Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.
Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек. Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?
Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,
• Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;
• Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар; .....
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулері ғана жарыққа шағыратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көп зерттеген. Дегенмен, сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да тіл білімінде әлі де талдану, анықталуы қажетті мәселелер орасан көп. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек грек тіл білімі өкілдері арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алысуға себепші болып жүргені анық. Сөз мағынасы өте күрделі құбылыс. Ол бірнеше элементтерден тұрады, оның құрамында грамматикалық мағыналармен қатар сыртқы ортамен байланысып жатқан мағыналық элементтер де бар. Айналамыздағы қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың атаулары адамның санасында белгілі бір тәртіппен, жүйелі түрде орналасқан. Ендеше лексиканы жүйелі құбылыс деп тану қажет. Тіл – бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның жүйелілігі оның құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді. Тілдің жүйелілік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауды тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына алынып қарастырылуымен де байланысты. Сондай кіші жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты жатады. Лексика – бірліктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің бірнеше топтарынан тұратын, өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланысқан жүйе. Кез келген тілдің лексикасындағы сан мыңдаған сөздердің мән-мағынасын анықтап, олардың өзара байланысын тану үшін, екінші басқа тілден өзіндік белгілері мен айырмашылықтарын, ұқсас тұстарын айқындау үшін сөздік құрамның өзін бірнеше кіші жүйелерге бөліп, зерттеу тиімді. Тіл негізінен қарым-қатынас құралы. Оны сан қырынан қарастыру лингвистиканың еншісінде. Қазіргі тіл білімінде тілдің қолдану аясын, сонымен қатар жан-жақты қырларын ашып көрсетіп, зерттеу кең түрде қолға алынып келеді. Дегенмен де тілді зерттеудің кейбір салалары мен қырлары кенже дамып та келеді. Жеткілікті зерттелмегенімен лингвистер тарапынан көзден таса қалып жатыр деуге болмайды. Солардың бірі тілдегі жиі пайдаланылатын сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау болып табылады. Қазақ – ат қойғыш халық. Өзі тіршілік ететін кең даласына, оның аңдары мен өсімдіктеріне, күнделікті бағып жүрген төрт түлік малына байланысты қойылған сан мың атауларды былай қойғанда адамның өзіне қатысты атаулардың саны қаншама көп. Адамның өзіне қатысты атаулардың өзі өте мол. Оған адамның нәсілінен, есімінен бастап дене мүшелері, ағзалары, киімі, тамағы, ұйқысы, денсаулығы, түрлі қажеттіліктері т.б. атауларының бәрі жатады. Бұларды бір адамның түгел қамтуы мүмкін емес. Сондықтан біз өзімізге тағы да шектеу қойып, тек адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді алдымызға міндет етіп қойдық. Адамның жасына байланысты атаулар мен сол арқылы жасалған тұрақты тіркестер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу – сол байлықты оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады. Қазақ тіліндегі сын есімдер жеткілікті зерттелген десек, қателескеніміз емес. Адамның жасына байланысты сын есімдер тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Ал осы сөз таптарын (адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер) семантика тұрғысынан зерттеу енді қолға алынып келе жатыр. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін....
– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын. *** С .....
Бойында ұлылықтың жатқан ізі, Келешек ғасырға да мақтан – ісі. Шуақты, шежірелі тарихы бар Мектебім – ауылымның мақтанышы.
(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінің өлеңінен)
Қазіргі XXI ғасыр таңындағы әлемдік кеңістікте өз орнын айқындауға ұмтылып отырған Қазақстан үшін де оқушы баланың мектепте орта білім алып шығуы міндетті әрі маңызды іс болып саналады. Ендеше, өткен тарихымыздағы қазақ ауылдарында сондай жалпы білім беретін мектептердің құрыла бастауы – сол кездегі жүргізіліп отырған білім саясаты үшін де және қазіргі орта білім жүйесінің тарихы үшін де елеулі мәні бар дүние. Өйткені қазақтың білімі мен ғылымында, әдебиеті мен өнерінде халқына жарық жұлдыз болып сәулесін шашқан талай ұл-қыздары осындай ауыл мектептерінен қанат қағып шыққан болатын. Сондай мектептердің бірі 1947 жылы іргетасы орта мектеп болып қаланған М.Горький мектебі еді. Бұл – қазіргі №25 орта мектебі. .....
