Реферат: Жылқы, ат

Жоспар
Кіріспе
• 1 Жылқыны қолға үйрету тарихы
o 1.1 Қазақстандағы тарихы
 1.1.1 Арийлер кезеңі
 1.1.2 Сақтар кезеңі
• 2 Биологиясы
o 2.1 Өмір мерзімі және кезеңдері
o 2.2 Сипаттамасы
 2.2.1 Түсі
• 3 Түрлері
• 4 Қазақ халқындағы жылқы маңызы
• 5 Пайдаланылған әдебиет









Үй жануары
Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар

Жамағаты: Хордалылар

Табы: Сүтқоректілер

Кіші табы: Нағыз аңдар

Ықшам табы: Ұрықжолдастылар

Сабы: Тақтұяқтылар

Тұқымдасы: Жылқылар

Тегі: Жылқы
Түрі: Жабайы жылқы

Кіші түрі: Үй жылқысы


Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (Е. цабаллұс) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Қолға үйрету тарихы
Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Зейін туралы түсінік оның түрлері

Психикалық іс- әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой- санасын істеп жатқан әрекеті сол әрекет нысана тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр- түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата- аналарының оған айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Заңдылық құқықтық тәртіп және заңды тәжірибе

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда – қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | ЗЕЙІН

Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біздің бір затқа қарасақ та оны байқауымыз немесе нашар көруіміз мумкін. Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін естіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер біздің бар зейініміз басқа бір нәрсеге аударылып отырса, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңілін аударса, оның екжей-текжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернет

Интернет – кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар.)
Әрбір торапта UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі – провайдер деп аталатын (ағылшынның «provide»-қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.
Шлюз – басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық платформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы біріңғай келісімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысы да басқа кез-келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Зат алмасудың жалпы заңдылығы

Tіpi организм дегеніміз — белгілі құрылымы бар биологиялық, система. Tipi организмде үзіліссіз зат алмасу жүріп жатады. Зат алмасу дeгeнiмiздiң, өзi организмде жүріп жататын барлық, химиялық процестердің жиынтығы. Организмдегі зат алма¬су тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Tipi организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тipшiлiк етеді, өcin жетіледі және өледі.
Соңғы кездерде әдебиеттерде «зат алмасу» дегеннің орнына «метаболизм» деген термин жиі қолданылатын болды. Бұл екеуі де 6ip ғана мағына береді, сондықтан өзара 6ipiн-6ipi ауыстырады. Осы екі синонимнін екеуі де пайдаланылады. Организмдегі зат алмасу (метаболизм) өзара тығыз байланысты екі процестен — катаболизм мен анаболизмнен құралады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Заңдылық және құқықтық тәртіп

Заңдылық туралы заң ғылымында құнды зерттеулер мен монографиялар жарық көрді. Көптеген ғалымдар заңдылықты екі мағанада түсінеді: Бірінші топтағы ғалымдар заңдылықты мемлекеттегі басқару режимі десе, екінші топтағы зерттеушілер заңды бұлжытпай орындау деген идеяны алға тартады. Сонымен қатар заңдылық құл иеленуші және феодалдық мемлекеттерде болмаған деген пікір қалыптасқан.
Адамзат тарихында қабылданған тарихи-құқықтық ескерткіштерге назар аударсақ, заңдылық құл иеленуші, феодалдық мемлекеттердеде болған, бірақ мүддені қорғауда тар шеңбер аумағында, таптық сипат деңгейімен ғана шектелген. Мысалы, ежелгі Римдегі Юстинианның Дигестерінде заңдылық туралы мынандай норма бар: «Заң деген ол сол, оған барлық адамдар бағынулары тиіс». Хамурапи, Ману заңдарынан да осындай талаптар аңғаруға болады. Мысалы, б.э. дейін XVIII ғ., қабыл-данған Хамурапи заңының шығуы мынандай қағида негізінде қабылданған: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Инвестиция

Инвестициялар деп өнер кәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және эканомиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызыметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табыс саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақтылық болып бөлінеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Инновация жаңа құбылыс туралы түсінік

Елдің бәсекелестік қабілеті, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі технологиялық бәсекелеске қабілетімен ұлттық инновациялық мүмкіндіктеріне байланысты. Технологиялық бәсекеге қабілеті екі аспектке тәуелді: біріншісі, технологиялық инновациялармен трансферт болса, екіншісі, түрлі қатынастарда технологияларды қолдану. Бірақ, бүгінгі күнде инновацияны зерттеу, меңгерумен кәсіпорындардың 10%-ы ғана айналысады.Мұның басты себебі-мамандар аздығы. Инновация нарыққа ену үшін инновациялық жобалардың тиімділігін арттыру әдістерін жақсы меңгерген білімді мамандар қажет.
Дәл осы себеппен «Инновациялық менеджмент» курсы жас мамандарды дайындау бағдарламасына әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуымен басқарылуы, функциялануының қажеттілігі туралы түсінікті калыптастыру үшін және инновациялық басқару саласындағы білім беруге шақыратын ең маңызыды әрі арнайы үйымдастырылған курс ретінде енгізілген. Ол басқару теориясының, менеджменттің басты жағдайларының бөлщегі әрі жалғасы болып табылады.
Ол басқару шешімдерін жасауды, инвестициялық, өндірістік менеджмент сияқты басқа да салаларымен және басқару кезеңдерінің тәртібімен байланысты. ....
Рефераттар
Толық
0 0