КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес. Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын. Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады. Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді. Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді. Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады. Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. Қолдаушы сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын, қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу кезегін өзіне алуын, беретін бағасын жеткізуі мүмкін....
Ер адамның әйелімен қарым қатынасында көптеген міндеттері бар: ?1-Әйелімен Пайғамбарымыздай (ﷺ ) мейірімді, жұмсақ болуы тиіс.♡ ?2-Үйге кіргенде әйелімен сәлемдесіп, қал-жағдайын сұрауы керек.♡ ?3-Оның көңілді екенін көріп, әзілдесіп, шашынан сипап, құшақтауы керек.♡ ?4-Ал егер әйелі көңілсіз жүрген болса, себебін сұрап, жақсы көретінін айтуы тиіс.♡......
Əрбір мектеп бітіруші түлектің ойында жауабы бұлыңғыр мыңдаған сұрақ тұрады. "ҰБТ-ға қаншалықты дайынмын?", "Ата-анамның маған артқан үміті ақталар ма екен?", "Болашақта қандай мамандық иесі боламын?", "Оның еліме, өзіме тигізер пайдасы қандай болмақ?" деген сансыз сауалдың менің де ой-санамды шырмағанына аз болған жоқ. Осылай ой жетегінде жүргенде, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласың." Нар тəуекел!" деп, бір мамандықты таңдайсың. Ол ата-анаңның не достарыңның айтқаны емес, өз жүрек қалауың болмақ! Барлық жас түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайды десек, артық айтқан болармыз. Алайда менің жүрегімнің қалауы болашағымның адастырмас қазығына айналарына сенемін.
Бүлдіршін шақта көпшілігіміз ұстаз болуды армандаймыз. Бірінші сыныпқа келген балақандарға əліпби үйретіп, қолына қалам ұстатып, жазуға баулуды бақыт санайсың. Алайда жоғары сыныпқа келген шақта, неге екені белгісіз, ол ойыңнан қайтасың да, мүлдем басқа салада қызмет атқаруды жөн көре бастайсың. Ойланып жүргенде, бұл мəселеге ата-анаң да кірісіп, қолдау көрсетіп, қажет болса, нұсқау да беруге дайын екенін білдіреді. Алайда менің ата-анам мамандық таңдау мүмкіндігін өз еркіме қалдырды. Оған өзім іштей мəз боламын. Еркін болғанға не жетсін!
✅ 1 және 2. Ас қорыту жүйесі - өнделген және денсаулыққа пайдасы кері тағамдарды аз жеңіз. Май үлесі аз тағамдарды көбірек тұтынған жөн.
✅ 3. Бауыр - Ішімдік, майлы тағамдар, сүтті тағамдардан бас тартыныз. Осыған қоса күніге жеңіл жаттығулар жасаңыз. Көбірек ұйықтаныз.
✅ 4 және 5. Бүйректер - көз айналасындағы барлық ақаулар (оған қоса айналасының қарайуы ) бұл бүйректердің қурап бара жатқаның көрсетеді. Көп мөлшерде су ішіңіз.......
