Тақпақ: Анама

Алла деп ашқан соң, өмірдің есігін,
Анашым әлдилеп, тербетті бесігін.
Құлаққа жағымды нәзік ол үнімен,
Тербетсін, тербетсін әр ана бесігін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы

(Сықақ)

-Аздап ішеді айыбы,

-Әйтпесе...

-Деп күрісінетін зайыбы.

Соңғы күндері Ағзамды

Танымай қалды.

Сап тыйып жүз грамды,

Құран кәрімді қолына алды.

Төр алдында жүгініп,

Белі бүгіліп,

Еріндері жыбырлап.

Кейде көзі жұмылып отырғаны.

Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі.

Түн баласында жайнамазға жайғасып,

Таң атқанда көз іледі.

-Дәл мендей мінажат етпес сопы - дағы

Шамалы ма, дерсің оқығаны.

Оқыса да,

Не керең, не соқыр - дағы.

Әйтпесе ақыр заман болады дегенде,

Неге шошынады,

Әлгі молда біткен осындағы?

-Деп тамағын кенеген

Ағзам отырғандарға қарады.

- Тақсыр, сонда жинаған мал - мүлік

Кімге қалады?

- Деп сойдақ шал тіл қатқан.

Ағзам айтарын айта салмай, бірден

Бір мүләйім күйге кірген.

Сонан соң орағытып әріден:

- Қорықпаған бір Алланың кәрінен.

Қозғалақтап ырғалып.

- Құр қалмақшы бәрінен,

Ең бастысы, Иманнан

Пайда жоқ дүние жиғаннан.

Жұмаққа кірмекші өз жанын өзі

Қиған жан.

Өртеңдер мал-мүлікті

Ақыр заман...

-Дей бергені сол еді.

-Кім қашан өледі,

Ақыр заман қашан, қалай келеді,

Оны бір Алла біледі,-

Деп ақырғанда әлдекім

Әйелінің құм болып жігері.

Еңіреп жылап жіберді.

Онсыз да әрең шыдап жүр еді.

-Ақырзаман болад деп,

Мал - қораға ілдіріп қара құлыпты,

Істеп жүрген жұмысын тастап,

Жан-жақтағы балаларын шақыртып,

Жұмыстарын тастатыпты бақырып.

Бір жосын қылық бастап:

-Өлсек, бірге өлеміз.

Ақырзаманды бірге көреміз,

-Дегенді желеу етіп.

Тұрмысы күннен - күнге кері кетіп,

Құруға шақ қалған.

Есік қаққалы тұр деген ақырзаманы

Есік түгілі тесіктен сығаламай...

-Әуелден – ақ жарым ес ең

Ақылың шамалы,

-Деп әйелі, бала - шағасының

Сол сәтте жалтырады табаны,

Жоққа сеніп барынан айырылған-ды.

Кей жандарға не шара?!

Жаңбыр жаумай су болған

Аз емес - ау бейшара.

Тұманданар ақыл - есі, жігері,

Азаматтың ада болса айбыны.

Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің даму жайы барша қауымның, елдің барлық топтарының назарында тұрған аса өзекті мәселе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі дәрежесі Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында көрсетіліп, оны меңгеру аталған Заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» болып анықталған. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейту мақсатында елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдеріісі жағдайында қыруар жұмыстар атқарылуда. Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін ескерсек, азаматтардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жүйелі меңгеруі үшін тілді тек қана жүйелі оқытулар мен сол оқытулар нәтижелерін, әділ бағалау жүмыстарын жүргізілуде. әрбір зайырлы елде мемлекеттік тіл деген елдегі барлық азаматтар пайдаланылатын коммуникативтік жүйесінің тілі болып табылады. Демек, Қазақстан халқы үшін маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілін жүйелі меңгеру. Әлемде азаматтардың тілдік коммуникативтік құзыреттілігін нығайту мақсатында тілді меңгерудің әртүрлі мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылып, тіл үйрету, оқыту мәселелері шешімдерін тапқан.
Осы орайда Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде бірқатар қазақ тілін үйрету құралдары, оқу әдістемелік кешендері, оқыту немесе тіл үйрету курстары өз жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі Қазақстан – полиэтникалық көптілді, мультитәдениетті мемлекет.
Қазіргі Қазақстанда этнотілдік ландшафт 2 жақты болып келеді: біріншіден, мемлекет көптілділікпен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ тілі мен орыс тілі жетекшілік орын алып отыр.
Қазақ және орыс тілдері – дүние жүзінің 4% сойлей алатын тілдерге жатады. Сонымен қатар, елімізде екінші тілі орыс тілі билингвтер саны күннен күнге ұлғаюда.
Қазіргі таңда қазақ тілін басқа ұлттарға үйрету лингвистика ғылымының мойнына жүктелген. Лингвистика бұл мәселеге байланысты көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінде қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдап жүрген халықтардың көп пайызын орыстар құрайды.
Лингвистика бір индивидтің немесе одан да көп тілдерде сөйлеуін психологиялық құбылыс тұрғысынан зерттейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Жүсіп Қыдыров лирикасының тақырыптық ерекшелігі

