Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балаларды ойын арқылы танымдық әрекетін дамыту

Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).
әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қабілетін дамыту

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. А.Сент де - Экзюпери айтқандай өмірде қанша Бетховен, Шопен ешкімге танылмай өтіп кетіп жатыр, себебі, туған кезде әр адамның бойында « Құдай берген» қаншама қабілет, дарын нышандары бар болады, кейіннен ол кереметтер дамымай , жоғалып кетеді. Оның үстіне қоғамдық әлеуметтік, мемлекеттік, саяси қалыптар оларды бір үлгіден шыққан бірыңғай ойлы, бірыңғай пікірлі, бірыңғай жігерлі «қуыршақтарға» айналдыруға тырысады. Ал, дамыған, гүлденген мемлекеттер өз азаматтарының бойындағы қабілет пен дарынның көзін ашып,осы қасиеттердің табиғатын зерттеп, өмірге жолдама беруге ұмтылады.Қазақстан Республикасында осындай үрдіске жол ашылып келеді.Сондықтан, бұл проблема - өте өміршең деп айтуға болады. Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақта – « Бұлақ көрсең- көзін аш» деген ғұлама сөз бар.Келешек психолог мамандарға осы жолда ауадай қажет теориялық және практикалық жәрдем беру. Курстық жұмыстың міндеттері.Осы бағыттағы дәстүрлі және заманауи білімді таңдау, негізгі бағыттарды айқындауды үйренудің маңыздылығын көрсету.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мектепке дейінгі баланың қабілетін дамыту

Кіріспе
Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс - әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының ( тіпті ол жақсы оқитын оқушы болса да ) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық процеске қатысушылар

Кіріспе
Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектемейтіндіктен, олардың заңдылығымен негізділігін қамтамасыз етуші, нақты қатаң процессуалдық кепілдіктер керек. Біздің мемлекетте қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына, азаматтың құқықтары мен бостандығын аз шектеу арқылы қол жеткізу көзделген. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелде

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы ,яғни тәуелсіз еліміз 1995 жылғы 30-шы тамызда қабылданған Конституцияның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық ,зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады.
Құқықтық мемлекет тек парасаттылыктың ,әділлеттіліктің шынайы белгісі ғана емес ,сонымен бірге адамның бостандығын, қадір -қасиетін ,
ар-намысын, теңдігін қорғайтын демократияны қалыптастыратын күш. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтық емес халықтың шынайы еркін білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекеттің демократиялық принциптері мемлекеттің жүргізіп отырған соттық-құқықтық реформасында одан әрі дамып жетілуде. Халықаралық-құқықтық нормалардың басымдығының ішкі құқықтардан жоғары болуын мойындау республиканың заңдық актілерін халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді талап етеді. Бірінші кезекте бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу барысында кездесетін құқықтық қатынастарға қатысты. Қ Р Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасы қолданыстағы заңнамалардың құқықтық реттеу жұмыстарында кездесетін олқылықтарды толықтыра отырып олардың нормаларын келешекте жетілдіру және олардың қоғамдық өмірдің аса маңызды салаларында тереңдету қажеттілігін атап көрсетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру

