Шығарма: Өнерлі өзін де, өзгені де асырайды

Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап ана сүтімен бойға даритын ұлы қасиет бар екен. Бұл қасиеттің бір жанға бұйырары, бір жанға бұйырмасы анықты. Бойыңдағы сол туа біткен қабілетке егіз ұғым бар. Ол – қанатсызға қанат, талапсызға талап сыйлар ұлы ұғым. Ол – шуақты күндерге толы жайлы өлке. Әрине, ол – өнер өлкесі.
Өнер өлкесі... Өнер өлкесіне саяхат жасарда қалайша толқымассың?! Ол әлемге кірсең, шықпағың қиын-ау, сірә! Мінеки, мен өнер өлкесіне таяп келемін. «Өнер» атты жаз мекенге жасаған бұл саяхатымның керемет боларына сенімдімін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Маңғыстауым киелі мекенім...

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады Мен туған өлкем Маңғыстау туралы толғасам алдымен 362 әулие мекендеген киелі аймақ екенін айтамын. Менің Маңғыстауымда Қазақстанның жеті кереметінің бірі - Бекет Ата жерасты мешіті Оғыланды шоқысына қашалған, үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлмесі бар, тарихи-сәулет ескерткіш орналасқан.Бекет ата 1750 жылы туылып , емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер

«Батырлар мен даналар шыққан дала,
Жете алмас енді саған еш қала.
Биік-биік үйлеріне шықсан сен,
Сондай рахат тәтті өмірге бөленгендей»
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » -, деп бекер айтпаған. Шыр етіп дүниеге келген, кіндік тамған жер әрқашан да қымбат әрі ыстық. Мен өз туған жерімді жанымдай жақсы көремін. Оны еш нәрсе айырбастамас едім. Туған жердің табиғаты, тау-тастары, өзен-көлі, барлығы керемет. Туған жерімнің өркендеуіне, гүлденуіне, жайнап-жаңаруына мен өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тілім менің- тірлігімнің айғағы

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым,
Сағат сайын саулығыңды тілеймін.
Сенсіз мынау керегі не ғаламның?!
Ана тілім әрекетімнің азығы, бар ғаламды танудың қазығы. Ой санамның дамуының өсуінің куәсі.Ғасырлардың кейінгіге әз үні. Тіл адамзат болмысының қайнары, ұлттық тарих пен әдебиетіміздің шамшырағы. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілі . Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады. Ол Алтай тілдері ортбасының түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілінің байлығы, көркемдігі жыраулар поэзиясынан, би- шешендердің нақыл сөздерінен бастау алары хақ.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің елім-Қазақстан!

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: жыл мезгілдерін ажыратуға үйрету.
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сұрақ-жауап арқылы ойлауын қазақ,орыс,ағылшын тілінде сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға,достыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру,тапсырмалар орындау
Көрнекіліктері: Үлгі суреттер,луллия шеңбері, үлестірмелі карточкалар
Қажетті құралдар: Қайшы,желім, түрлі-түсті қағаздар,қылқалам,түрлі-түсті қарындаштар
Блингвалды компонент: Жыл мезгілдері-времена годы
Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Әсем әуенмен балалар топқа кіріп, шеңбер болып тұрады.
-Балалар бізге шуағын төккен күнмен,мейірімді жер анамен,қайырымды аспан ата мен ж/е тобымызға келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері!
-Армысың шуақ күн
-Жылуыма жылу қос
-Міне менің қолым бос
-Күлімдеген күн мейірімді
-Кіршіксіз ақ қар мейірімді
-Таза мөлдір су мейірімді
-Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді
Аяулы анам мейірімді
-Қадірлі әкем мейірімді
-Әлпештеген әжем мейірімді
-Еркелеткен атам мейірімді
-Жылы жүзді ұстазым мейірімді
-Тату-тәтті достарым мейірімді
Балалар үш тілдіе амандасады. Балалар әуенмен топқа кіреді шеңбер бойына тұрып өлең жолын орындап үш тілде сәлемдеседі
Өлең жолдарын қимылмен орындайды.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: ГҮЛДЕРДІ СУҒАРУ

Мақсаты: Бақша гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата білуге меңгерту. Гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын дамыту. Балаларды табиғатқа қамқорлық көрсетуге және аялай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бақша гүлдері, бөлме гүлдерінің суреттері. Сөздік жұмыс: раушан, бөртегүл, қалампыр, геран. Билингвизм сыңары: гүлдер-цветы. Алдын-ала жасалатын жұмыстар: су құйғыш, тас, құм, топырақ, су, гүлдің көшеті.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Армысың, мейірімді – Аспан ата, Армысың, қайыпымды – Жер ана, Армысың, шұғылалы-Нұрлы күн. Армысың, балабақша- дос жаран. Балалар қимыл қозғалыспен шаттана жасайды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер – тұғырың

Елді сүю, туған жерді сүю – батырға да, ақынға да, қарапайым халыққа да тән қасиет. Кез-келген адам өз ата-анасын, туған жерін, туған тілін, дінін, салт-дәстүрін сүйіп өседі . Бұл қасиет- бізге ананың сүтінен, атаның қанынан өткен қазаққа тән қасиет.
Мен Маңғыстау өңірінде, Жаңаөзен қаласында өмірге келіппін. Кез-келген балаға тән қасиет, әр балаға өз туған жері “керемет”, “ғажап” болып көрінеді. Мағжан ата өз туған жері Сарыарқаны жырға қосып, сүйіспеншілігін білдірсе, мен де өз туған жерім Маңғыстауды шексіз сүйемін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Қазақ Елі

Қылышымен қорғап байтақ даласын,
Бір жаратқан артық еткен бағасын
Мен қазақпын мекен еткен осынау,
Алтай менен Атыраудың арасын.
Р. Зайытов
Ғасырлардың сан мыңдаған көшіндегі қазақ халқының даму тарихы өзгеше. Азаттықтың ауыр жолында тағдырлары өлшеусіз күреспен өткен қазақ ұлтының жанының тек еркіндікті аңсауы да осыдан болар. Ұшы қиыры жоқ кең далада көсілген, емін-еркін өмір сүріп сол даланың тарланына айналған қазақ үшін......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер!

Әр адам баласында алтынмен, ақшамен өлшенбейтін бір түсініктер бар. Отан, ата-ана, ар-ұждан, махаббат, - деген ұғымдар ешқашанда өлшенбеген және олар туралы түсінік мәңгі өзгермек емес. Отан дегеніміз – туып -өскен жерің, білім алған ордаң, туған –туыс екенін, бала кезден құлағымызға құйып келеміз. Мен осындай жаны жайсаң, жүздері жарқын ұлттың өкілі болғаныма қатты қуанып жүремін. Осындай қонақжай халықтың, жерінің де қонақжай, бай екеніне таң қаламын.
Жусан исі аңқыған даланы, бетегелі белдерді қай жерде жүрсем де, жадымнан шығарған емеспін.
Туған жер қандай адамға болсын өте ыстық болатынын,......
Шығармалар
Толық
0 0