Әңгіме: Өмірмен күрес

Қатты шаршадым...
— Жап жас боп алып қайдағы шаршау?
— Іштей қатты өкпеледім.
— Кімге?
Өмір бойы амандығын тілеймін деген жанға...
— Не үшін?
— Аяқ асты өзгеріп кетті... менікі орынсыз болар. Бірақ, соншалықты бұлай болады деп кім ойлаған...
— Уайымдама ақымақ қыз...сен оның амандығын тіле, оған тек жақсылық тіле! Өз қателігін түсінген кезде бармағын шайнары анық... Енді шаршадым деуші болма, көкем!

Түйін: ӨМІР АТТЫ РИНГТЕ КҮРЕСІП КЕЛЕМ, МЕНІ НОКАУТҚА ТҮСІРЕМ ДЕП ОЙЛАМАҢЫЗДАР! СЕБЕБІ МЕН ИМАН ДЕГЕН ДОППИНГ ҚОЛДАНАМЫН!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Өмір деген бір жарқ еткен найзағай


Аспан астын, жер үстін алай-дүлей етіп, жан-жағыма нұр шашып, найзағайдың жарқылынан көңілшең бұлттардың өзі жылап hәм қуанып отырған шақта “Адам” атауы жаратылды және сол кезден бастап “Ғажайып әлем” деген әлі бітпеген шығарма жазылуда. Ол шығарманың кейіпкерлерінің ішінде сен де, мен де бармын. Жерді, елді жаратқан Тәңірі қандай шебер еді!? Дегенмен, өмір мен адам арасында әлі күнге дейін байланыс орнамаған. “Адам” өзі сияқты басқа да тіршіліктегі жаратылыстармен байланысқа түсе алды. Бірақ, өмірмен емес. Не үшін? Оның жауабы әр қилы.

Адам - ерекше жаратылыс. Қаншалықты саналы болғанымен, соншалықты ақымақ. Алланың өзі адамға саф алтыннан қымбат өмір беріп тұрса да, адам әлемнен осы күнге дейін алтын іздеуден шаршаған емес. Міне, бір дәлелі осы. Бұл ақылдылық па, әлде ақымақтық па?

Ақылдылық десек, оның себебін анықтауға тырысып көрейік. Адам өмірге келгеннен елден өзгеше болуға, жайлы өмір сүруге, жаңағы Алла берген алтындай өмірін жақсы өткізуге тырысады. Ал бұлай өмір сүру үшін міндетті түрде жақсы жағдайды, әлемдегі алтындардың барлығын талап етеді. Ал адам сол үшін мансап, байлық іздейді. Бірақ көпшілігі адамнан наданға айналып жатады. Себебі, байлық көздің нұрына, терінің суына енгеннен кейін бойдан адамгершілік қасиет кетеді. Себебі, өзімізге өзіміз қаншалықты жақындай түссек, өмірден соншалықты алыстайтынымыз бар. Ал, бұл - ақымақтық. Сонда өмір дегеніміз не дейсіз бе? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ізденген жетер мұратқа


Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Арман мен мақсат үндескен тұста, таңдау мен талғамның орны бір бөлек. Менің таңдауым Қазақстандағы ЖОО-ның көш басы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болды. Басты арманым осы университеттің қабырғасында білім алып, студенттік жылдарымның қызықты күндерін өткізу еді. Аллаға шүкір! Бұл күнде арманым орындалып, өз биігіне де жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Университетте 15 факультет бар және 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Менің факультетім – Филология және әлем тілдері факультеті, факультетте талай танымал, дарынды түлектер түлеп шыққан. Атап айтар болсақ: Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин, Тұрсынбек Кәкішев, Рымғали Нұрғали, Мәулен Балақаев, Сұлтанғали Садырбаев, Гүлнар Дусматова, Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Жанна Қуанышева т.б. Факультетіміз университет ішінде «екінші өнер ордасы» деген атақ алған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | А. Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі

Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және ғылми әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнын анықтау. Жұмыс мақсаты мынадай міндеттерді шешуге негізделеді:
- А.Байтұрсынұлының терминологиялық мұраларының зеттеу жайына шолу жасау;
- А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастыушы ғалым екенін дәләлдеу;
- А.Байтұрсынұлы жасаған тарминдардің тілдік сипаты мен жасалу жолдарын көрсету.
Жұмыстың мазмұны: Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде А.Байтүрсынұлы терминжасамдық мұрасын зеттеуге арналған мақалалар мен көлемді еңбектерге шолу жасалды (Р.Сыздықова, О.Айтбаев, Ш.Қүманбайұлы, Ш.Жалмаханов, Ж.Смағұлов т.б). Екінші бөлімде ғалым жасаған терминдер мен олардыың жасалу жолдарына тоқталдық (зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш, дыбыс, буын, жұрнақ, жалғау, көсемше, есімше, қаратпа сөз, қыстырма сөз, жай сөйлем т.б.).
Зерттеудің әдістері: Жұмысты зерттеу барысында сипаттамалы, ғылми зерттеу әдісі басшылыққа алынды.
Тірек сөздер: қазақ терминологиясы, терминдер, термин жасаудағы негізгі принциптері, терминдердің тәсілдік сипаттары, т.б.

КІРІСПЕ

Қазақ тілі білімінің, соның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, ұлағат алар ұлыларымыздың қатарына кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының есімін аттап өте алмаймыз. Солай болуға тиісті де. Оның себебі- ұлттың ғылыми терминологияны қалыптастырудың еңбектерінен басталатындығы. Осы тұста бірден басын ашып айта кететін мәселе бар. Ол- тіліміздегі жекелеген сөздердің терминдік мәнде қолданыла бастауы мен терминологиялық жүйенің қалыптасуын шатастыруға балмайтындығы. Жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезде басылып тұрған «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттердің беттерінен кездестіруге болады. Ал салалық терминологияның қалыптасуы- белгілі бір арнаулы саланы құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде таңбалануы болып табылады. Өз алдына дербес терминологиялық өріс құрайтын арнаулы салалардың атаулар жүйесінен бөлініп шығуы үстіміздегі ғасырдың оныншы жылдарына дейін болды десек, шындыққа онша жанаспаған болар еді.
Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен ,олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі- аяқталып келе жатқан ғасырдың бірінші он жылдығынан басталады. Яғни, бұл дегеніміз- қазақтың ғылыми терминологиясының туындауы да дәл осы кезден басталуға тиіс деген сөз.
Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, осы кезде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми- көпшілік еңбектер жазған Ахмет Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамметұлы, Ж.Күдерин, Е.Омарұлы, С.Қожанұлы,М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Ғ.Қараш, К.Жәленов сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс.
Осы аталған авторлардың әрқайсысының салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттатары аталған зиялылардың еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар куә бола алады. Соған қарамастан олардың арасынан А.Байтұрсынұлының есімін ерекше атап жүргеніміз белгілі. Әрине, өте дұрыс. Алайда оның қазақ терминологиясының негізін қалаушы ғалам- ретінде қараудың себептерін әлі де нақтырақ көрсету, ғылыми тұрғыдан дәлелдеудің мәні зор. Біз төменде осы мәселе төңірегінде ой өрбітпекшіміз.
Кезінде М. Әуезов, Е. Омарұлы, С. Сәдуақасұлы, М. Дулатұлы, С. Сейфуллин, Т. Шонанов сияқты қазақ зиялылары негізін қалаған ахметтану ілімі араға алпыс жылдан астам уақыт салып барып жалғасын тауып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі он жылдай уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері әр түрлі қырынан зерттеле бастады. Бұл істен тілші ғалымдар да шет қалмай өз үлестерін қосуда, Р. Сыздықова, Ә. Қайдаров, Ө. Айтбев, М. Жүсіпов, т.б. ғалымдардың жарияланған еңбектері соның дәлелі бола алады.
Бір басынан мамандық табылатын халқымыздың «рухани көсемі», «ұлт мәдениетінің хантәңірі» атанып жүрген алып тұлғалы тереңірек таныған сайын ұлтымыздың рухы биіктеп, тарихи, ғылыми санамызда өсе түспек. Сондықтан ғалымның әдеби –ғылыми мұрасын жан –жақты зерттеудің маңызы айырықша.
А. Байтұрсынұлы ресми ақталғаннан бері он жылға жуық уақыт ішінде ахметтануға ерекше атсалысып жүрген тілші-ғалым Р.Сыздықова ғалымның тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы және жаңашыл ағартушы, ірі публицист, дарынды ақын екендігін айта келіп былай дейді: « Әрине, біздің сипатымыз- өте жалпы айтылып,қысқа қайырылған түйін. А. Байтұрсынұлының ағартушылық, ғылыми еңбектерімен қатар, поэтикалық творчествосын, саяси-әлеуметтік қөзқарастарын нақтылы, арнайы және терең зерттеу-алдағы міндет, әр сала мамандарының жұмысы [1,28].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бір сұлуға