КІРІСПЕ
XV ғасырдың алғашқы жартысында біздің халқымыз өзінің соңғы бұрыңғы тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастап өткереді. Бүкіл әлемдік шеруде айрықша орын алып отырған Евразиялық ұлы мемлекетіміз Алтын Орда ыдырайды. Алтын Орда шығыс бөлігін құраған құдіретті көк Орданың өзі қаққа жарылып, қазіргі Қазақстан шегінде қазақ ордасы аталатын қуатты жаңа ұлыс бөлініп шығады. Алғаш рет 1456 жылы ірге көтерген қазақ мемлекеті арада оншалықты жыл өтер- өтпесте атамекен жерінің біршама бөлігінде өзінің саяси, әкімшілік , билігін орнатып үлгерді. Тағы да қырық жыл озғанда бүкіл оңтүстік , орталық және Батыс Қазақстан өңіріне өкім етіп, халқының саны бір миллионға жетеді. Енді бірер ғасыр орайында қазақ халқы қазіргі Қазақстан жерін толығы мен иеленеді, өсіп- өніп, кейбір кезеңдерде ұзын саны үш миллионды төңіректеп, ата жұртта біржола тамыр жаяды. Көршілері тегіс таныған, алыс жақын түгел есептесетін.Бұл ұлыс жер көлемі жағынан алғанда да, халқының саны жағынан алғанда да, әлемдегі ең үлкен әрі қуатты мемлекеттердің бірі болып тұрды.Қазақ халқының жалпы түріктік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз өз алдына отау тігіп, дербес те тәуелсіз мемелекет болғалы бері мемелекеттік тілде оқуға, оны жан-жақты зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы-бастауыш мектеп оқулықтарының мәтіндерін лингвостатстикалық тұрғыдан зерттеу.
Лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Оның Қазақстанда және бүкіл түркі тілдес елдер әлемінде іргетасын қалаушы филология ғылымдарының докторы, профессор Бектаев Қалдыбайұлы. Содан бері тіл білімінің бұл саласы жекелеген авторлардың, публистиканың, ғылыми шығармалардың тілдерін зерттеп келді. Соңғы жылдары оқулық мәтіндерін зерттеуге мойын бұрды. Мұның себебі оқулық мәтіндерінде қанша аз қолданылғандығын оның қаншасы түбір, қаншасы қосымшалы түрде кездескендігін, ал қосымшалардың жалғау, жұрнақ түрінде сөзге жалғану аясы қаншалықты екендігін дәл білу керектігінде. Осыларды толық біліп алмай қалай беру керектігін, оларды мәтінде қалай пайдалану қажетілігін білу мүмкін емес. Сондықтан диплом жұмысы бұрын-соңды қолға алынбаған ең өзекті мәселеге арналып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты - лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау.
Диплом жұмысының міндеті - лингвостатистикалық зерттеу нәтижесінде оқулық мәтіндерін әрбір пән бойынша анықтау.
- Әрбір пәндерде қолданылған сөздердің лексика граматикалық тобын айқындау;
- Оқулықтар мәтіндеріндегі жиі және сирек қолданылатын сөздерді нақтылау.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады.
Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Оқушылар информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттерде қалыптасады. Сонымен қатар, жеке адамны табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады.
Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме – мектеп оқушыларымен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы – үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ-ның болуы қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қырым конференциясы

Кіріспе
Кеңес халқының неміс-фашистік агрессорларына қарсы Ұлы Отан Соғыстың аяқталғанына 60 жыл өтті. Бірақта осы соғыстың батырлық жағдайлары қазіргі күнде де миллиондаған адамдарды толғандырады. Кеңең әскерінің жеңісі соғыстан кейінгі кезеңдегі жағдайдағы әлемдік дамуын анықтады. Кеңес әскерлері 1945 жылы мамырда герман рейхстагыне жеңіс туын артып қойды. Бірақ соғысты бастаған олар емес. Екінші дүниежүзілік соғыс (бірінші дүниежүзілік сияқты) имперализмнен туылды. Ол 1939 жылы күзде екі импералистік держава тобының қарулы күресінен басталды. Оның бастамалары Герман, Италия және Жапония үш импералистік милитаристік фашистік державалар болды. Германия және оның Европалық одақтастары 1941 жылы кеңес жеріне басып кіргеннен кейін соғысқа кеңес үкіметі тартылып қалды. Кеңес үкіметінің Ұлы Отан Соғысы басталды - әділдік, азаттық соғыс. Соғыс майданның бір жағында фашистік агрессорлық блокқа қарсы КСРО-мен бірге Ұлыбритания, АҚШ және бірнеше басқа мемлекеттер болды. Олардың жеңіске деген аманаты бірдей болмады. Фашистік Германияны талқылауда басты рольді кеңес үкіметі ойнады. Екінші дүниежүзілік соғыстың ірі және қатыгез күресінің аяқталу шешімі Кеңе-Герман майданында болды. Дәл осы жерде Германның ірі әскери группироваклары талқандалды. Дәл осы жерде агрессор тірі күшпен техниканың басты жоғалтуларын сезінді. әлемдегі бірінші социалистік мемлекет Герман импералистіу тарихтағы агрессивті әскери машинаны тоқтата алатын күшке ие болды. Оны артқа шегінуге мәжбүрлей алатын мемлекет болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0