев, Б. Алдамжаров, Ф. Сахиев, Б. Айнабеков сынды әдебиеттанушы ғалымдар мен жазушы-сыншылар өз пікірлерін білдірген еді.
Жүсіп қаламының қуаты, құдіреті – желмен жарысып жаңалық ашуында емес, топырақпен табысып, дәстүр тілін дамытуында, қазақтың қара өлеңінің кем - кетігін түгендесіп, келісім кестесінде өзінің қасиетті қолтаңбасын қалдыруында, бүтін ғұмырын қазақ өлеңінің ұлттық үні мен сырын естіртуге бағыштауында, қатардағы қарабайыр құбылыстан шырайлы шындық туғызуында, сөйтіп қазақ халқының көркемдік тұлғасын біртұтас көркемдік жүйе арқылы бейнелеуінде. Сөзінде кездесетін әдемі әуез, сыршыл ырғақ кейде жүректі тебірентіп, кейде мұңға батырып, алыс арманға құлаш ұрғызады, кейде мына әлемнен басқа әлемді ұғындыратын, тылсым дүниенің қаттылығы мен тәттілігіне тәнті етеді, көркем ойды сұлу суретпен өзіне тән айшықпен өрнектей отырып, сөз құдіреті арқылы құлаққа жылы үн, көңілге әдемі әсер қалдырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Сел

Сұрапыл сел сарқырама сияқты
Сай саламен сарылдаған су ақты.
Самырсынды сіріңкеңіз секілді
Сырт сындырып, сереңдетіп сұлатты.
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері

Кіріспе
Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады.
Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады.
Зерттеудің өзектілігі.
Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару. Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық:
1. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері,
2. З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі,
3. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы,
4. З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
-Абайтану ғылымының өркендеп дамуындағы еңбектерді топтастырып бір жүйеге түсіру;
-Егемендік алғанға дейінгі және егемендік алғаннан кейінгі Абайтану ғылымының өзара байланыстығының негізгі арналарын анықтап көрсету.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Зерттеу барысында сипаттама, жүйелеу, түсіндіру сияқты әдіс - тәсілдер пайдаланылды.

І-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ З. АХМЕТОВ

1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып, жан-жақты дамуындағы негізгі кезеңдердің бірі-кеңес дәуірі екендігі анық. Сол кезеңдегі билік басында отырғандар зерттеушілердің назарын осы дәуірдегі әдебиеттің жандануына бұрып, солардың негізінде кеңестік заманның артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады. Шындығында да жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет жанрларының тууы мен баюында, әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында, ақын-жазушылар қатарының өсуі мен әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне келелі зерттеулер жасалды.
Кеңестік дәуірдегі әдебиет дамуын ғылыми қорытындылауға арналған тұңғыш еңбек -«Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» 1949 жылы жарық көрген еді. Кезінде ол сол дәуірдің идеологиялық талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналды. Одан кейінгі талап -осы аттас кітаптың жаңадан жасалған нұсқасы (1958). Очерк сол жылы орыс тіліндс басылды. Мәскеуде 1960 жылы жарияланды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы толық зерттеу кейін «Қазақ әдебиетінің тарихының» үшінші томы (бірінші, екінші кітаптар) күйінде жарық көрді (1967)[1].
1954 жылы қыркүйекте Қазақстан Жазушылары өздерінің үшінші съезін өткізді. Онда 1939-1954 жылдар аралығындағы әдебиеттің тәжірибесі, көркемдік табысы мен кемшіліктері талқыланды. Съезден кейін 1955 жылдың қаңтарында бастап соғыс кезінде тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» газеті қайтадан шыға бастады. Қазақ әдебиеті дамуының кейінгі жағдайларына бұл съез де, одан кейін (1954 желтоқсан) өткен. Одақ жазушыларының екінші съезі де пайдалы ықпал жасады. Оларда өмірді тереңірек зерттеу, көркемдікке жету әдебиеттегі түр мен стиль мәселелеріне бірсыпыра көңіл бөлінді.
Отызыншы жылдардан бастап қазақ әдебиетінің қарқынды басталысы бұл кезде бірсыпыра идеялық-көркемдік мектебінен өткен еді. Әдебиеттің тұтқасын ұстаған аға таланттар ұрпағы қалыптасты. Осылардың творчестволық ізденісі арқасында қырқыншы жылдардың екінші жартысында-ақ ұлттық әдебиетіміз үлкен-үлкен шығармалар туғызды.
Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұны және оның қайнар көзін ашуда «Қазақ солдаты» романының орны үлкен. Онда жаңа заман батырының тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген.
Осыларға жалғас қазақ әдебиетінде жаңа романдар легі дүниеге келді. Ә.Нүрпейісовтің «Күрляндия» (кейін «Күткен күн» болып өзгерілген - 1950) романы бұрын өдебиетте көрінбеген жас жазушының эпиктік талантын мойындатты. Оның кең тынысты романы өмір шындығын қамтуы мен шеберлігі жағынан ұнамды бағаланды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Есімдіктердің тіркесу қабілеті

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады.
Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады:
1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет.
2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті.
3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды.
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.
Қостілділік микроәлеуметтік қауымдастық сыртында, қоғамда бүтіндей әлеуметтік сұранысқа сай дамып, мемлекет, қоғам тарапынан саналы түрде реттелінеді және микроәлеуметтік қауымдастық өзінің параметрлерімен қөрініс табады.
Зерттеу мақсаты: Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формасын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы тілдердің қызметіне әсер етуші жаңа тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қостілді жастар микроәлеуметтік қауымдастығындағы ерекшеліктерін сипаттау.
Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығындағы полтипологиялық қостілділікті (табиғи және жасанды, аралас және таза, алмастырушы және қосымша, функционалды және т.б) саралау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығында қазақ және орыс әдеби тіл деңгейінде диглоссияны зерттеу, осы ретте бұл құбылыстың сипатты белгілерін анықтау.
Бітіру жұмысының нысаны: Қазақстандағы жаңа тілдік жағдайдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.

Зерттеу әдістері: империкалық (бақылау, сауалнама, сұрақтар арқылы нысан туралы мағлұмат жинау) талдау, жалпылау, моделдеу.
Бітіру жұмысының нәтижелері: микроәлеуметтік жастар қауымдастығының сипаты және қостілді қауымдастық ретінде қалыптасуы сараланды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0