Мәңгілік Ел болуға Қазақ елінің Ерлігі береке мен бірлігінде, ұлтаралық татулығында, дана басшылығында болады. Елбасы бастады, халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қостады, осының арқасында ұлттық тәуелсіздікке, қазіргі өркенге қол жеткізді. БІздер үшін Тәуелсіздігіміздің құндылығына жететін еш нәрсе жоқ. Өйткені тәуелсіздіктен айырылсақ басқасының бәрінен айырылып орны толмас өкініште қаламыз. Мәңгілік Ел туралы өлең жолдары:
Бабалар көз талдыра көптен күткен, Далама жандандыра келді көктем. Мәуелі Бәйтеректің басын шалып, Күн күлді нұрын шашып көкжиектен....
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды......