Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".
Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.
Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.
Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз. .....
Киім өлшемдерін сатушылар мен сәннен хабары барлар болмаса, кей адамдар түсіне бермейді. Киімдердің өлшемі санмен белгіленіп жазылса, кейбірінде, латын әріптерімен жазылады. Латын әріптерімен жазылған киім өлшемдерін біле жүріңіздер:
✅ 1. Әр елден әкелінген импортты киімдер белгілердің өлшемі: L-КЕҢ, М-ҚАЛЫПТЫ, S-КІШІ дегенді білдіреді.......
Орта мектепте оқытылып жүрген оқу пәндерін талдағанда, олардың әр тектес екені байқалады. Оқу пәндердінің бір тобы – білім негіздері деп аталатын пәндер. Бұлар – химия, физика, биология т.б. пәндерді мектепте оқытудың негізгі міндеті – оқушыларға ғылымдардың әр саласынан білім беру. Оларды оқытуда практика, іскерлік, дағдылар білімге қарағанда бағынышты қызмет атқарады. Екінші топқа эстетикалық пәндер жатады (музыка, бейнелеу өнері, әдебиет). Бұл пәндер оқушыларды көркемөнер әлемімен таныстырады. Олар ең алдымен тәрбиелік қызмет атқарады. Еңбек, денешынықтыру сияқты пәндер белгілі бір іс-әрекетке үйретеді. Олардың міндет – жеке адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және дене еңбегіне байланысты нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Орта мектепке оқытылып жүрген пәндердің ішінде «ана тілі», «орыс тілі» және «шет тілі» пәндері ерекше бір топ құрады. Бұл пәндердің міндеті – коммуникация жүйесін қалыптастырып, тілдің қатынас құралдарын меңгерту. Тіл пәндерінің жоғарыда аталған алғашқы екі топтан ерекшелігі: мұнда тіл туралы білім өздігімен маңызды емес, жаңа хабарламаның, басқа салада жаңа білім алуда қамтамасыз ететін іскерліктер мен дағдылардың маңызды зор. Үшінші топ пәндерінен тіл пәндерінің негізгі айырмашылығы сол, онда қалыптастырылатын сөз іскерліктері мен дағдылары дене еңбегіне емес, ой еңбегіне тән іскерліктер мен дағдылар. Әсіресе, орта мектептерде шетел тілдері ішінде араб тілінің орны ерекше. Бұл тілдің «ана тілі» мен «орыс тілі» пәндеріне көптеген ұқсастықтары бола тұрса да, өзіндік біршама ерекшеліктері де бар. оның ана....
Кіріспе Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз. Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау, сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып талдау болып табылады. Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік. Тақырыптың өзектілігі: Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиеті арасындағы өзара байланыс-қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи және теориялық жағынан барлық қыры толық күйінде, жан-жақты зерттеле қоймаған аса күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Ал, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу-ұлттық сөз өнерінің эстетикалық қуатын, философиялық мән-мағынасын әрбір әдеби жәдігерліктердің өмірге келу себептерін айқындап алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімізде орын алып отырған қыруар өзгерістердің өзі ежелгі көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын ғылыми негізде айқындап алуды қажет етіп отыр.Рас, соңғы жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуге арналған бірқатар қуынды еңбектер өмірге келді.Алайда, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін, сан қилы мәселелерін, жанрларын тағы басқаларын зерттеуге арналған мұндай ғылыми еңбектер өзара жалғаспай, бірін-бірі толықтырмай, сол арқылы ежелгі дәуір әдебиеті тарихының тұтас ғылыми картинасын жасамай, әрқайсысы жеке-жеке күйінде қалып отыр. Көне жазба әдебиеттің ауыз әдебиетіне, ауыз әдебиетінің көне жазба әдебиетіне өзара әсер ықпалын, байланысын қарастыру әдебиет тарихындағы елеулі мәселелердің бірі.Осы құбылыстың табиғатын тану, қыры мен сырын түсіну қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қалыптасу, даму динамикасын қадағалау әдебиет тарихының үлесіне тиеді. Бұлардың өзара сабақтастығын, байланысын анықтау- осы ғылым саласының басты проблемаларының бірі. Осыған орай ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен түркі-оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз әдебиетінің элементерін, уыз әдебиеті үлгілерін тауып талдауды алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридың «Диуани-лұғат-ат түрік » еңбегіндегі үлгілердің және Әлидің «Қисса Жүсіп »,Рабғузидің «Қисса-ул әнбия» сияқты туындыларының ауыз әдебиетіне әсер- ықпалын ашуды да мақсат деп алдық. Осы аталған мақсаттардан төменгідей міндеттер келіп саяды: -Сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп, сол әдеби мұралардың қазақ халқының өздерінің төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ашып көрсету. -Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары,рауаяттары халық арасына ауызша тарап кеткен.Міне осы шығыстық қисса-дастандардың қазіргі ауыз әдебиетіндегі варианттарын танып білу.....
