Тақпақ: Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Туған күн

Таңым болды арайлы міне бүгін
Шаттық пен қуанышқа толды күнім
Қуанышты кезім ғой бүгін менің
Өйткені бұл күн менің туған күнім.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Алғаш қалам ұстатып,

Білім құйған көңілге

Әріп сырын ұқтырып

Қақтырып қанат өмірге.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ғаламтор

Ғаламтор деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған,
Күн-түн демей қажетке
Жаратады бар адам.

Адамдардың сан алуан
Көп болса да сұрағы
Миллиондаған жауабы
Лезде дайын тұрады....
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Бақыт деген


Бақыт деген...
Бақыттың нақты теориясы жоқ. Болғанда емес, болмайды да! Себебі бақытты әркім өзінше бағалайды. Біреулерге бақыт - денсаулық, біреулерге - мансап, біреулерге - ақша, біреулерге - отбасы. Ал кейбіреулер үшін өмірдің өзі бақыт. Әйтеуір әркімнің өз түсінігі бар.
Менің ойымша мансап, ақша, материялдық байлық ешқашан бақыт бола алмайды. Мүмкін біреулер үшін бақыт шығар. Бірақ бұл тәннің қалауы. Ал шын бақыт жанның қалауын қанағаттандырса керек!
Бақыттың бағасы байлықпен өлшенбесе екен! Себебі ақшаның артынан қуып адасқандар қаншама. Яғни ақша бақытқа бастар жол емес, керісінше қайғыға әкеп соқтыратын қара жол!
Біздің жанымыз мейірімділік пен махаббатты қалайды. Ал біз мейірімділік пен махаббатты ата - анамыздың сүйіспеншілігімен отбасымыздағы жылулық арқылы сезінеміз. Демек, шын бақыт ол біздің ата - анамыз, отбасымыз.
Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт!
Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз.
Айта берсек бақытқа барлығын сыйдыруға болады. Бірақ бір сөйлеммен қорытындыласам бақыт Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай бақытсыз - ақ бақытты боп жүргеніміз!!!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Әже

Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Тәуелсіздік - тұғырым

Азат күн туды қырандай еркін самғаған,
Асыл арманы ақиғат күнмен жалғаған
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Тәуелсіздік - таңы

Тәуелсіздік - аппақ таңым арайлы,
Атсын әркез күнің нұры шырайлы.
Ата-баба араманымсың аңсаған
Қолы жеткен бақ жұлдызы арайлы.

Ата-баба арманы едің аңсаған,
Қол жеткіздік міне бүгін біз саған.
25 жыл айтулы сән дәл қазір,
Бар халықтың жанарында ойнаған.
Тақпақтар
Толық
0 0