Қан қысымы жас талғамайды: жасты да, кәріні де жоғарғы өлшеммен құлатуы мүмкін. Оның алдын алып, сақтану үшін арнайы тәртіп ұстанып, дұрыс тамақтану керек. Бұдан басқа да кез келген адам ұстануы тиіс қағидалар бар.
1. Артық салмақтан арылу
Дәрігерлер қан қысымын артық салмақтан болуы мүмкін дейді. Мұндай жағдайда диета ұстау керек. Құрамында глутамин қышқылы бар көкөністерді, мысалы, сәбіз, қызылша, жүгері, қызанақ секілді көкөністерді жеу керек.......
Қыз бала туылғанда ренжу, әсіресе анасын айыптау – үлкен қателік. Құран кәрімде «Аллаһ қалағанына қыз, қалағанына ұл бала береді. Біреулерге әрі ұл, әрі қыз бала береді, ал қалағанын тумайтын қылады. Барлық нәрсені хаққымен білетін және бүкіл нәрсеге күші жететін тек қана Аллаһ» делінген. (Шура 49, 50)
Сүйікті пайғамбарымыз «Қыз балаларды қор қылмаңдар» деген. Қор қылу, дінді білмеуден туындайды. Қайырлы перзент сұрау керек. Қайырлы болмайтын болса, қыз немесе ұл болуының қандай айырмашылығы бар?......
Бұл бір уылжыған жап-жас келіншек еді. Ерге шыққан, алты айлық бөпесі бар дегенге білмеген кісі сене бермейтін. Өйткені, тым ұялшақ еді. Және жат адамнан жалтақтап қашып жүретін әдеті бар-ды. Көршілер оны «Үркек Мәриям» деп атайтын.
Бұлар бір отбасында үш-ақ адам болатын: күйеуі, өзі және жаңа отыра бастаған ұлы -Талғат. Ері Әнуар - мұнайшы, қызмет бабымен жүріп, ол көбіне үйге кеш оралады. Мұндай беймезгіл шақтарда Мәриям елегізіп үйде отыра алмайды.
Сен жоқта біз қорқамыз, - дейтін ол кейде күйеуіне. - Әсіресе, Талғат ұйықтап жатқанда қорқамын.
Сонда сен Талғат құрлы болмағаның ғой, - деп күлетін Әнуар.
Ол жігіт қой.
...Жаз айы. Тас төбеден шақырая төнген күн сәулесі күйдіріп барады. Жексенбі күні болатын. Қаладан батысқа қарай бет алған көгілдір «Москвич» теңіз жағалауының оқшаулау бір жеріне келіп тоқтады. .....
«Аораи» атты желкеме қаңқиып зор көрінгенімен қалай бұрса, солай жалтарып, самал желдің екпінімен зырлап келеді. Кеменің капитаны алда көрінген аралға таяна келе соқпа толқындардың жиегіне жетпей салдауыр тастады. Бұл — Хикуэру атолы, су ортасына сақинадай дөп-дөңгелек болып иірілген құм, маржанның үгіндісі, диаметрі жүз ярд, айналасы жиырма миль, биіктігі мұхит суының толқығанда көтерілетін деңгейінен төрт-бес фунттай ғана жоғары. Оның ортасындағы айнадай жарқыраған, суы тұп-тұнық үлкен қойнаудың түбінде меруерт қабыршағы өте көп. Міне қазір де меруерт іздеушілердің суға сүңгіп, жағаға кері жүзіп шығып жатқаны желкеменің палубасынан көрініп тұр. Бірақ атолға өзге түгіл сауда кемесі де кіре алмайды. Оған тек кішкене ескекті катерлер жел оңынан тұрса ғана. ирелеңдеген тар бұғазбен ептеп жүзіп өтеді, ал желкемелер рейдіге тоқтап, жағаға қайық жібереді......
Таңатар шешесінің зейнетақысымен күн көреді. Кейде бұл зейнетақы да оны-мұныға жете бермейді.
Бүгін Таңатар аулада зерігіп отыр еді, шуласып ойнап жатқан балаларға көзі түсе кетті. Сонан соң балаларды жанына шақырып алып:
- Жарысасыңдар ма? - деді.
Балалардың көзі жайнап кетті:
- Жарыстырасыз ба?!
- Ол үшін үйлеріңнен кәмпит алып келу керек, - деді Таңатар.
Кейбір балалар "мамам ұрысады" деп, барғысы келмеп еді, Таңатар оларға:
- Онда жарысқа қатысу құқығынан айырылдыңдар, - деді.
