Әңгіме: Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі ағылшын тілін оқыту


Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деген болатын.

Осы міндеттерді орындауда Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңартулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтуде. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Сондықтан бұл өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Сол үшін жаңа кезеңдегі озық педагогикалық тәжірбиелерді заман талабына сай қолдану ерекше маңызға ие.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» базасында «Орта білім мазмұнын жаңарту» шеңберінде ағылшын тілі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары өтуде. Курс бойынша облысымыздың әр аймағынан келген 32 мектеп мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Біз ұрыстарда ер жеттік

28-гвардияшы Панфиловшылар өздерінің қанымен өшпес даңққа ие болды. Халқымыз олар туралы өлең-жыр шығарды, аңыз етеді. Олардың есімдері халқымыздың гитлершіл басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысының тарихында мәңгі сақталады. Дивизиямызды құрушы Иван Васильевич Панфиловтың есімі мәңгі өшпейтін жауынгерлік даңққа бөленген. Сондықтан да панфиловшы ерлерді көргенде:

— Сіз расымен Панфилов дивизиясынансыз ба? — деп таңданған адамдарды талай кездестіргенім бар.

— Ия, — дейді панфиловшы. Сол таңдандырған панфиловшы кәдімгі жай адам болып шығады.

Ол керемет батыр емес, асқан алып емес, ол, тіпті, соғыстан бұрын армияда болмаған, тек бір колхозда адал еңбек еткен, фабрикада немесе заводта жұмыс істеген, я болмаса бір мекемеде бухгалтер болып қызмет еткен өзіміздей бір адам болып шығады. Әриие, бұл бейбіт совет азаматы солдат шинелін киіп, қолына винтовка алғаннан кейін де бірден жауынгер бола қойған жоқ.

Осындай әр алуан қарапайым адамдардан Генерал Панфилов 2,5-3 айдың ішінде жауынгерлік құрама жасақтады. Взвод емес немесе рота, полк емес, тұтас бір дивизия құрды. Бұл — Панфиловтың зор еңбегі. Ол 8-гвардия дивизиясының қолын жеңістерге жеткізді.

Панфилов соғыс өнерінің кемеңгері еді. Ол соғыстың өнері мен әдісіне мейлінше жетік, ұрыста батыл, соғыс ғылымында жаңалық тапқыш ақыл-ой иесі еді. Ол ұрыстарда дұшпанның генералдарынан басым түсіп отырды, оларға өз дегенін істей білді, жаудың әскер сапының осал жерлеріне қатты тиіп, оған істің түйіні шешілетін учаскелерде, үзілді-кесілді кезеңдерде қирата соққы бере білді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ананың көңілі

Сақан ауылға дүниеден өтіп кеткен әке-шешесіне құран оқытуға барды. Сақандар бір әке-шешеден екі ағайынды жігіт. Ағасы ауылда тұрады.

Сақан ауылға барғаннан кейін көршісі Толыбай ағаның үйіне кіріп-шықпақ болды. Ондағы бір ойы ауылда ағайындарым аз, ертең өзіңіз келіп, бас-көз болып жүріңіз демек. Толыбай, негізінен, жасы алпыстан асып кеткен, қара жұмыс істеп зейнетке шыққан, балаларының алды үйленген, солардан немере көріп отырған кісі. Мінезі ақ көңілдеу адам.

Сақан Толыбайдың ауласына кіргенде, Толыбай аулада тұр екен. Сақанды көріп елпілдеп қалды. Сақан ауылға не шаруамен келгенін айтқанда, Толыбай басын изеп Сақанды құптап-ақ тұрды. Сақанның ертең үйде болыңыз деген сөзін естігенде "барамын, шырағым, барамын, ішінде боламын" деп Толыбай тағы да елпелектеді. Осы Толыбайдың қартайған шешесі бар еді. Сақан енді Толыбаймен әңгімелесіп болып, Толыбайдың шешесіне де амандасып шықпақ болды.

- .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Өз үйі


- Өз үйіме қайтамын! - деді бала.

Айнала тұрғандар баланың сөзіне жамырай күлісті.

- Әй, өз үйіңде не бар?! - деді күліп осы жерде тұрған үлкен апайлардың бірі балаға. - Не бар өз үйіңде?!

- Өз үйімде атам бар! - деді бала.

- Атаң деген отырған жоқ па мұнда?!

Жаңағы апай сәкінің үстінде отырған баланың нағашы атасын көрсетті.

Бала басын шайқады:

- Жоқ! Ол менің атам емес. Өз үйімде өзімнің атам бар!

Айнала тұрған адамдар баланың сөзіне тағы да дуылдай күлді.

