Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бізге болашақта бәрі де керек

- Уақыт болса жедел өзгеріп бара жатыр, - деді ата-ана. Ол кішкентай қыздың әкесі екен.

- Ал біз болсақ, кеңестік мектепте білім алғанбыз. Кейде жолдастар деген сөзді тілімде көп қолданатыным бар. Мүмкін осының әсері шығар. Осы жиында отырған бәріңіз де ата-анасыздар ғой. Ұл-қыз өсіріп отырсыздар. Сондықтан мені дұрыс түсінеді деп ойлаймын. Менің де кішкентай қызым бар. Өзі құртақандай ғана. Сіздер оны тіпті көз алдарыңызға елестете де аласыздар. Мұндайда қуыршақтай ғана деуші ме еді. Қызым мектеп табалдырығын аттады. Мұның не екенін түсінесіздер ғой, әрине. Бәріңіз де ата-ата болғаннан кейін түсінесіздер. Қуанасың, тағы сол сияқты дегендей ғой. Баламен арақатынаста қиындықтықтар болмай тұрмайды. Ал қиындықты еңсере білу керек. Бұл - әрбір ата-атаның міндеті. Мінеки, сіздер мені қуаттап отырсыздар. Өйткені ата-ананың жанын ата-ана ғана түсінеді немесе мұғалім дегендей. Сіздер де баламен арақатынаста қиындыққа душар болдыңыздар ғой. Сөздеріңізге сенемін. Дәлелдеріңіз иланарлық. Ал біз болсақ, қиындыққа салған жерден кездестік. Айтуға ыңғайсыз енді. Дегенмен сіздерге бастаған екенмін, аяғына дейін айтып берейін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Бір түн


Іңір әлетінде "кеш жарық" деп кіріп келсең, келген үйің кешкі тамағын жаңа ғана алдына алып жатқан болса, үй иесі үйде жоқ боп, боқташақ балалардың арасындағы бас көтерері жалғыз ғана жас әйел болса — олар да ыңғайсызданып қалады, сол үйге сыймағандай солбырайып сен де тұрасың. Дегенмен, декабрь ішінің тымырсық аязы — осы үйден шықсаң-ақ шап беріп ала түсетіндей боп, сені еріксіз аялдатады. Жылынғаныңмен тұрмай, сол үйдің тұрмысына сын тағып кеткелі келген адамнан жаман көзіңді анаған да қадайсың, мынаған да қадайсың.

Жас келіншек салманы ұрғылай түсіп:

— Биыл салған үйіміз еді... Жөндейтін жері көп әлі, дейді.

Шын таңырқау осы жерден басталады. Екі бөлмелі үй, асты-үсті тақтайлы, жинақы ғана бұйым; төргі бөлмеде темір керует, керует тұсында мәнерлі кілем... Тағы-тағыларды көзіңмен бір шолып өтіп, кішкене ойлансаң, қаладағы кеуде қызметкерлердің бірі боп жүрген Абалақтың пәтері көзіңе келіп елестейді. Соғыстан шыққандай қирап жатқан бұйым, шашылып жатқан дүние болады оның үйінде. Үсті-бастары дал-дұл, танауларының асты нелеу боп, тәртіпсіз өскен балалары болады. Осының бәрінің ортасында тұлданып Абалақтың әйелі отырады: "Қараң қалғырдың қайсы бірін жинайсың?!" — деп. Сонда сол әйелдің бар бітіретіні — күнде базарға бір шығып, қаланың күнделікті өсегін теру ғана болады-ay... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Малайсары Тархан тас тұғырда

(Ойтолғам)

... «Малайсары Тархан» қоғамдық қоры құрылып, облыстық әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. 2015жылдың 21қаңтарында оған бас құрылтайшысы болуға кең байтақ қазақ еліне есімі кеңінен мәлім ел тәуелсіздігін табандылықпен қорғап, ыстығына күйіп, суығына тоңып, өркенді істерімен танылған Тито Уақапұлы Сыздықов мырза келісім берді.

Ол бұрында ел тарихы оның еңіреп өткен ерлеріне ұлы тұлғаларына әманда жүрегінің төрінен орын беріп, оларға байланысты атқарылатын әр істің көшбасшыларының қатарынан табылатын. Сонымен қатар қор мүшелерінің арасында талай игілікті істің басы- қасында болған, басқарған Қуат Есімханов ағаның, т.б. азаматтардың болуы ел сенімін арттыра түскен еді.

-Қоғамдық қор мүшелерінің ұсыныс-тілектері, ортақ ұйғарым шешімдері бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді,- деп еске алады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тіс пастасының күтпеген қолданысы

✅ Тіс пастасын тек тіс жуу үшін қолданасыз ба? Оның басқа да қолданысымен таныс болыңыздар.

Тіс пастасы жәндіктердің шаққан, тіліп, кесіп алған жердің қабынун басады.
Тіс пастасы күйіп қалған жерді тыныштандырады.
Терідегі қызарған жараларды жасырып, безеулерді кетіреді.
Тырнақтарды жылтырлатып тазарта алады.
Гель тіс пастасын кішкентай көлемде шашқа арналған гельдің орнына қолданса болады.
Қолға сіңіп кеткен балық, сарымсақ, пияз иісінен арылуға көмектеседі.
Киім мен кілемдерге сіңіп кеткен, кетпейтін дақтарды тазарта алады.
Тым қатты кірленген аяқ киімді тазартады.
Әктелген қабырғалардан қарындаш пен фломастер іздерін кетіреді.
Тіс пастасы көмегімен күміс әшекей бұйымдарын жылтырлатып тазартса болады.
Компьютер дискілерінің тырналған іздерін кетіреді.
Балаларға арналған шөлмектерді жаман иістен тазартады.
Күйіп қалған таба мен қазандағы дақтарды тазалайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Әкенің өкініші

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.

«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.

Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б»

Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен поездге асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып,қолыңды бұлғап: «Әкешім сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ғасырлар тоғысындағы Аналар

XX ғасырдың анасы өткен ғасыр Аналарына қарата сөйлейді:

Уа, Ана!

Сендер өз ұлттарыңның мақтанышына айнала алған ұл-қыздарды дүниеге әкелдіңдер. Оларды бесік әлдиімен өсірдіңдер. Түн ұйқыларыңды солар үшін төрт бөлдіңдер.

Қазақ ұлты өткен ғасырында аласапыран шайқастарды басынан өткерді. Сонда сендер дүниеге әкелген ұлдар өз ұлтының Азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Сендер үшін көздің қарашығындай болып көрінетін ұлдарыңның денесіне жаудың өткір жебесі келіп қадалды, улы найзасы түйрелді. Бірақ сендер ел қорғар оғлан ұлдарды өсірген едіңдер. Оларға үнемі бесігінен батырлық пен ерлік туралы жырларды айттыңдар. Олардың жаны мен жүрегі ана әлдиімен бесігінде-ақ шыңдалған еді. Сонан соң оларға әкелері қылыш ұстауды үйретті. Осы себептен де сендер өсірген ұлдардың рухы әманда үстем тұрды. Олардың ерліктері жау әскерінің құтын қашырды, мысын басты. Сендердің өсірген ұлдарың өз халқының Азаттығын сан мәрте қорғап қалды. Сондықтан да ұлттың рухы кейінгіге сақталып жетсе, осы жолда сендер өсірген батыр ұлдармен бірге, олардың Аналары - сендердің де үлестерің басым, Ана! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Шегінерге жер жоқ


Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының фашистік Германияға қарсы күресіндегі ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылғы күз және қыс айларындағы жеңістері болды. Бұл шайқас жарты жылға созылып, соғыстың бастапқы кезеңінің тағдырын шешті. Москва түбіндегі ұрыста совет армиясы алғашқы стратегиялық жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бұл жеңістің маңызы жөнінде партия тарихының, көп томдығында былай делінген: «Ірі әскери — саяси мағынасы бар соғыс барысында түбірлі бетбұрыстың бастамасы болған майдандағы елулі шегіністерден кейін жеткен ұлы жеңістің басқа үлгісі тарихта болған жоқ. Совет Қарулы Күштерінің Москва түбіндегі жеңісі тағы да Ленин сөздерін растап берді. «Жұмысшылар мен шаруалардың көпшілігі өз өкіметін, совет өкіметін — еңбекшілер өкіметін қорғайтындығын, жеңген күнде мәдениет игіліктерінің бәрін, адам еңбегі жасаған нәрсенің бәрін өздерінің және ол балаларының пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін істі қорғайтындығын білген, сезген және көрген халық еш уақытта жеңілмейді»,— деген еді В. И. Ленин. Неміс армиясының Москваға шабуылы Совет Одағы үшін қауіпті күндердің бірі болды. Гитлер өзінің армиясына тезірек жеңіске жетуге бұйрық берді, ол былай деп жазды: «Бірнеше аптаның ішінде ірі өнеркәсіп орталық біздің қолымызда болды. Жауды талқандау үшін қолайлы кезең туды, өлтіре соққы беретін кез келді. Бүгін осы жылдың тағдырын шешетін соңғы шайқас болады». .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Шантаж құрбандары

Әңгіме)

Андақұлдың шешесінің көрші ауылда тұратын сіңлісі қайтыс болып, соның намазына жүретін болды. Кетерінде ол:

- Құлыным, ана қасқа сиыры құрғырды мал өрістен қарсы алып, қораға қама. Далада қалмасын, ұры-қары бар дегендей,- деп қатты тапсырған.