Кіріспе
Әр дәуірдің өз ақыны болады. Ал, әр дәуір өз ақынын туғызады десек, біз сөз еткелі отырған ғаламат ақын Жүсіп Қыдыров шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді; көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, асқақтаған өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені қарсы алдыңа жайып салады.
Иә, сонау 1960 – жылдары ұланғайыр қазақ поэзиясына еркіндей кірген бір топ дарынды ақындардың ішінде ақын Жүсіп Қыдыров та өзіне тән қолтаңбасымен, форма жағынан өзінше ізденісімен, көркемдеуші құралдардың жаңа да, тың бір түрлерін тапсам деген талпынысымен көзге түскен еді. Оның небәрі қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырында поэзия әлеміне жасаған қарымды қадамы өте сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Яғни поэзия - өмірдің сән берер әрі, сөл берер нәрі. Абай сөзімен айтсақ:
! Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.»
Міне, осы өнерді өрге сүйреп, уақыт өзгерісін сергектікпен қабылдап, ақын деген ардақты атты қадір тұтқан көрнекті өкілдерінің бірі де, ақын Жүсіп Қыдыров еді.
Демек, парасатты ақынның артына қалдырған мұралары қазақ әдебиетінің үлкен бір тарихы, ол әлі жан-жақты зерттеуді керек ететін аса ірі рухани байлық. Жүсіп өзі өлгенмен, ақынның артына қалдырған отты жырлары өлген жоқ, өлуге тиісті де емес. Данышпан ақын Абайдың сөзімен айтсақ:
! Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»
Иә, бұл нағыз шындық!
Ерсіз елдің өсіп-өнуі жоқ дегендей, халқының аяулысы, поэзия заңғарындағы жарық жұлдыз, ақын Жүсіп Қыдыров сүйікті халқын қандай да қиын-қыстау заманда өзінің сан қырлы шығармаларымен сүйсіндіре білді. Бірақ, Жүсіп жырларының сырлы құпиясы өз кезінде талай тағдырлы сын мен мінді, бағалау мен даттауды бастан кешірді. Алайда, ақын ешбір тайсалмады, берілмеді, ол қазақтың бай сөз өнерін өз бойына толық сіңіре қабылдай отырып, қажырлы ізденісті еңбегінің арқасында поэзияда қалыптасып орныққан өлшем - өрнекті керекті жерінде қырлап - өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан асқан шеберлік қырын таныта алды. Осы негізде жаңа өлшем, тың тақырып, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, формалық, көркемдік бояу, әуезділік байлығын молықтыра түсті.
Демек, біздің қарастыратынымыз, Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігі болмақ.
Сөз жоқ, Жүсіп Қыдыров шығармашылық қырлары сан алуан дарын. Ол – драматург, ол – зерттеуші, ол – аудармашы. Десе де Жүсіп талантының басты белгісі – ақындығы болып есептелсе керек. Алайда бір өкініштісі, Жүсіп Қыдыровтың лирикасы, шығармашылығы туралы бұрын да, тіпті бүгінде де зерттеу еңбектер жазылған жоқ, ал мақалалар жазылмады деп айта алмаймыз. Оның поэзиясы туралы: М. Қаратаев, Ә. Кекілбаев, Д. Досжан, Қ. Ергөбек, Қ. Мырзалиев, Б. Алдамжаров, Ф. Сахиев, Б. Айнабеков сынды әдебиеттанушы ғалымдар мен жазушы-сыншылар өз пікірлерін білдірген еді.
Жүсіп қаламының қуаты, құдіреті – желмен жарысып жаңалық ашуында емес, топырақпен табысып, дәстүр тілін дамытуында, қазақтың қара өлеңінің кем - кетігін түгендесіп, келісім кестесінде өзінің қасиетті қолтаңбасын қалдыруында, бүтін ғұмырын қазақ өлеңінің ұлттық үні мен сырын естіртуге бағыштауында, қатардағы қарабайыр құбылыстан шырайлы шындық туғызуында, сөйтіп қазақ халқының көркемдік тұлғасын біртұтас көркемдік жүйе арқылы бейнелеуінде. Сөзінде кездесетін әдемі әуез, сыршыл ырғақ кейде жүректі тебірентіп, кейде мұңға батырып, алыс арманға құлаш ұрғызады, кейде мына әлемнен басқа әлемді ұғындыратын, тылсым дүниенің қаттылығы мен тәттілігіне тәнті етеді, көркем ойды сұлу суретпен өзіне тән айшықпен өрнектей отырып, сөз құдіреті арқылы құлаққа жылы үн, көңілге әдемі әсер қалдырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ұстазға деген махаббат