Хордың қызын.

Діндар біткен сұқтанған,

Көргенім жоқ, көрмеген соң сенбедім.

Бұл сөзімді демес теріс ұққан жан,

Сұлуымсың жер бетінде сен менің.



Өзгелерден.

Өзгешесің, дарасың,

Сенің үнің

Әндей әсем мен үшін,

Өзіңменен табар жаным жарасым,

Өзіңменен табар жаным келісім.



Сүлеймен Баязитов.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында

(Баллада)

Теңіздей тербелген астықты алқапқа көз тіге тұрып осы өңірде 1931- 32 жылдары аштық болып талайлар көмусіз қалған дегенге сену де қиын.

Бұл алайда тоталитарлық жүйенің, бұғаудың шеңгелінде жатқан қазақ қырының бұлтартпас өмір шындығы еді.



Аштық азап

Ақыры жеңгені ме?

Жүріп кетпек алдағы сенгені не?

Жүріп кетпек,

Қалдырып бәрін, бәрін.

Әйелі мен бөбегі – ынтызарын,

Ынтызарын...







Жұтады-ау ажал залым...

Қармау керек көз жұмбай тірлік талын.

Жанбай жатып қалайша сөнеді бұл,

Аузынан шағында төгер жалын?

Шақ емес пе

Өрлейтін өмір төрге?

Өз еркімен

Қалайша кірмек көрге?

Үзілмесе тірліктің нәзік жібі,

Өмір мұны гүлдентіп, көгертер де.

«Қатын жолда» деуші еді « бала белде»,

Аштан өлмек

Асы бар жетпесе елге.

Бір таба нан –

Осы үйдің соңғы дәмі,

Дастарханға оралулы жатыр жерде.

Қолтығына сол нанды қысып алып,

(Қара көрер сезінді күшін анық)

Әйелі мен ұлына: «Қош!» деді бұл.







- Таңдамақшар күнінде ұшыралық.

-Мен қалайын,

Тастама ұрпағыңды! –

Деп әйелі шырылдап көп жалынды.

Сол бір сәтте тоқтатар күш жоқ еді,

Тілек жоқ ед тоқтатар көк жалынды.

Жалғыз мүдде санасын меңдеді анық,

Елге жетсе жығылмай естен танып.

Табады әлі әйелдің көкесін бұл,

Бала сүйед,

Күні ертең болад қарық.

Осы оймен артына бұрылмады,

Ынтызары «әкелеп» шырылдады.

Соңғы таба нанды да бұл әкетті,

Анық еді аштықтан құтылары.

Әйелі мен баладан күдер үзіп,

Тоқ ел жаққа жөнелді ол бетін түзеп.

Аштық артта біртіндеп қала берді,

Қол бұлғады алдынан өмір қызық.

Қилы-қилы тағдырды бастан кешіп,

Бас та емес,

Емес ол аяқта да,

Ел қатарлы жүретін тірлік кешіп,

Әйел алған,

Түзеген шаңырағын,

Тек үйінен шықпады жамырап үн.

Сәби даусын армандап іңгәлаған,

Шаңырақтың сезеді ол қаңырарын.

Келіп жетті ақыры сексен міне,

Есеп бар ғой өткен жыл, көшкен күнге.

