Әңгіме: Тіл елдіктің туы

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.

«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзінде түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес. Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Шымшымалар Жаңа


Алжасты!

Ала құйын албасты,

Той думаннан қалмас-ты.

Ішіп алып анаған,

Қызып қалып мынаған

Құшағына ашып жармасты.

Болған тұста сәбилі,

Әкесін таппай алжасты.



Мақалдарға терең үңілсек!

Аузы-мұрты.

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.

Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Асқар Сүлейменов шығармашылығы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Әдебиетке XX ғасырдың екінші жартысында келген, "алпысыншы жылғылар" деп аталып жүрген әдеби буын төл әдебиетіміздегі елеулі құбылыс болып табылады. Оны зерттеп саралаудың маңызы зор дер едік. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалып жатыр деуге болады. Оған дәлел ретіңде сол кезеңдегі әдеби процесс мәселелерін зерттеу нысанына айналдырған А.Ісімақова, Ө. Көзбеков, Қ. Әбдезұлы, С. Асылбекұлы т.б. зерттеу жұмыстарын айтып өтуге болады. Асқар Сүлейменов - XX ғасырдың екінші жартысыңдағы әдеби толқынға қатысты тұлға. Бұл толқынға жататын тұлғалар: І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов, М.Мақатаев, Ш.Мұртаза, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбай, М.Мағауин, М.Шаханов сынды суреткерлер. Мұндағы әрбір есімнің әдеби құбылысқа айналғаны - ешкім жоққа шығармас шындық. XX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби кезеңнің төл перзенті болып табылар А.Сүлейменовтің шығармашылығын саралау - осы кезеңдегі әдеби процесті түсініп игеруге жол ашар іргелі қадам.
Осындай қажеттіліктен барып біз, А. Сүлейменов шығармашылығын зерттеу нысанына айналдырдық. Жұмыста негізінен жазушы шығармашылығындағы үш салаға көңіл бөлінеді. Олар: көркем проза, драматургия және сын. Осы үш сала бойынша жазушы шығармашылығының жанрлық ерекшеліктері сараланады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
А.Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты талдау, көркемдік қырларын ашу. Жазушы өз шығармашылығында қандай көркемдік ерекшеліктерге ден қойды. Олардың шығу түп төркінін анықтау – жұмыстың басты мақсат-міндеті.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - жазушы А.Сүлейменов шығармашылығының көркемдік ізденіс қырларын ашып көрсетіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан саралау.
Осы орайдағы зерттеу мақсатынан мынадай міңдеттер шоғыры келіп туындайды:
1. Жазушының шығармашылығына тұтас көркемдік талдау жасау.
2. Суреткер шығармашылығының даму кезеңдерін анықтау.
3. Тақырыптың бұған дейіші зерттелу деңгейін анықтау үшін жазушы шығармашылығы жайлы мәліметтерді жинақтап, саралау.
4. 60 жылдардағы әдеби ағым ауқымында А.Сүлейменов шығармашылығының ерекшелігін айқындай түсу.
5. Жазушы стилінің қалыптасуына әсер еткен әдеби зандылықтарды анықтау.
6. Жазушы Асқар Сүлейменов шығармашылығы көркемдік тұрғыдан тұтас нысанаға айналып отыр.
7. Шығармашылық кезеңдерге шолу, «Адасқақ», «Қара шал» әңгімелер циклы, «Шашылып түскен тіркестер», «Эписталярлық хаттары» атты философиялық ой-толғамдары көркемдік идеялық тұрғыдан сараланды.
Зерттеу әдісі:Аталған зерттеу жұмыстары «60-шы жылғылар», 90-шы жылдардағы әдеби процесс секілді әдеби құбылыстар кешенді түрде слыстыру әдісі пайдаланылды.
Ғылыми жаңалығы:Жазушы шығармашылығы жөнінде алпысыншы жылдардың өзінде байсалды пікір қалыптасты. А. Сүлейменов көркемдік танымы туралы түрлі көзқарастар сол жылдарда қалыптаса бастағандығы нақты деректер келтіру арқылы зерттелді.
Құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылган тұжырымдар, жұмыстың теориялық - практикалық маңызы айтылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Тәкаппарланған балқарағай

Кішіпейілдің - абыройы асар,
Тәкаппардың - құты қашар.