Біраз балалар үйлеріне қарай шапқыласып кетіп, уысын толтырып кәмпит алып шықты да, Таңатардың күректей алақанына салды. Таңатар алақанындағы кәмпиттерді жанында жатқан жұқа тақтайшаның үстіне үйіп қойды. Сонан соң балаларға қарап:
- Әнеееу талды көріп тұрсыңдар ма?! - деді. - Мен үшке дейін санағанда, жүгіріп кетесіңдер де, сол талды айналып жүгіріп келесіңдер. .....
Мұғалім! Осы сөзді айтқанда, естігенде жүрегіңе жылулық сезімі ұялайды. Иә, мұғалім – мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамадықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін де осы ұстаздық мамандығы.
«Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақылы, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп , ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деп Бауыржан Момышұлы айтқан екен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», десе, Жамбыл Сүйінбайды, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп шексіз құрметеп өткен. Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық білім балаға жазу-сызуды, оқуды үйретсе, бүгінгі мұғалім оқушыларына ғылым негізінен мәлімет беріп қана қоймайды, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Бұл нағыз – ұстаздың ғана қолынан келеді. .....
Іс жүргізуде ұйымдастыру кәсіпорындағы іс қағаздарды жүргізу және оларды басқару жұмыстарының жиынтығымен сипатталады. Құжат дегеніміз кез келген кәсіпорындағы заңды немесе заңсыз тұлғамен толтырылған, арнайы басылып шыққан іс қағаздарына жазылған ақпараттар. Құжат жазбамен бірге туындады, алғашқыда мүліктік қарым-қатнас құралы ретінде кейіннен жазбаның дамуына байланысты, араласу құралы және ақпарат тарату арқылы қолданылды. Құжат адам ақыл ойының ең қажетті қоймасы болып саналады. Бұрыннан бері бізге әр түрлі жетті. Соның көмегімен, сол бұрынғы кездегі атомымыздың тарихын, тұрмыс ерекшелігін және әр түрлі қарым-қатынастарын біле аламыз. Іс құжаттарын толтыру мемлекеттік стандартттарға сай орындалу, реквизиттердің дұрыс орналасуы болып табылады. Толтырылған әрбір құжаттың өзіне тән реквизиттері болады. Іс қағаздары басқару қызматіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет ету барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіруді, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты . Іс қағаздарын жүргізү – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Іс қғаздарын жүргізу – мекеме жұмыстарының нақты құжаттармен, деректер мен реттелеген, дәйектелген жүйесі. XXI ғасырда тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірде үлкен өзгерістер болып жатыр. Солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны – қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қоғамдық қатнастардың барлық саласында жүзеге асыру. Қазқастан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезінде негізгі төрт бағытта іс шаралар жүргізеді. Соның бірі – ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезкң- кезең мен көшірудің нақты негізін жасау. Қалай десек те, республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізүге бет бұрды. Бұл үкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы – орыс тіліндегі нұқаларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіп орындарды мемлекеттік тілде іш жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда, құжат айналымын іске асыру – бүгінгі таңда өткір тұрғын мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы саладағы істі жандандыру керек, ал бұл мемлекеттік деңгейде енді - енді қолға алынып жатқан шара. Қазақстан республикасындағы халықтар мәдиниетінің өзара әсері ең алдымен олардың тілдерінің бір – бірімен қарым қатынасы негізделеді. Біздің мемлекетіміздің саясаты еліміздегі барлық тілдердің гүлденіп өркендеуіне, өмірдің барлық саласында қолданылуына лайықталған бағыт ұстап отыр. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасындағы «тіл туралы» заң қабылданып, 1998 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Призиденттің жарлығымен оны жүзеге асыруды мемлекеттік бағдарламасы ....
Бұл мақаланы жазған кезде ішімде түрлі эмоциялардың арпалысы болды десем өтірік айтпағаным болар. Себебі, мектепте өткен уақыттарыңды, түрлі қызықтарға толы сәттерді жазу оңай емес. Алайда, өзімнің мектепке деген сағынышымды тек қағаз бетіне түсіру арқылы ғана баса аламын.
Мектеп... Бір сөздің өзі қаншама қуанышты сәттерге толы десеңізші! Ойын қуып жүріп, 11 жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа көз салсам осы жылдардың бейнесінен балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Алғаш қолыма гүл шоқтарын алып, мектеп табалдырығын аттағаным, маған күлімсіреп қараған ұстазымның ақжарқын келбеті әлі де есімде. Басында барлық затқа таңырқаумен басталған мектеп өмірі кейіннен жаныңа жақын дос табумен ұштасты.
Әрине, алғашқы әріп тануың, алғашқы алған бестік бағаларың, мектеп туралы, оның не екенін, мағынасын түсінген уақыттар – мұның бәрі де адамның жадынан өшірілмейтін естеліктер. Маған білім беріп, қанатымның кеңістікте жайылуына мүмкіндік берген алғашқы мектебіме алғысым шексіз!!!