Әңгіме: Антон Чехов | Каштанка

I

Әумесерліктің әлегі

Қанден мен көпек төбеттен шыққан түлкі тұмсық, тексіз сары дүрегей тротуар бойымен әрі-бері бүлкектеп, жан - жағына жалтақ-жалтақ қарай берді. Анда-санда бір тоқтап, табанынан ызғар өткен соң аяғын алма-кезек көтереді де: япыр-ау, осы мен қалайша адасып кеттім дегендей қыңсылап қояды.

Таңның атқанын, күннің батқанын, тіпті мынау бұрын аяқ басып көрмеген бейтаныс көшеге қалай тап болғанын да жақсы біледі.

Балташы Лука Александрин ертеңгісін құлақшынын милықтата киіп, қызыл шүберекке ораған әлдебір затты қолтығына қысты. Дүрегей тақтай сүргілейтін жаңғырық астындағы ағаш үгіндісінде жатыр еді:

— Каштанка, кеттік! - деген таныс дауысты естіп жылы орнынан атып шықты да, рақаттана бір керіліп алып, иесінің соңынан салпақтап ере жөнелген. Лука Александрычқа жалға жұмыс тапсыратын адамдар тым қашықта тұратын, солардың әрқайсысын бір сүзіп шыққанша балташы талай трактирге кіріп, сусын қандырып алушы еді. Жол бойы өзін шектен тыс дарақы ұстағанына да Каштанка енді өкінгендей. Көшеге еріп шыққанына қатты қуанған дүрегей біресе далақтап көрінген конканы1 қуалап кетті де, енді бірде қайдағы жоқ ауланы тіміскілеп, абалап бейтаныс иттерге жармасты. Жиі-жиі көз жазып қалған балташының қайта-қайта тоқтап оған зекіп ұрысқаны да есінде. Қызара бөртіп Лука Александрычтың сызданып:

— Сеспей қат!.. Сеспей қатқыр албасты, - деп құлағынан тартқанын да ұмытқан жоқ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жасыл Ел

«Жасыл елдің» мүшесімін мен деген,

Дегенінде ағама мен сенбеп ем.

Ерте тұрып, шайын ішіп, күрек ап,

Шыққанында мен соңынан ерген ем.

Бір көшені кесіп өтіп көлденең,

Көк жиекке ұштасқандай көлбеген.

Көп ұзамай шықтық ауыл шетіне,

Осында екен кәрі мен жас ел деген.

Кеткен екен іске әбден беріліп,

Жалқауланып тұрған жан жоқ керіліп.

Көшеттерді егіп жүрген жұртпенен,

Балаларда мен сияқты елігіп.

Шелек-шелек су әкеліп құяды,

Жұмысшылар, ел ағасы зиялы.

“Жасыл елдің” келешегін сөз етіп,

- Қара шаңды асау желді тияды.

Әрі пана, әрі ауаны тазалап...

Жасыл елдің келешегі ғажап ақ.

«Жасыл елге» қалай үлес қосам деп, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Оқытушы мен студенттер

- Мені жұрт қатал оқытушы деп айтады, - дейді оқытушы. - Студенттерін қинайды дейді, оларға қоймайды дейді. Мұндай әңгімелер өзімнің де құлағыма жетіп жатады. Тіпті бірде ректорға дейін жетіпті. "Өркен, сені жұрт солай деп айтып жүр ғой, неге студенттеріңді қинайсың?" - деді ректор. "Онда сабақ сұрамастан қойып бере берейін", - дедім. "Мен олай деп тұрған жоқпын, - деді ректор. - Бірақ студенттер де адам баласы ғой. Кішкене түсіністікпен қарасаңдар болмай ма?"

Бірде бір қызық оқиға болды. Жазғы уақыт еді. Жазғы сессияның басталған кезі. Оқу орнынан шығып, жаяу жүргіншілер жүретін соқпаққа түсіп алып келе жатқанмын. Бір кезде жолдың жиегінде отырған бір келіншекке көзім түсіп кетті. Әлгі келіншектің түрі деген әбден әбіржіп кеткен. Өзі жерге төселіп, жайғасып отырып алыпты. Жанына еріксіз аялдадым. Түріне қарап аяп кеттім .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектептегі диспут


Диспут жоғары сыныптардың арасында өткелі жатыр еді. Кенет ағайлары сыныптағы екі ұлды осы өткелі жатқан диспутқа дайындай бастады. Мұны және сыныптың тағы бір ұлын. Бұларға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін осы ағайлары бұлардың 5"А" сыныбына жылдың басында жетекші болып тағайындалған еді. Енді өзінің сыныбының екі ұлын жоғары сыныптар арасында өткелі жатқан диспутқа қатыстырып көрмек.