Өкінбейді қарттықтың келгеніне,

Тек өлімнен ет жүрек сескенуде,

Сескенуде .

Ажалмен алысуда,

Күрсінеді кеткендей салы суға.

«Мен қалайын, тастама ұрпағыңды!»

Қайдан жетті таныс үн, таныс тұлға.

Бұған қолын созады, жалынады,

Құлағына жетеді талып және.

Сәби даусы «әкелеп» шырылдаған,

– Бұлар қайтіп, тәңірім-ау, қырылмаған,

қырылмаған...

Шал кенет шошынады,

Олар мені жүр екен тосып әлі.

Жанарынан ыстық жас жосылады,

«Айыптымын» дейді де тосылады.

Айыбын ол сол сәтте сезінеді,

Өмірінен өткерген безінеді.

Қылмысы үшін жасаған зар заманда,

Түсіп жатты ол өмір сот тезіне енді.



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Көкесінің көлігі


Қаладан кеш түсе шыққан "Жигули" бірқалыпты жүріспен баяу жүріп келе жатты. Көлікте үш адам бар еді: алдыңғы орындықта отырған көкесі, рульде отырған апасының нағашы жағынан туыстас інісі болып келетін Бидағұл ағасы және бірінші сыныпқа енді барғалы жүрген - бұл. Бір кезде көкесі алға қарай ұмсынып қалды да:

- Бидағұл, мынау кімнің көлігі? - деді алдыда кетіп бара жатқан көлікті көрсетіп.

- "Москвич" қой, - деді Бидағұл. - Сонан соң көліктің иесін айтты. Бұл кісі де елге сыйлы, азамат болып жүрген қызметкер жандардың бірі еді.

- Әй, Бидағұл! - деді енді көкесі Бидағұлға қарап. - Осы "Жигули" жүйрік пе, әлде "Москвич" жүйрік пе?

Бидағұл өзінің дағдылы күлкісіне салып хы-хы-хы-лап күліп алды. Сонан соң:

- "Жигулиге" не жетсін, Қолеке. "Жигули" жүйрік қой, - деді.

- Онда... - деді көкесі әлденені жұмбақтағандай етіп .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бекежан Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары

Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де өзектілігі және маңызы зор.
Белгілі қазақ тарихшысы Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Б. С. Сүлейменов ғалымның көрнекті қайраткері деуге толық негіз бар. Оның атымен республика халқы 1917 ж. қазан революциясына дейінгі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелерін зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырды. Тарихшы – ғылымның қоғамдық, ғылыми – шығармашылық қызметін талдап сараптап баға беру, оның маңыздылығын арттыра түседі. Өйткені, Б. С. Сүлейменов сияқты зерттеуші – тарихшылардың тиянақты ғылыми өмірбаяндары Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес болады, сондай-ақ, мұндай еңбектер көш бастаушы ғалымдардың тәжірбиесін және үлкен нақты деректі мағлұматтарды зерттеу негізінде өткенді танудың маңызды тұжырымдамаларын атап көрсетеді. Қазақстан тарихшылары туралы, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде жоқтың қасы. Осы орайда бүгінгі күнге дейін кеңес дәуіріндегі үш тарихшының ғана өмірі мен шығармашылық қызметі кандидаттық дисcертация деңгейінде зерттелді. Отандық тарих ғылымы үшін көрнекті тарихшылардың ғылыми өмірбаянын жариялау тіптен маңызды. Өйткені, кең тараған проблеманың тарихнамамен қатар көрнекті тарихшылар туралы ғылыми еңбектер әр елдегі тарих ғылымының берік негізін қалайды. Мұндай ғұмырнамаларда көрініс тапқан тамаша кәсіби тарихшылардың шығармашылық тәжірбиесі бұл ғылымның жас мамандары үшін жақсы мектеп болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Құндыз апай ақылыңды
Жаттап өстім сөзіңді
Мейлі күндер, жылдар өтсін
Ұмытпаймын өзіңді.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Қыс мезгілі келді,
Қысқы аяз енді.
Алғаш қарлар жауып,
Бізге сәлем берді......
Тақпақтар
Толық
0 0