Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Араб тілінен енген сөздер

Алла

Осы сөзбен бесігіңде таныстың,

Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.

Мейіріміне бөленген сан мұсылман,

Аллаға сен дей алмайсың, алыспын.

Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,

Әлимсақтан әжетіңе жараттың.

Әміріне бір Алланың бойсұнып,

Жазираға ілімін де тараттың.

Осы өлең өріміне өрілген,

Біршама сөз

Бізде қырға керілген.

Арабтардан

Тарағаны дау тудырмас тегінде,

Деген ойға

Ертелі- кеш берілем. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мақалға терең үңілсек


Аузы-мұрты

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.



Бар арман

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

-Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

-Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.





Қайқайды

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

- Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.



Қол бұлғады

« Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.



Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Өз тілің

Көріп отын тарихтан сан бүліктің,
"Азаттық" деп сонан соң жаңғырыппын.
Өз тілінің болғаны қандай жақсы
Мекендеген жер бетін әрбір ұлттың!

Бірде Тараздағы колледжіде сабақ беретін өзінің бұрынғы оқушысы мектепте бірге оқыған өз сыныптасы жайында айтып, сіздің сол жазған өлеңіңізді ол сұрап жатыр деді мұның ілгеріде жазылып, еш жерге жарияламаған бір өлеңі туралы. Ол да мұның оқушысы еді. Қазір Алматыда медициналық бір мекемеде бас бухгалтер болып жұмыс істейді екен. Бұлар сол кезде екеуі екі сыныпта оқыған оқушы қыздар еді. "А", "Ә" сыныптарында оқыған. Мектепті 2000 жылы бітіріп кеткен. Ол оқушысының сұрайтын себебі, ол бұл өлеңді мектепте оқушы болып жүргенінде ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында көркемсөз ретінде оқыған еді. 22 қыркүйекке арналған "Ана тілім - ардағым" деген кеште оқылған өлең болатын. Бірақ содан кейін де 18 жыл уақыт өтіп кетсе де, есінен шығармапты. Өйткені ауылдың мәдениет Үйіндегі "Ана тілім - ардағым" деген кештің өткен уақыты - 1998 жыл. Өлең соның қарсаңында жазылып, сонда оқылған.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Ішік хайырлы болсын

- Хажы-еке, ішік хайырлы болсын!

- Айтсын.

- Қаншаға алдыңыз?

- Күйіп тұр екен ғой, 350 сом...Ұмсындыққа киім-кешек алайын деп едім, оны Мәскеуден алғалы тұрмын.

- Ішігіңіз қымбат емес, мен мынаны 150-ге алдым, - деп, Тоқыш үстіндегі пальтосын көрсетті.

- Ой, шырағым-ай! Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта.

Тоқыш күлімсіреп:

- Сіз әлі жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулардың сөзін естідіңіз бе? Олар бізді кінәраттап жатыр, жұрттан көп ақша жинап алып, өз пайдаларына жұмсап жүр, 1 бір тиындық бітірген ісі жоқ, дейді.

- Е-е-е! Біз біреуден тартып алыппыз ба, жұрт өзі берген соң шариғат бойынша да, бізге газетші-мазетшінің сөзі керек емес, үйі-басы 2-3 сомнан ел кедей болмас...

- Сонда да, хажы-еке, олар Жорықбай ақсақалды ұялтып тастапты...

- Шіркіннің ұялшағын қарашы, не былшылдайсың, сенің ақшаң емес қой десе болмап па?

- Жорекең жарықтық жуас кісі ғой, үндемейді, сонда да соншама ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейсің? Аналар жұртқа жариялайтын көрінеді.

- Шырағым, Тоқыш-жан, сен әлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргеміз, оның не қысылатыны бар: адвокатқа бердік дерміз, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз ба... дей бергенде нөмірге газетте қызмет ететін бір жігіт, сәлем беріп кіріп келді.

Хажы әфенді жалма-жан ішіктің үстіне шапанын іле салып, тасбихын тартқан болып отыра қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Із


Ілкі сәтте санасы іске қосылған ол, айналасына көз сүзді. Айдалада тұр екен, көз жетер жерде ешкім көрінбейді. Өз денесіне қарады, үстінде лыпа жоқ. Тыр-жалаңаш. Базбір бұзақылар шешіндіріп, тонап кеткендей. Бірақ еш қысылмады, себебі мұны көріп тұрған ешкім жоқ болатын. Бәрінен бұрын алаңдатқаны жалғыздық еді. Қабырғасы қайыса қайғырды, өзінің жалғыздығына. Бір нәрселерді есіне түсіргісі келген, ештеңе өнбеді. Санасы ақ парақ секілді, тап-таза. Ми қуыстарында тек табиғат құбылыстарының елесі тұр, сондай ақ қоршаған ортаны білетін сияқты. «Анау тұрған ағаш» деді, анадайда қуарып тұрған жалғыз теректі өзіне көрсетіп. «Мынау Жер» деді, табанының астын оң аяғымен тебіп. Ауық-ауық әлденелерді айтты өз-өзіне. Бірақ адамдарға қатысты еш нәрсе оралмады есіне. «Сірә, мен жер бетіндегі ең соңғы адам шығармын. Бір алапат дүлейде барлығы қырылып, қатты соққыдан құлағандықтан есімнен ауысып, осы сәтте ғана өз-өзіме келіп тұрған шығармын» деп ойлады. «Бірақ, жер бетіндегі ең алғашқы адам болуым да мүмкін ғой, еш нәрсе есіме түсер емес» деген екінші бір ой қылаң берді санасында. Шегі жоқ екі ойдың ортасында ақыл-есі біраз сарсаңға түсті. Қайсысы ақиқат, қайсысы өтірік, шетіне жете алмады екі ойдың. Есеңгіреген қалыпта біршама уақыт орнында тұрды да, жүріп кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қояншық


I

Бір күні ымырт үйіріле заңгер-студент Васильевтің үйіне көптен дос-жар болып жүрген медик - студент Майер мен Москва сурет - мүсін және сәулет өнері училищесінің шәкірті Рыбников келе қалды да, өздерімен бірге С - в тұйық көшесіне барып, серуендеп қайтуға шақырды. Васильев әуелі көпке дейін көнбей, қасарысып бақса да, ақыры киініп, құрбыларына ілескен.