Мәдениет Үйінде өткелі жатқан диспуттың жалпы тақырыбы "Достық дегеніміз не?" деп аталатын. Іс-шараны мектептің аға пионер вожатыйы ұйымдастырып, өткізгелі жатыр еді. Мектептегі осы аға пионер вожатыйға үлкен баға берілетін.

Аға пионер вожатыйдың дружина жиындарындағы орны да оқушылар үшін елеулі еді. Мұндай дружина жиындары отряд советі председательдерінің рапорт тапсыруымен басталады. Рапорт дружина советінің председателіне тапсырылады. Ал дружина советінің председателі - жоғары сыныптың оқушы қызы. Өз рапортының мәтіні төмендегіше болып келетін:
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агpаpлық теxника | жеке шаpyа қoжалығында каpтoп жyy және тypаy теxнoлoгиялық пpoцесiн жетiлдipy

К I P I C П E

Aтaлғaн мәceлeлepдi шeшy кeзiндe қaзipгi кeзeңдe ayыл шapyaшылығы кapтoп жәнe тaмыp түйнeктi шикiзaттapды мeн тaмaқ өнiмдepiн өңдeyгe, coнымeн қaтap өнiмдepдi өңдey әдicтepiн eнгiзy бoйыншa ғылыми-зepттey жұмыcтapын жүpгiзy қaжeттiгiнe epeкшe көңiл бөлiнeдi, oл шикiзaттың шығынын aзaйтyғa, coнымeн қaтap тexнoлoгиялық жaбдықтың құpacтыpy epeкшeлiктepiн тиiмдi жүзeгe acыpyғa мүмкiндiк бepeдi.
Xaлық шapyaшылығы aлдындa eлiмiздiң тұpғaн мiндeттepдiң бipi aлдыңғы қaтapдaғы тexнoлoгиялap мeн тexникaлap жacay жәнe игepy, кapтoп өнiмнiң caпacын бaғaлayдың oбъeктивтi ғылыми әдicтepiн зepттey жoлымeн өндipicтiң тиiмдiлiгiн apттыpy бoлып тaбылaды.
Қaзipгi ғылыми-тexникaлық дeңгeйдe мaшинaлap мeн aппapaттapдың жoғapы өнiмдi өндipicтiк жeлiлepiн жoбaлay жocпapлaнyдa, oғaн aппapaттapдың кoнcтpyкциялapын жeтiлдipy жәнe өңдeyдiң ұтымды әдicтepiн қoлдaнy apқылы қoл жeткiзyгe бoлaды[1].
Кapтoп өнiмдepiн өңдey өндipiciнiң қaзipгi жaғдaйын тaлдay oлapды aлyдың бapлық кeң тapaғaн әдicтepiнiң opтaқ кeмшiлiгi – тexникa-экoнoмикaлық көpceткiштepiнe кepi әcep eтeтiн пpoцecтep мeйлiншe ұзaқ eкeндiгiн көpceттi.
Кapтoпты дұpыc caқтay мeн өңдey xaлықты тиiмдi өнiмдepмeн қaмтaмacыз eтyгe, биoлoгиялық бeлceндi зaттap мeн витaминдepдiң қopын құpyғa мүмкiндiк бepeдi. Әдeби көpceткiштep бoйыншa eгep қoймa opындapындa кapтoпты caқтay көpceткiштepi ұтымды көpceткiштepгe cәйкec кeлмece, тaмыp түйнeктi aзықтықтap ылғaлдaнып, бұзылyынa әкeлiп coғaды.
Кapтoпты тypay жәнe жyy үшiн өнiмдi copбциялық әдicпeн cycыздaндыpyдың жaңa тexнoлoгияcын дaйындay, coнымeн қaтap қoндыpғылapының жұмыcы үшiн ұтымды әдic ұcынy қaжeт.
Caқтay кeзiндe жүpiп жaтaтын пpoцeccтepдi зepттey тipi өciмдiк ұлпaлapының ылғaлдaн aйpылyы – қaйтымcыз пpoцecc eкeндiгiн көpceттi, coндықтaн ciңipгiштiк қacиeттepдi зepттey нәтижeлepi кapтoпты жәнe oдaн жacaлғaн өнiмдepдi caқтay мepзiмiнiң тиiмдi шeгiн aнықтayғa, ciңipy тeпe-тeңдiгiн бeлгiлeyдiң ұтымды yaқытын тaбyғa мүмкiндiк бepeдi.
Кapтoпты өнiмдepдi өңдey пpoблeмaлapы жәнe бұл мiндeттepдiң ғылыми – нeгiздeлгeн шeшiмi қaзipгi тexнoлoгияның нeгiзгi қaғидacы - өнiмнiң қacиeттepiн мұқият зepттeyдeн ұтымды әдicтi жәнe пpoцeccтepдiң тиiмдi peжiмiн тaңдayғa жәнe coның нeгiзiндe eң тиiмдi aппapaтypaлық шeшiмгe жeтyгe нeгiздeлгeн.
Жoғapыдa aтaп өткeнiмiздeй кapтoп жәнe тaмыp түйнeк шикiзaтын өңдey өндipiciнiң қaзipгi зaмaнғa caй жoғapы тиiмдi тexнoлoгиялық жeлiciн жacay ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Рухани санамыздың сапасы