Иүгінеки Ахмед

Леонардо Да Винчиден қысқа әрі өнегелі тәмсіл: Бір бақта балқарағай өсіп тұрады. Жылдан жылға ол есейіп, биіктеп, әдемілене түседі. Оның жайқалған ұшар басы басқалардан биігірек тұрғандықтан, ол өзге ағаштарға қалың көлеңкесін түсіріп тұратын болды. Бірақ ол биікке жайылып өскен сайын менмендігі де өсе бастады. Бірде ол бәріне жоғарыдан жек көрушілікпен қарап тұрып, былай деп бұйырады: — Мына бейшара жаңғақ ағашын көз алдымнан құртыңдар! — Осылайша ағаш тамырымен шабылады. — Мына інжір ағашымен көрші болудан төзіп біттім! Өзінің сұрықсыз түрі мені зеріктіреді, — деп бұйырды бірде қыңыр балқарағай, — сөйтіп інжірмен де сол тағдыр қайталанады. Бұтақтарымен кекірейе тербеліп, өзіне разы тәкаппар сұлу мұнымен тоқтамады: — ескі алмұрт пен алма ағаштарынан айналамды тазартыңдар! — Бұл ағаштар да отынға кетеді. Осылайша тынымсыз балқарағай айналасындағы барлық ағашты бірінен кейін бірін шауып тастауды бұйырып, бақтың тек өзі билейтін жалғыз қожайыны болып қалады. Бақтың бұрынғы сұлулығынан тек түптер қалды. Бірақ бірде қатты дауыл тұрады. Дандайсыған балқарағай берік түбірімен жерді мықтап ұстап, оған бар күшімен төтеп беруге тырысады. Ал жел жолында басқа ағаштарды кездестірмегендіктен, жалғыз тұрған сұлу ағашты аяусыз сындырып, қиратып, оны төменге қарай құлатуға тырысып, тап береді. Соңында сілесі қатқан балқарағай қаһарлы соққыларға шыдай алмай, борт сынып, жерге құлайды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Отан


Ол кішкентай еді. Бірақ ойлары тым терең болатын. Үнемі Отан туралы ойлайтын.

Бала Отан деген ұғымды көзіне елестеткісі келді. Ол Отанды жақсы көру керек екенін білетін.

Отан оған өзінің анасы болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірімді жанды жақсы көретін.

Отан оған өзінің әкесі болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірбан жанды жақсы көретін.

Отан оған өзінің туған жері болып елестеді. Ол оның төсінде талай рет асыр салып ойнаған. Сондықтан да ыстық көрінетін.

Отан оған өзінің қасиетті ұясы мектебі болып елестеді. Ол өзінің мектебін жақсы көретін.

Ол осының барлығын да жақсы көрді. Ендеше, Отанын да жақсы көруі керек.

Отан туралы оған ұстазы айтқан еді. Балаға бір уақыт Отан деген ұғым өзінің ұстазы секілді көрінді. Ол оны айрықша құрметтейтін, жақсы көретін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалімнің қулығы

Бір әңгімеде мұғалімнің қулығы жайында айтылады. Онда сыныпқа кіріп сабаққа қатысқан директор сыныптан таңданып шығады. Себебі сынып тым белсенді болып кеткен еді. Анығында бұл сынып мектептегі ең енжар сынып болатын. Ал бүгінгі сабақ үстінде олар жүз пайыз қол көтеруден бір танған жоқ. "Ағай, мен айтайын! Мен айтайын!" Және мұғалім "ал, қане, айтып жібере ғой" деген оқушы орнынан тұрып сұрақтың жауабын айтып жіберіп жатыр. Директорды таңдандырған осы жағдай. Бәрін қойшы, ең алдымен, сынып неғып белсенді болып кеткен? Олар неғып қандай сұрақ қойылса да, бәрі түгел қол көтергіш болып алды? Оларға мұндай білімдарлық қайдан келе қалды? Директор осы сұрақтардың жауабын таба алмай басы қатады. Сөйтсе, гәп мұғалімде екен. Мектеп директорының өзінің сабағына кіргелі тұрғанын 5 минут бұрын ғана білген мұғалім дереу сыныпқа жүгіріп келеді де, былай дейді: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