Сұйық жүрісті зинақор әйелдер жайында ұзынқұлақтан естігені немесе кітаптан ғана оқығаны болмаса, олар тұратын үйлерге ғұмыры бас сұғып көрмеген еді. Тұрмыс тауқыметі, тәлімі, жоқшылық салдарынан тағдыр тәлкегіне ұшырап, арын ақшаға сатуға мәжбүр болған сондай бір әдепсіз әйелдер барын ол білетін. Олар мөлдір махаббат болатынын естіп-білмеген, бала сүюден мақрұм қалған заңнан тыс пенделер; аналары мен апа - сіңлілері оларды шіріген жұмыртқа санап, аза тұтып, жоқтайтын еді де, заң бұларды кесірлі пәлеге балап қуғындаса, еркектер бірден - ақ "сен" деп сөйлесе беретін. Бірақ соның бәріне қарамастан, олар да адамдық келбетін жоғалтпаған құдайдың пенделері болатын. Қай-қайсысы да өз күнәларын іштей сезініп, бір жолы болар деген үміттен күдер үзбейтін. Құтылып шығу жолындағы қам-қарекеттің қандайын болса да пайдаланып қалудан бас тартпайтын еді. Рас, қоғамның кейде адамдардың өткенін өткел ете беретіні бар, бірақ құдай алдында Мысыр әулиесі Мария да басқа әулиелердің ешқайсысынан кем саналмайтын.

Киім киісінен, жүріс-тұрысынан дараланып тұратын сондай әйелдерге көшеде ұшыраса қалса немесе әзіл - сықақ журналынан олардың түрін көрсе - ақ болды, Васильевтің есіне әлдебір кезде әлдеқалай оқыған бір оқиғаның орала беретіні бар. Әлдебір ақжүрек те адал бозбала зинақор әйелге іңкәр болып қалады да, үйленгісі келетінін айтады, әйел болса мұндай бақытқа өзін лайық емеспін деп санап, уланып өліпті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Аяулы ұстаз, көк аспан
Білімің дәл ақындай,
Ұқсамайды мінезің,
Жұлдыз, бастық смаққа.

Көк жүзінде самғасаң,
Менде мүмкін самғаймын.
Біліміңді үйретсең,
Сен секілді боламын.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Оспанова Лес | Киелі қара шаңырақ университетім


Қаншама қазақ баласы мен өзге ұлт өкілдерін білім нәрімен сусындатқан ҚазҰУ – дің білім саласына қосқан үлесі бөлек. Себебі, университетіміз бүгінгі күнге дейін өзінің абыройлы білім ошағы екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан, ҚазҰУ – дің әлемдік деңгейдегі ЖОО – н бәсекелес бола алатыны айқын.

Іргесі өткен ғасырдың басынан құрылған бұл білім ордасында білім алушылардың да саны жыл санап арта түсуде. Ұстаздар мен білім алушылар білім саласына, университетімізді дамытуға жан – жақты ат салып жатыр десек артық айтқанымыз емес. Дегенмен, әлемдік деңгейдегі ЖОО – н иық теңестіру үшін бізге бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық университетімізді жан – жақты дамытып, үлес қосуға тырысамыз. Университетімізде әркез сайын көптеген игі шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Жас таланттардың, ғалымдардың жарқ етіп бой көрсетуіне де септігін тигізіп жатыр. Сонымен қатар, университетіміз білім саласына, келешек ұрпақтың жан – жақты, ізденімпаз, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында қоғамға қажетті мамандарды да дайындап отыр. Университетіміздің дамуына, көркеюіне әр білім алушылар үлестерін қосса әлемдегі ең мықты білім ұясына айналады деп сенеміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Желтоқсан

Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.




Ол қатаң режимнің алдында мұндай болуы мүмкін емес деген нәрсені мүмкін етті. Ол режимді сонысымен шошындырды. Оның аты - Желтоқсан.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бомбапана


Үлкен ағасы бірде байланыс бөлімшесіндегі жұмысына барып отырып, жұмыс арасында монтёр жігіттермен әңгімелесіп отырады. Негізінен, үлкен ағасы мектептен кейін көкесінің жанында жұмыс істеген. Көкесі кейде өз қызметтеріне байланысты ауданда өтетін жиналыстарына кетіп қалатыны бар, кейде өзге де шаруалары шығады, осындайда жұмыстың барлығын үлкен ағасына сеніп тапсырады. Ауылдық жерде әр рудың өзінің ел ағалары болады. Ағайынның қызық-қуанышы, "біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" дегендей, қазалы жерде де осы ел ағалары тізгін ұстайды, пәтуалы сөз, елдік мүдде айтылуға тиісті. Көкесі де - өздерінің Баймырза руының басы-қасында ағалық жасап жүрген адам. Бұл жерде Шәріп, Қолғанат есімдері қатар аталады. Бір кезде ағайынның ас-тойында ел ағалық жасаған осы кісілердің есімдері әлі де жаңғырығып айтылып отырады. Көкесі осындай істердің басы-қасында жүргенде де байланыс бөлімшесінің жұмысын үлкен ағасына сеніп, тапсырып кетеді.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0