Адам өмірді қалай қабылдаса,солай өмір сүреді. Адамның өмір сүру деңгейіне қарап, ойлау деңгейін білуге болады. Мына әлемде қанша адам өмір сүрсе, сонша көзқарас, сонша пікір бар. Және әркім өз ойымен өмір сүреді.
"Қате пікір болмайды. Тек біздің пікірлерімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар" дегендей біз ешкімнің пікірін қате деп жоққа шығара алмаймыз. Және барлық пікірді де дұрыс деп айтуға болмайды. Қате пікірлер жоқ бірақ орынсыз пікірлер бар. Себебі дүниеде миллиардтаған адам болса соның бәрі бірдей данышпан емес қой. Бірақ бәрініңде санасы бар. Иә мінсіз адам болмайды. Кемшіліксіз болмасақ та,сол бойымыздағы кем нәрсені толықтырып, дүниеге адам болып келгенен соң адам болып кетуге тырысу керекпіз! Осы деңгейде болатындай ойлау дәрежеміз болу керек.
Алла бізге өзге тіршілік иелерінен артықшылық етіп сана мен сезімді берді. Бірақ соңғы кездері санамыздың сапасы төмендеп бара жатқандай. Тым таяз ойланамыз! Қоғамдағы қатыгездік пен қателіктер міне осы сапасыз сананың көрінісі. Рухани сананың рухының төмендігі!
Негізгі айтар ойым:
Алла берген сананы биігіне шығара алмасақ хайуаннан айырмашылығымыздың жоқ болғаны. Ешкім өзін хайуанмен теңестіргенін қаламайды ғой. Ендеше рухани санамыздың сапасы адам деген атқа лайық болғаны жөн. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектептің директоры


Қазалы ауданындағы №25 мектепке ұзақ жылдар басшылық жасаған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Алмас Темірбайұлы жуырда ғана 63 жасқа толып, құрметті демалысына шыққан еді. Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен осы іс-шараның сценарийіне байланысты жұмыстарды жазып отырғанда, осы бір шағын естелік те тіл ұшына оралып тұрды.

Қызылорданың оқу орнынан әдебиеттің мұғалімдігі мамандығы бойынша бітіріп келген бұған мектептің директоры: "Кел, жұмысқа алайын", - деді. Мұнысы жағдайға қарағаны, түсіністік танытқаны, үйден апасының жанынан шығып тұрсын дегені, дүниеден озып кеткен көкесіне деген құрметі. Әйтпесе мектеп сол сәтте дәл осы мамандықтың иесіне тым зәру болып тұрған жоқ еді. Мұны естіген апасы: "Бұл бала да көргендігін істеп отырған бала ғой", - деді.

Бірақ мәселені мектептің директоры шешпейтін болып шықты. Мәселені аудандық білім бөлімі шешеді екен. Ал аудандық білім бөлімі мұны маманы тапшы шалғай ауылдарға жіберіп жатты. Осылай аудандық білім бөлімі мен ауылдың арасын тамыздың он бесінен қыркүйектің басына дейін жол қылып жүріпті.

Бір күні аудандық білім бөлімінен мектептің директорын көріп қалды.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жақыпбек Зəрипа Оралханқызы | Адам арманынан қалай адасады


Адам көп нəрсені армандайды. Бірақ нақты не нəрсені армандау керек екенін, арманы орындалуы үшін қандай жоспар құрып жүзеге асыру керектігін ойламайды. Кейде арманшыл адамдар өз арманы орындалатын арман ба, орындалмайтын арман ба деген ойдың түбінде қалып қойып жатады.