Қолым боста студент кезде арнаған қойын дәптерімді ашып оқыдым…Ішінде талай–талай естеліктер жазылыпты. Өткен күндердің қызықты сәттері көз алдыңа тізіліп еске түседі. Парақтап отырып, ішінен ерекше бір жазылған естелікке көзім түсті. Иә, нағыз естелік деген осы болар! Мектеп бітіргенімізге 2 жыл толғанда ұстазымның маған арнап жазған естелігі екен. Ал, мектепті бітіргенімізге 14 жыл өтіп, арамыз алшақтаса да ұстазыммен әлі күнге дейін хабарласып, кездесіп тұрамыз.

Мен үшін шын жүректен жазылған сол бір ізгі тілектердің арқасында оқуымды қызыл дипломмен аяқтап, мамандық иесі болып, білімнің биік шыңына өрмелеп, өмірдегі асқар таудай армандарымды орындауға тырысып келемін.

Сол ұстазым - Маханбетова Гүлайым қазіргі таңда Панфилов мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 5-сыныпта жетекшілікке алғаш келген күннен бастап, өте қарапайым, ақылдылығымен, жүріс-тұрысымен мені өзіне бірден баурап алған еді. Қазақ тілінен олимпиадаға сен барасың деген күнінен бастап арамыз жақындай түсті. Ұстазға деген сүйіспеншілігім арта түсіп, айнымас достарға айналдық. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Үйлеспеушілік

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Астында Шолпанның жүреміз.

Мен оның сүйемін мұрттарын,

Мен үшін ол менің сыртаным.

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Ғашықпыз баладай пәктікпен.

Аяқты сезінбей тәждің астында,

Кеудеден шыққанша жан тіптен.

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Бір әннің жанымыз, қанымыз.

Ол түнде, ал күндіз жарылып өлсең де,

Сағатымыз сәйкеспес наныңыз.

Ол – торпақ, ал мен – таразы,

Дау бітпес күндіз де, түнде де.

Арқалар біртұтас, ал мұрын...

Үндеме,

Тәңірім-ау, қосылдық біз неге?

Ол – торпақ, ал мен – таразы,

Шолпанның астында тұрамыз.

Мұртына көңілім наразы,

Ал одан салқындық ұрады.



Людмила Черкашина - Украин ақыны.

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мамандық бұл сіздің өміріңіз

«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.

Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту.