Тілдің өсу, даму, жетілуімен, жалпы жазу мәдениетінің жетілуімен тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелері де бірте-бірте өңделіп, жетіліп отырады. Қандай тілдің болмасын орфографиясын түзеуде негізгі екі принцип болады: а) морфологиялық принцип; ә) фонетикалық принцип. 1940 жылға дейін қазақ тілінің орфографиялық ережелері фонетикалық принципке сүйеніп құрылды, яғни қазақ тіліндегі сөздер қалай естілсе, сол күйінде жазылатын болды. Қазақ тіліндегі сөздер үндестік заңы бойынша бірыңғай не жуан, не жіңішке түрде айтылады, жазылады. Осы үндестік заңына сай фонетикалық принцип бірден-бір дұрыс принцип болып көрінгенмен жеке сөздерді жазуда бірыңғай сауатты жазуды қиындатты. Өйткені қазақтың байырғы сөздерінің өзін әркім әр түрлі айтады да, әр түрлі жазатын болды. Әсіресе орыс тілінен енген термин сөздерді жазу үшін фонетикалық принцип қолайсыз болды. Мысалы: совет, деген сөз собет, сәбет күйінде, институт деген сөз инстөт, үнстөт, енситөт күйінде, газет – газит, кәзит, казет т.б. күйінде жазылып келді.
1940 жылы қазақ тілінің жазу ережелеріндегі фонетикалық принциптің кемшіліктері ескеріліп, тіліміздегі сөздер морфологиялық-фонетикалық принципке негізделіп жазылатын жаңа орфографиялық ереже қабылданды. Морфологиялық принцип деп тілдегі сөздер айтылуынша, естілуінше құбылып жазылмай, әрбір сөздің бастапқы түбір тұлғасы мен қосымшалардың тұлғасын сақтап жазуды айтады. Мысалы: басшы (башшы емес), қашса (қашша емес), түнгі (түңгі емес), айта алмай (айталмай емес), келе алмай (келалмай емес), Аманкелді (Амангелді емес), шекара (шегара емес), ақ ешкі (ағ ешкі емес), кім келді (кім гелді емес) т.б.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың біразы орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы айтса, елбасының латын графикасына көшу туралы жарлығы да сәтті болмақ.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың көбісі орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы мақалалар көптеп жарық көруде. Түбінде жаңа әліпбиге көшетініміз кәміл. Себебі бұл елбасының тапсырмасы. Оған дейін қазіргі әліпбиіміздің бірсыпыра жерлерін жөнге келтіру керек болады. Біз осы тақырыпта кейбір дауысты дыбыстардың қолданылуы жайында сөз қозғамақпыз. .....
Әр сабағы болып өтіп тағылым, Әр шәкірттің оятатын танымын. Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы, Санасында жүре берер әлі күн, Ұстаз деген – мәртебелі бір есім.
Өмірінің мағыналы шақтары Мектеп болып, содан бақты тапқаны. Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі, Ұстаз деген – сол ұжымның мақтаны.
(Ұстаздық қызметтен құрметті демалысына шығып жатқан ұстазға кейінгі буын әріптесінің құттықтау сөзі)