Балабақша сабақ жоспары: 5 санының құрамы

Мақсаты: Көлемі бойынша заттарды салыстыруға жаттықтыру және ұзынырақ, қысқалау сөздерін қолдану.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,ойын арқылы.
Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн,
Армысың, асыл жер,
Армысың, жан досым.
Жылуыма, жылу қос,
Міне, менің қолым.
Мотивациялық кезеңі: Есік қағылып, хат әкеледі. Оның ішінде Мақта қыз, балалардан бес санының құрамын тауып берулерін сұрайды.
Іздену кезеңі: Балаларды бес санының құрамымен таныстыру үшін, оларды сандар әлеміне саяхатқа шақырады. Балаларды шеңбер бойымен поезд етіп, айналу.
1-ші аялдама:Бір саны- бір қой, бір қызанақ, бір Біржан, бір Мадина ...
2-ші аялдама:Екі саны- екі жылқы, екі саңырауқұлақ, екі Нұрай, екі Ерасыл...
3-ші аялдама: Үш саны-үш аю, үш сиыр, үш алма... .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Желтоқсан жаңғырығы

Тәрбиеші: Елім менің тәуелсіз жерім менің
Күннен алған шуақты өмір дәмін
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп
Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті балалар, қадірлі қонақтар!
Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан,
Отанымызға тыныштық тілейміз.
Ержан: 16-шы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ертегі ертегі сыр шертеді

Тақырыбы: Ертегі- ертегі сыр шертеді.
Мақсаты: Балаларға ертегідей жағдайларды жұптаса орындату барысында сөйлей отырып,тілдік қорларын, ойлау қабілеттерін, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапсырмаларды жұптаса орындата еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: магнитофон, математикалық лото, кірпіштер, қоян, қасқыр, аю киімдері.
Технология: ТРИЗ технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойнату.
Сөздік жұмыс: жұптаса, көмектесеміз, зәулім, домалату.
Тәрбиеші: Кәне, балалар біз бір-бірімізбен амандасайық.
Балалар: Аппақ қардай көңілмен.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік
Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді .
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
Бар әдемі үш көзім, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Автобус

Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру, адамгершілікке ,әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: cұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: плакаттар, көлік түрлеріне суреттері, гараж.
Сергіту сәті: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз,
Қайырлы таң балалар.
Балалар: - Сәлеметсіз бе , апай.
Мотивациялық кезең: -Балалар тыңдан даршы, бір дауыс шығады. Есікті ашып қарап, ой қараңдар , бізге қонақ келіпті . Тәрбиеші: «- Бұл кім »
Балалар: «- Бұл қуыршақ.»
Қуыршақтың тапсырмасын тәрбиеші балаларға оқып береді: «Бип-бип, жолдан былай кет.» .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Өсімдіктер қалай өседі

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін қалыптастырыу. Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірбиелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту. Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік: Гүлдер, трек схемалары, өсімдіктердің суреттері, дәндер, сұйық май, бауырсақ.
Технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тәжірбиелік жұмыстар және ойын.
Қостілдік компонент. Гүлдер- цветы
Күнбағыс – подсолнух
Растение – өсімдіктер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш Шаттық шеңбері
Балалар жиналды бір топқа
Сен менің, мен сенің досыңмын
Кәне қолды бер досым
Бірге ойнайық қуана. Балалар бір – бірімен дос болады .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Келді міне Жаңа Жыл

Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету.
Жүргізуші: Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелін,
Бәрімізге мына жыл арайлы.
Аяз ата әні.
Жүргізуші: Жақсы, балалар. Ал, енді, айтындаршы, балалар. Жаңа Жылдың сәні не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шышрамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар.
Шырша әні. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің тұңғыш Президентім

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар?!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
2-ші Жүргізуші: Балалар бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге,адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туғанжеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
(Күй әуені күмбірлеп тұр)
Көрініс
Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 23-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 21 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің Қазақстаным - менің болашағым

Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:
1. Туған жер – алтын бесік.
2. Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.
Сабақтың барысы:Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0