Назарға алатын мәселелердің бірі жас маман болашақ жұмыс орнын таңдаудағы басты аспект деп жоғарғы жалақыны біледі. Бірақ, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылыс қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық даму да жоғарылайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Асқорыту және Секреция бездері тақырыптарын модульдеп оқыту

К і р і с п е

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын оқып үйренуге деген үлкен ынтамен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп айтуға болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру ғана деп түсінбеуі керек. Ол ертең ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыруға көмектесіп, танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі тәнтану пәнінің "Секреция бездері" және "Асқорыту" тақырыптарын модульдеп оқыту. Оқушыларға осы жаңа технологияны пайдаланып, биологиялық білім беруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға маңызы өте зор екендігін және модульдеп оқытудың жолдарымен, бағыттарымен оқушыларды таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Модульдеп оқытуға және оның әртүрлі бөлімдеріне жалпы түсінік беру.
2. "Секреция бездері" тақырыбы бойынша жоспар түзу, кесте құру.
3. "Асқорыту" тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспар түзу.
4. Оқыту барысында екі тақырып бойынша ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында жаңа технологияны қолдану және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Константин Паустовский | Вагондағы әңгіме

Егес Барнаулдың түбінде, пойыз рельс буындарын тарсылдатып, Обь көпірінен жайлап өтіп бара жатқан кезде басталды.

Сібірдің ұлы өзенін көрмек болып, жолаушылар терезелерге тұра-тұра ұмтылысты, бірақ ылғал қардан өзге ештеңені көре алмады. Жел оны ақ түтінше шаңытып айдап жатыр, тек сонау төменнен, көпір тіреуінің түбінен қорғасындай қара суды көруге болатын еді. Одан суық бу бұрқырай көтеріледі.

Ағаш балдақты жауынгер терезеден бұрылып, шырт түкірді де, шылымын орап, наразы көңілмен тіл қатты.

— Туһ, мына Сібірлеріңіздің' ауа райын-ай. Екі күннен бері көз аштырмай, жаңбыр аралас қар төпеп тұр, төпеп тұр, қарғыс атсын бұл араны!

— Мына сыншыға қараңдар! - деді күбірлеп сақалы тікірейген ұзын бойлы жауынгер. -Сібірді жақтырмайды өзі. Жер бетінде Сібірден бай ел жоқ. Ілгеріде орман ішімен кордондағы үйіме бара жатқанда, арбаның дөңгелегіне екі елі болып, езілген жидек жабысып қалушы еді.

— Қандай жидек? - деді тұлымы шолтаңдаған кішкене қыз.

— Бүлдірген де баяғы.

— Е, байғұс, чалдоным-ай. Біздің Владимирдің түбінде бір ай тұрып көрсең, басқаша әндетер едің-ау, - деді балдақты жауынгер күрсініп. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бес нәрсеге асық бол


(Жергілікті колледжіде өткен «Бес нәрседен қашық бол...» атты тәлім-тәрбиелік маңызы бар іс-шараға байланысты Абай ата өлеңіндегі ойды негізге ала отырып жазылған).

Өте ерте замандарда Тәңірі Адамды жаратыпты, жер бетіне түсіріпті. Адамнан тараған ұрпақ ол заманда шағын бір ауыл болып қана өмір сүрген деседі. Олардың тынысты тіршілігі мен татулық бірлігіне рақымы мол, құдіреті күшті Құдай мейірленеді.

Құдай адамнан бөлек Ібілісті де жаратады. Бірақ Ібіліс өзінің тәкаппарлығымен Құдайдың мейіріміне бөлене алмапты. Бірде Құдай қаһарланып Ібіліске де жер бетіне түсуге бұйырады.

Жер бетіне түскен сайтан таулар мен өзендерді, көлдер мен шөлдерді басып өтіп Адам ұрпағы мекен ететін шағын ауылға да жетеді. Тыныштық пен бейбітшілік, татулық пен келісім орнаған осынау мекен сайтанға ұнамапты. Сайтан адамзат баласының сыпайылығы мен тату-тәтті өміріне қызыға да, қызғана қарайды. Ішін қызғаныш билеген ол адам баласын осы жолдан тайдырмақ болып қаншама әуреленеді, азғырып та бағады. Бірақ онысынан түк шықпайды. Татулық, бірлігі тасыған ауыл адамдары қайта сайтанды келеке етіп, өзін мазақ қылады. Қамшымен сабап, сайтанды шөл далаға қуып тығады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0