Жиенінің сөзіне сәкінің үстінде отырған кісі де күлді:

- "Жиен ел болмайды" деп осыдан айтылған ғой. Өзімнің де ұлдарым үйленер. Өзімнің де "аталап" жүретін немерелерім болар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бастауыш мектептің ғимараты


"Бұл кекіл алыну керек пе, жоқ па?" Бұл бірінші сыныпқа баратын кезде талас тудырған мәселе осы болды. Бұл алдырмаймын деді. Осыны естіген мұны бірінші сыныпқа қабылдағалы тұрған ұстазы: "Кекілімен-ақ келіп отыра берсін. Бала бастықсын әуелі. Бұл балабақшаға бармаған бала ғой" депті. Ағайының онысы рас еді. Бірде кішкентай күнінде қолжуғышқа бойы жетпейтін болған соң, үлкен орындықты қойып алып, соның үстіне шығып, жуынып жатыр еді, ашық тұрған есіктен есік алдында апасымен сөйлесіп жатқан балабақша қызметкерінің даусын естіді. Балабақша қызметкері мұны балабақшаға барады ма деп сұрап жатыр екен. Апасы: "Шырағым, өзің сұрап көр баладан. Егер барамын десе, барсын", - деді. Жанына келген тәтей: "Балабақшаға барасың ба?" деп сұрап еді, бұл "Жоқ" деп басын шайқады. Балабақша тақырыбы осымен жабылған.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие бола алғандығының жарқын көрсеткіші. Ендігі міндет осы Тәуелсіздікті сақтап қалуға байланысты қойылады. Оның бір тармағы – қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалануына жоғары деңгейлерге көтерілуіне тікелей байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр.
Қазақстан Республикасының болашақта дамыған елдер қатарынан танылуы үшін, Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы нысандар орындалу керектігі белгілі. Бірақ соның барлық бастауы қазіргі мектептерде екендігін ұмытпау керек. Қазақ тілін теориялық деңгейде оқыту барысы оқушыларды теориялық біліммен қаруландырып қана қоймайды, оқушыны өз бетімен ғылыми білім алуға үйрететін ғылыми әдістермен де байытады. Ғылыми ойлау тәртіптерін үйрету арқылы, ойлау мәдениетін қалыптастыру, оның жалғасы болып табылатын ойын сыртқа шығару, яғни сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен дамыту міндеттері де шешіледі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, ана тілінің мемлекеттік тұрғыда қамқорлыққа алынуы білім беру жүйесінің алдына қазақ тілінің оқытылуымен байланысты үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттер тілдің коммуникация құралы ретінде қоғамда алатын орнын танытумен байланысты еді.
«Әр ұлттық тіл, мәдениет дербестігі, әр ұлт республикаларының экономика саласындағы егемендігі, сөз жүзінде емес, іс жүзінде танылуға тиіс,» - делінген. «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру» тұжырымдамасында. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және тілге қатысты басқа да құжаттар тілдің қоғамдағы әлеуметтік рөлін өз дәрежесінде танып, оның коммуникация құралы ретіндегі потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызып отыр.
Белгілі әдіскер – ғалымдар Х.Арғынов[4], М.Балақаев[5], Н.Сауранбаев. [6], Ә.Хасенов[7], С.Жиенбаев[8], Р. Әміров[9], т.б. Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін теориялық тұрғыдан зерттей отырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін дүниетанымын дамытудың жолдарын қарастырған.
Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог – ғалымдар Л.С.Леонтьев [10], А.Л. Имедадзе [11], А.Л.Леонтьев, [11] т.б. жас кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Көрнекті педагогтер Р.Г.Лемберг [12], И.А.Қайыров, Н.К.Гончаров, Б.П.Есипов, Л.В.Занков [13], Е.Я.Голант [15] тағы басқалардың оқыту әдістерін саралаған пікірлерімен таныса отырып, нәтижесінде қазақ мектептерінде жай сөйлемдерді оқытудың төмендегідей әдістерін қарастырдық: байқау әдісі, түсіндіру әісі, әңгімелесу әдісі, кітапты пайдалану әдісі, грамматикалық талдау.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов [17] өз ана тіліндегі сөз ақыл-ой дамуының асыл қазынасы, - дей келе, жасөспірімдердің лингвистикалық тәрбиесінің өмірге келген сәттен бастап, өз ана тілінде жүргізілу керектігін ерекше атап көрсеткен.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ұстаз ұлы тұлға


Тәуелсіз еліміздің болашағы – мектеп. Ол оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа жөн сілтер киелі орын десек қателеспейміз. Елбасымыз Н.Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз" деген болатын.

Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Ал, оған дұрыс та жүйелі тәрбие беретін екінші ана - ұстаз. Ұрпақ тәрбиесі секілді ұлы міндет жүктелген мектептегі мерейлі істердің барлығы мұғалімдердің арқасы.

Ұстаз - ұлағаттылықтың көзін ашар, жылылық нәрін себер жан. Мектептің жүрегі де, тірегі де ұстаз. Күн сайын жүздеген шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нәрін себуге ұмтылатын жылы жүзді жайдары жан.

Мұғалімдік қызметті, ұстаздық ұлағатты терең қадірлеген халқымыз білім мен тәрбие мәселесіне де ерекше ден қойғаны белгілі. Өйткені қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адам баласы міндетті түрде мұғалім алдын көруі тиіс. Ал, өркениеттілікке, жарқын, зайырлы қоғамға қол жеткізу үшін ақыл-есі бүтін кез-келген жас саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Мұғалімнің қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалімнің қателесуге қақысы жоқ.

Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!

Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер дегім келеді.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ы.Алтынсарин орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жулбаева Гулайым Сағынбайқызы .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Бүркіт аңшылығының суреттері


(Басылмаған романнан)

Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел ұмыттыратын жанды қызуы — аңшының әңгімесі, құсы, тілегі мен қуанышы, томағалы батыры, қыран серігі болады. Анда-санда алмағаны қажытпайды. Өйткені алдыңғы күн қызыл түлкінің құйрығын бұлаңдатып, алдыңнан көрсетіп тұрғандай болады.

Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаң бас қыран белсеніп, кірпік қақпай қалады. Жымдай қатқан жартастың жарық-жарығына от көзімен шаншылады. Сол кезде аңшы да қиялмен еріксіз алдын ала шауып: «Қазір ана жарықтан шығады, болмаса анау алаңнан, қағушының алдынан, бұлаңдап жөнеледі», — деп, аш қыранмен бірге еріксіз жалақтайды. Ұзақ күнді сол сияқты жанды үмітпен өткізіп, үйге келгенде бел шешіп жайланғаны, ас ішіп тыныққаны, алдыңғы күнге үміт артып, өткен күнгі көргенді айтып, ақын тіліндей шешен тілмен әңгіме қылғаны — қызуы мол толық өмір екеніне дау жоқ. Онымен салыстырғанда әншейін жүрген өмір шала-жансар, оты жоқ, гүлі жоқ сұр өмір сияқтанады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз

Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны ана бөлмедегі шылымға жұмсап көріңіз.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз қиқаңдап, тәлпіштеніп бармай жатса, онда мұндай баланы жазалау керек. Өйткені ол ертең бастықпен жұмыс істейтін жігіт болады. Ал ешқандай бастық сіздің ұлыңыздың мұндай қиқаң-сиқаң мінезін көтере бермейді. Сондықтан оған осы бастан сабақ бола берсін.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барып шылымыңызды әкеп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Ертең ол бастығы жұмсағанда да осылай дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап жүретін жақсы жігіт болып өседі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Әсет Найманбайұлы прозасындағы романтизм

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі; импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең- толғаулары, айтыс- қағыстары мен қисса- дастандары, асқақ әндері ұрпақтан- ұрпаққа ауысып әдеби- мәдени мұрамыздағы көрікті де көрнекті үлгілердің қатырын молайтуда. 1930 жылдардан бастап Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді чсаралап, әдеби мұраларын жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда. Ұрпақтан - ұрпаққа аманат ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып, сыналып та, сырт қалып та келді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуде әсер- кесірін тигізбей қоймайды. Көрнекті әдебитші ғалым Б.Кенжебаев сөзімен айтсақ: «...біз қазақтың бұрынғы ақын –жазушыларын саяси идеялық қатесі жоқ ақын - жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік»
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Өмірінің белгілі бір кезеңін Шығыс Түркістанда өткізген ақынның өмір жолы, шығармашылығындағы шығыстық үлгі мотивтер, діни уағыз өлеңдер ақын мұрасын теріс бағалауға пайдаланылды. Әсет ақын- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарына тән демократтық ағартушылық ағымдағы ойларын,діни дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Ақын шығармашылығындағы аса құнды қазына- шығыстық нәзиралық үлгідегі дастандар. Бірақ шығысқа секеммен қараған, дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология сынына ақын шығармашылығы аз ілінбеді.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Әсет атына қаратылып айтылған сын пікірлер көп болмағанымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, Хх ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық- хрестоматияларына, зерттеу монаграфияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан салқын көзқарастан. Кеңестік дәуір идеологиясы әдебиет пен ғылымды тұсап, барымзды базарлай алмадық. Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өрісімізге тың серпіліс жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-жақты сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп даму процесін жаңа бағытқа бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында тұр. 70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі мұраға да кешегі кеңес әдебиті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар.
Зерттелу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы «Ә. Найманбайұлы прозасындағы романтизм» деп аталатындықтан, көркемдік әдістің теориясы мен тарихы, оның ішінде романтизм жайлы ғылыми еңбектер негізге алынды.Атап айтсақ, В.Белинскийдің «Этика и литературная критика» (1959), Н.Гуляев, И.Картошовалардың «Введение в теорию романтизма» (1972), А.Гаджиевтің «Романтизм и реализм» (1972 ) т.б.ғалымадың еңбектерімен бірге М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нарымбетов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов еңбектеріне сүйеніп, аталмыш зерттеулердің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Зерттеудің басты тұжырымы-түйіндері мен нәтижелерін филология мамандықтары бойынша оқытылатын жалпы және арнаулы курстарда, өнер институттары мен мектептерінде, сол секілді орта мектептің әдебиет пәндерінде де пайдалануға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0