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуында сыртқы және ішкі, дәстүрлі және заманауй факторлар өз сабақтастығын тауып жатыр.Сабақтаса отырып дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен еліміз үшін бүгінгі таңдағы басты міндет – келешек ұрпаққа өшкенін қайта жандыртып, ұмытылғанын қайта еске салдыру. Осы айтылған ойды жүзеге асырудың ең алғашқы және басты этапы – қазақ мемлекеттігінің шынайы тарихын жазу болып табылады. Тарихтың небір қырлы да сырлы құпияларын ашу жолдарында сол замандарға қатысты құжаттардың алатын орны өте зор. Әр заманның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құжаттар да өзіндік сипатқа ие болуда. 20 – шы ғасырдың басында дәстүрлі жазба құжаттармен қатар өмірге электронды құжаттар ұғымы келді. Көзбен көріп, құлақпен естіп білетін жаңа сарындағы құжаттар елдің саяси және мәдени өмірінің айнасына айналды. Ғасыр басында өмірге келген құжаттардың шоғырын іздеп тауып, жүйелеп сақтау сол заманда мұрағаттар алдында тұрған басты міндет еді. Көп жылдар бойына осы жұмыс атқарылып келе жатыр. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері төл тарихымызға деген қызығушылығымыз бұрыннан бетер арта түсті. Қоғамның бұл сұранысын қанағаттандыру үшін республика мұрағаттары талмай жұмыс істеу үстінде. Қазіргі заман ақпарат заманы болғандықтан ақпарат, соның ішінде ретроспективті құжаттар ақпарат қоғамның рухани, мәдени дамуындағы басты ресурсқа айналды. Электронды құжаттарды саяси, құқықтық, әлеуметтік және мәдени – ағартушылық салаларда пайдалану оларға деген сұранысты ұлғайта түсті. Дәлірек айтсақ, кешегі мен бүгінгіні байланыстыратын, өткеннен өнеге алуға уағыздайтын құжаттың соның ішінде электронды құжаттардың құны артты. 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңында «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды» делінген. Аталмыш заңның 2 – бабында көрсетілген осы тұжырымдар арқылы біз фото құжаттардың мемлекет, ел үшін маңыздылығы қандай деңгейде екенін көреміз. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту Қазақстан мұрағаттарының басты міндеті болып отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылы қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында аудиовизуалды құжаттарды қайта өңдеу шараларына байланысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы орайда цифрлеу әдісі арқылы ескірген құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар шет елден Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды (Мысалы Мұстафа Шоқай қоры) еліміздегі мұрағаттарға қайтарып алу бүгіндегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. ....
Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар. Олар еңбек ортасында шынығып, Сын сағаттың жауынгері болғандар.
(«Әкелерге арнау» өлеңінен)
1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.
✅ Гүл туралы, оны отырғызу туралы да бұдан бұрын жазылған. Адам өмірі бір орында тұрмайды. Тұрмыс өресі жоғарылайды, бүгінде отбасында гүл өсіру үй шаруасының бір бөлігіне айналған. Үйде өсірілген гүл ауаны тазартып, адамға демалыс сыйлайды. Ендеше, үй ішін ластамайтын әрі гүлді уламайтын, гүл егілген топырақтағы азықтық құрамды арттыратын, гүлдің өсіп-жетілуін жақсартатын, зиянды жәндіктерді жоятын қарапайым әдістерді таныстырамыз.......
Езбе сорпалар ағзамыз үшін өте пайдалы. Олардың қоректік қасиеті жоғары әрі тәбетіңізді ашатындай хош иісті болады.
Брокколи езбе сорпасы
Құрамы: 0,5 кг брокколи, 1 пияз, 1 стақан кілегей (майлылығы 10%), 2 стақан су немесе сорпа, тұз, бұрыш.
Дайындалуы: Пиязды тураңыз. Алдын ала қыздырылған майға пиязды қуырып алыңыз. Тұз салынған қайнаған суға немесе сорпаға броккольді салыңыз. Дайын болғанша қайнатыңыз. Ең соңында сорпаға қуырылған пиязды қосыңыз. Дайын болған қоспаны бір қалыпты құрамға келгенше блендерде езіңіз. Дайын болған езбені қайтадан кәстрөлге салып, үстіне бір стақан кілегей, қалауыңызша тұз, бұрыш қосып, қайнатпай, сәл ғана жылытып алыңыз. Езбе сорпа дайын......
Ағзамызға С дәрумені жетіспейді, РР дәрумені жетіспейді деген сөздерді жиі естиміз. Ал жеткіліксіз дәруменді толықтыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін білеміз бе? Білмесек, оқиық.
А дәрумені – сәбіз, цитрусты өсімдіктер, кілегей майы, сыр, жұмыртқа.
В1 – жаңғақ, сұлы (овес).
В2 – соя бұршағы, брокколи орамжапырағы, жұмыртқа сарысы, сыр.
В5 – бұршақ, күріш, саңырауқұлақ, бауыр, ет өнімдері. ......