- Апа, ұқтым!- деді бұл сөзін бөліп.

- Қой, көліктен қалып қоярмын, қозғалайын.

Шешесі кеткен соң, ол үйге бір кіріп, бір шығып қара кешті, малдың өрістен қайтар шағын асыға күтті. Ақыры, күн ұясына қонып, өрістен қайтқан малдың тұяғынан көтерілген қара шаң ауылдың шетіне іліккен тұста, бұл да шешесінің сиыр қайырғанда қолына ұстайтын шыбығын алып, малдың алдынан шыққан.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қып-қызыл


Қаттыбаланың көзі осы қыстауға қарай көсілтіп келе жатқан салт аттыны қиядан шалған. Атқа бір жамбастап қисая отырысынан, ат желігенде қопаң-қопаң етіп, бір орыннан екінші орынға ұшып-қонған сауысқандай шоқаң-шоқаң етісінен, мұның қой фермасының меңгерушісі Сәруар екенін бірден танып, қозы көш жерден алдынан шығып қарсы алған.

Амандықтан соң: «Біздің үйдегі ағаң төсек тартып жатқанына жарты айдың жүзі болды.

Колхоз бастығына өзім арнайы барып жолықтым. «Көлік жіберемін. Аудан орталығына апарып дәрігерге көрсетіңіз»,- деп еді. Оған да бірнеше күн өтті. Сізге ештеңе деген жоқ па?»- деп сұраған .Ол мұның сәлемін салғырт алып, манадан үнсіз келе жатқан ферма меңгерушісінің сол сәт талағы тарс айрылды.

-Әй, алжыған қақбас, сенің зәредей болсын партияның саясатынан хабарың бар ма, жоқ па? Жоқ, әлде партияға қарсысың ба? (бұл сөз оның бісмілләсі еді). Сол сәт ол Қаттыбалаға қаһарын тігіп, кәрлене қарады.

-О, несі ей?!- деді сөзін одан әрі сабақтап,- партия үшін сенің шалың ыз-ыз етіп ұшып, қоқыстан-қоқысқа қонып жүрген қара маса! Ұқтың ба? Қаттыбала басын изеді. -Ол бүгін өле ме, ертең өле ме партияға бәрібір.

Осы сәт өзіне-өзі риза болған кейіпте партия үшін сенің шалыңдай шалдардың оны өлсе түк емес, ал бір тоқты өле қалса... Коммунист Сәруар Шалдуарұлы, қайда қарадыңыз?- деп сұраудың астына алады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Алматы Бейжің ынтымақтастығы


19 маусым күні аспан асты елінің өкілдері ынтымақтастық ұсынысының жоспарымен таныстыру үшін оңтүстік астанамызға келді. Алдағы уақытта Бейжің қаласы туризмді дамыту комитеті Қазақстан-Қытай байланысын нығайтып, сауда-саттық пен туризм саласында айтарлықтай жетістікке жетуді көздеп отыр. Іс жүзеге асса, Алматы мен Бейжің арасындағы экономикалық үдеріс жаңаша дами түспек.

Аталған жоспар бойынша Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне сай туризм дамып, фармацевтика саласында дəрі-дəрмек өндірудің тиімді жолдары қарастырылады. 2015 жылдың 14 желтоқсанында Бейжің қаласында қол қойылған "ҚР ИДМ мен ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқарма арасындағы қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтық туристік сапарын жеңілдету және туристік лектің санын арттыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына" сай жүзеге асады.

Осы уақыт көлемінде Қазақстан-Қытай ішінде бірталай жоспарлар жүзеге асты. Оның ішінде сауда-саттық пен туризм саласы бойынша бірлескен жобалар жетерлік.Келешекте іргелес елдің тың жобасы жүзеге асса, ел тауарларын өзге де аймаққа сатуға жол ашылмақ.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0