Кіріспе
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы – мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог – монологтары – эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты нәрсе –оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.
Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.
Жұмыстың тақырыбы лиро-эпос шығармасының поэтикасы болғандықтан кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және поэтикаға шолу жасауды қажет деп таптық.
Лиро-эпос – лиро –эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.
Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық – зар басым болып келеді.
Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден – біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.
Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.
Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет – ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.
Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш - Баян – сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т.б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді қолдайды.
Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В.В Радлов, И.Н.Березин, Г.Н. Потанин т.б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеушілердің еңбегі бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Күләш Ахметованың лирикасы

Кіріспе
Әдебиеттің тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктелетіні әдебиет теориясынан белгілі. Бірі – автордың өз атынан баяндау (лирикалық түр), екіншісі – кейіпкердің толғанысы (лирикалық түр), үшіншісі – кейіпкерге өзара қақтығысып сөйлесу (драмалық түр).Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар.Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки Ахметов «Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді»/1.216/.
Адам жанының тереңдігіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының өзіндік ерекшеліктері, оның өзге жанрлардан айырмашылығы орыс әдебиеттануында кеңінен зерттелеген. Атап айтқанда, Л.Гинзбургтің «О лирике», М.Гринбергтің «Лирическая поэзия», «Три грани лирики». Ал Михайловтың «Лирика сердца и разума», М.Поспеловтың «Лирика среди литературных родов», В.Бузниктің «Лирика и время», Л.Г.Фризманның «Жизнь лирического жанра», Полкиннің «Лирика как искусство стихотворного слова», т.б. еңбектерінде лирика мәселесі кеңінен сөз болса, қазақ әдебиеттануында да осы жанр төңірегінде жазылған көптеген ғылыми кітап, монография, мақалалар да баршылық. А.Байтұрсыновтың «Ақ жолынан» бастап, Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы», Қ.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», Е.Ысмайловтың «Ақындар», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», М.Дүйсеновтың «Қазақ лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім», М.Базарбаевтың «Көрікті ойдан көркем сөз», З.Қабдоловтың «Сөз өнері», С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы», З.Ахметовтың «Өлең сөздің теориясы», Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», т.б. көптеген еңбектерде қазақ поэзиясы, лирикасы жүйелі түрде талданып, зерттелініп келеді.
Қазақ поэзиясындағы сапалық күрт өрлеу, жедел кемелдену, негізінен 60-жылдардан басталады. Поэтикалық даму шексіздігінің әр тұсынан бір толқын көтерген қуатты жарылыстар мен дүмпулер кезеңі боп тұратыны белгілі, 60-шы жылдар феномені де сол тектес бір «қопарылыс» мезеті еді. Оның тарихи себептері саяси, әлеуметтік-психологиялық дәйекті негіздері бар. Бұл өзі социалистік Құрылыс ауқымындағы демократияның сәл де болса кеңейе түскен, И.Эренбург «Жылымық» (оттепель) деп ат қойған кезеңде, жеке адамға, оның жан дүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, сонымен тікелей байланысты құбылыс болатын. Жеке бастың қадірі туралы концепцияның қайта жандануы лириканың да кібіртігін жазып, тұсауын шешті. Лирика кенет шешіліп, өз тілімен сөйлей бастады. Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. Қазақ поэзиясындағы осы жаңа дәуір О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, К.Ахметова т.б. есімдермен тығыз байланысты /2.63/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктемгі қуаныш

Көктем келсе табиғат құлпырады,
Жүректерге ғажайып сыр тұнады.
Гүлге толып айнала күн жарқырап
Жанарларда қуаныш нұр тұрады.
Тақпақтар
Толық
0 0