Арман деген - адамның қиялындағы нəрселеріне шынайы өмірде қол жеткізу үшін жасайтын əрекетінің жеңісі мен жемісі дер едім. Əрине, ол ойдағыдай жүзегі асып оң нəтижесін көрсетіп жатса ғана. Ал жүзеге аспаған жағдайда, ол адамның ең үлкен өкінішіне айналады. Мені мынадай сұрақ толғандырады. Жалпы адамдар не нəрсені армандауы керек? Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсы, əлем жақсы болу үшін барлық адам арманшыл болуы керек пе? Адамдар неге армандарынан адасып жатады? Бұл сұрақтарға былай жауап іздедім.

Адамдар барлық нəрсені армандауға құқылы. Барлық түрін. Арман деген шексіз. Біреулер денсаулығының күшті болғанын, енді біреулер тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, тағы біреуі туыстарының бар болғанын, тағысы ұсақ-түйек нəрселерді армандап жатады. Машина, үй, ақша, атақ, мансап, билік сынды нəрселер. Жоғарыда айтылған үш арманды армандап отыруға болады. Оның орындалуы үшін түк істей алмайсың, жай ған армандап жүре бересің. Ал қалғандарына жетуі үшін өмірде дұрыс бағытты таңдап, дұрыс əрекет жасай білуі керек. Ал қазіргі таңда қалай. Адамдар армандайды, бірақ жүзеге асуы үшін іс-əрекет жасамайды. Жасайтындар аз-ақ дер едім. Адам бір нəрсені армандады ма, арманына жетпейінше тынбау əрекет етуі қажет. Ал орындалмайтынына көзін жеткізсе, ол арманынан бас тартқаны жөн. Ал қазір қалай? Армандаймыз, тым көп армандаймыз. Арманда емес, армандағанымызда шек жоқ. Біз тым көп нəрсені армандаймыз, оның орындалуы үшін еш нəрсе істемейміз. Уақыт өте келе басқа нəрсені армандауға көшемізде, ол да бұрынғы армандар сияқты қалып жаңасы пайда бола береді. Сөйтіп көп нəрсені армандап армандарымыздан шатасамыз.

FacebookTwitterGoogle+OdnoklassnikiMail.RuVKWhatsApp
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері Молдабаева


СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері

CLIL оқу бағдарламасын басқа тілмен кіріктіре отырып беру әдістемесі болып табылады. Қазіргі жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген.

CLIL сонымен қатар оқытушыға да жаңа талаптар қояды. CLIL әдістемесін жүзеге асыратын мұғалім: пән мұғалімі; тіл мұғалімі; сыныптағы негізгі мұғалім; сынып көмекшісі рөлінде бола білуі керек.

Мұғалімнің алдынан кездесетін қиындық ол өз пәнін жетік білумен қатар, оқушыларына қажетті тілді де жоғары деңгейде білуі. Бұл жерде пәнаралық байланысты пайдаланған өте тиімді, мысалы, шет тілі пәні мұғалімдерімен біріге отырып жұмыс жүргізу.

CLIL әдістемесін әртүрлі жастағы оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау арқылы қолдануды жүргізуге болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ештеңені өзгертуге болмайды

Мерекелік іс-шараларға байланысты өткізілетін бағдарламалардың іс-жоспарын талқылап, бекіту үшін ұжымда шағын жиналыс өтіп жатыр еді. Жиналысты басқарушы сөйлеп отырған, кенет жаңадан келген қызметкер:

- Мына бір тақырыпқа кішкене өзгеріс енгізуге болмайды ма? - деді.

- Қай тақырыпты айтасыз? - деді жиналысты басқарушы.

- Мына "Тілім - тірегім" деген тақырыпты айтамын.

- Ол тақырып сізге несімен ұнамай тұр?!

- Сәл жаттандылау естілетін секілді. Кішкене өзгеріс енгізуге болмайды ма?

- Несі бар, әп-әдемі-ақ тақырып! - деді жиналысты басқарушы. - Біз жыл сайын осы тақырыппен өткізіп жүрміз ғой.

- Тым болмаса, екі сөздің орнын ауыстырып көру де ойларыңызға келмеді ме?

Жиналысты басқарушы шошып кетті:

- Сіз сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып жібергеннен кейін не болатынын білесіз бе?!

- Не болады екен?!

Бірақ ешкім де не болатындығын айта алмады.

- Ал мына "Тәуелсіздігім - тұғырым" деген тақырыпты ше? - деді жаңадан келген қызметкер.

- Ол тақырыпты не деп өзгертейін деп едіңіз?! .....
Әңгімелер
Толық
0 0