Отырар қаласының ортасында орналасқан әдемі сарайдың кең, салтанаты жарасқан қонақ күтетін бөлмесіндегі биік те үлкен үстелдегі қазақи мол дастарханның төрінде ел арасында Қоңыр атты қолбасшы аталып кеткен Отырар қаласының әскербасы Махмұт отыр. Дастарханды айнала қолбасшының көп балалы отбасының барша мүшелері жайғасқан. Махмұтқа қарама-қарсы жақта Махмұттың келіншегі Ботагөз ағаш тегенедегі сары қымызды ағаш ожаумен жайлап сапырып отыр. Әкесінің оң жағында ұлдардың ең үлкені Әбунасыр, сол жағында қыздардың ең үлкені Айсұлу орналасқан. Махмұттың Әбунасырдан кейінгі.....
Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан ініміз бен келініміздің өмір жолға бірге қадам басқан тойларының да, міне, бүгін өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі берер шамшырағы жағылған сәт. Алты ата Әлімнен өрбіген Асанның Баймырзасынан тарайтын осы үйдегі ағамыз бен жеңгеміздің, он екі ата Байұлының Жаппас атты іргелі бір елінен өрбіген құдаларымыздың көзінің қарашығындай қос перзенті бүгін бас қосты. Осынау Той иелеріне қуаныштарыңыз құтты болсын дей отырып, бүгінгі тойдың себепкері болып отырған екі жас – ендігі отағасы атанар ініміз бен Баймырзадай іргелі елге келін болып түсіп отырған келінімізге бүгінгі көтерген Ақ отауларың құтты болсын дейміз! Бүгінгі өздеріңе тапсырылғалы отырған .....
Жарыс алдында салмағын есептейтін кезде спортшылар бір күн ішінде артық салмақтан арылып үлгеруге тырысады. Осы секілді бойжеткендер де бір күн ішінде арықтағысы келетін кездер болады. Киетін киімінің сыймай қалуы себеп болуы мүмкін. Кезекті материалымызды 1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылу тәсілдеріне арнауды жөн көрдік.
1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылуға болады. Ең тиімді тәсіл деп «ашығуды» айтамыз. Адам баласының ағзасы бір күн аштыққа шыдай алатындай құрылған. Тіпті бір апта сусыз, екі ай тамақсыз өмір сүре алады екен. Егер сусыз жүре алмаймын деп ойласаңыз, тек тағамдардан бас тартуыңызға болады ......