Алматының еңсесі биік ғимараттары басыңды айналдырардай, иін тіресе орналасқан. Сол ғимараттардың бірінің жарығы, күндегісінен ерте жанды. Бұл Қарагөз атты қыздың пәтері еді. Қарагөз әншейінде күн көтерілгенде бір ақ оянатын. Қарагөз бетін жуа бастап еді, айнаға көзі түсті. Көзі түсті де, бір сәт ойланып тұрып қалды. Ойына түнде көрген түсі оралды. Бұл не ғажап! Расында,бұл не болғаны?
Ну орманның арасында адасып келеді екен. Айналасы көк тұман. Басы зеңіп, ауырып тұр. Ол сол жерде айналшақтап біраз тұрды. Кенет, о ғажап, күн жарқырап ашылып, басы ауырғаны да қойды. Алдынан үлкен бір үй көрінді. Не де болса көріп, өлейін деп үйдің есігін ашты. Үй қаңырап бос тұр. Қыбыр еткен жан жоқ. Ақырын басып екінші қабатқа көтерілді. Түпкі бөлменің есігін ақырын ашқаны сол еді қатты да қалды. Тіпті айқайлауға шамасы келмей қалды. Қарагөз тап алдында, асылып өлген жас жігітті көрген еді.....
Алғашқы тістері қашан шығады?Сәбидің алғашқы тістері анасының жатырында жатқанында-ақ қалыптаса бастайды. Табиғат «сыртқа шығуға бұйрық бергенше» қызыл иектерінің ішінде жасырынып жатады. Дені сау баланың сүт тістері 5-7 айлығында қызыл иекті жарып шыға бастайды. Ең бірінші болып төменгі орталық екі тісі, одан соң тура сондай жоғарғы тістері шығады. 12 айға дейін оған оң және сол жағынан екі көрші тістері қосылады. Осылайша, өзінің алғашқы туған күнін әдетте сәби 8 «қаруланған» тісімен қарсы алады. Қалғандары (сүтті тістің саны20 болады) бір жыл ішінде ақырындап шыға бастайды.Кей тістер кешігіп шықса, уайымдаудың қажеті жоқ: кейбір дені сау балалардың 1 жасқа қарай алдыңғы 6 тісі ғана шығады.2,5 жасқа қарай сүтті тіс толық шығып болады.......
Аш қасқыр аңға бару үшін орнынан тұрды. Үш бөлтірігі бірдей үйме-жүйме болып, бірін-бірі жылытқан күйі қатты ұйықтап жатыр. Аш қасқыр оларды бір-бір жалап алып, жүріп кетті.
Көктемгі март айы, алайда түнде, декабрьдегідей, ағаштар шытынып тұратын еді де, тілінді болар-болмас шығарсаң-ақ, қатты шымшып әкететін-ді. Қасқырдың денсаулығы нашар, әрі өзі сужүрек. Болар-болмас дыбыстан селк ете түсетін, үнемі біреу-міреу келіп, бөлтіріктерімді жәбірлемесе игі еді деп ойлайтын. Адамдар мен жылқылардың іздерінің иісінен, ағаштың түбірлерінен, үйілген отындардың, малдың қиы түсіп қарауытқан жолдан қатты қорқатын. Ағаштардың сыртында қаракөлеңкелерде адамдар тұрған сықылданатын, орманның бір шетінде иттер үріп жатқан тәрізденетін.
Қасқыр қартайыңқырап келген-ді, сондықтан сезімі нашар тартқан еді. Жас кезінде алданып, жолдан адасу деген өмірі болмайтын ғой, міне, казіргі кезде ара-тұра жолдан адасып та кетіп отырады, түлкінің ізін иттің ізі деуі де болып қояды. Денсаулығының нашарлығынан ол бұрынғыдай бұзаулар мен ірі қойларды аңдуды қойған, үйірлі жылқыны көрсе, анадай алыс жерден орағытып өтетін, содан тек өлексені ғана азық қылатын. Жас етті де сирек жейтін, жас етті тек көктемде үстінен түсіп қалып, қоянның жас көжектерін ұстап алғанда ғана, болмаса, қозылары тұрған мұжық қорасына ұрланып түскенде ғана жейтін. .....