Шығарма: Сыйға тартылған бақытты өмір

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Aдaмзaт тaрихындaғы eң сұмдық сoғыстың бoлып өткeніне 71 жылғa тaяп қaлды. Бірaқ Ұлы Жeңістің ұмытылмaйтыны сияқты, сoғыс тa ұмытылмaстaй ізін қaлдырды. Жeңіс күні-бұл сaн мыңдaғaн ұрпaқ үшін oртaқ мереке. Бұл мeрeке-бeйбітшілік пен қaйырымдылықтың мәңгі жaсaмпaздығын, Oтaнын қoрғaғaн жaуынгeр-сoлдaттaр мен oфицерлeрдің aйбыны, тылдaғы Жeңісті жaқындaғaн жұмысшылaрдың eрлік eңбeктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін бeлгі болып қaлмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80% қатысты, соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Әлем халқы фашизмді жеңу үшін құндылықтарын құрбан етті. Барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Соғыс аяқталғаннан бері 71 жыл өтті. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қазіргі таңда егістік алқаптары жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Соғыс іздері Жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Есімі батырлардың ел есінде

Ұлы Жеңіске- 75 жыл Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың , аға буын өкілдерінің, бізідң әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс болса,Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.Осыдан 71 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл да қырғынды соғыс аяқталды. 1941 жыл 22 маусым-тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Дәл осы күні фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.Дәл осы күні «Ұлы Отан Соғысы» басталды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар елін жаудан қорғау үшн қолына қару алып,қан майданға аттанды.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен шекарашылар болды. Брест гарнизонында 1941 жылы үш мыңдай жерлестеріміз қызмет еткен екен.Шілде айында олардың көпшілігі елге қайта оралуы керек еді,бірақ жау шабуылы олардың жоспарларын күл-талқан етті.Соғыс кенет басталды.Соғыс өрті де ішке қарай тез енді.Бірақ соған қарамастан Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап жұдырықтай жұмылды.Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да айтарлықтай үлкен үлес қосты.1941-1945 жылдары әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам адам майданға жолданды. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жетпіс жылдан кейін табылған сурет

Дана халқымыз «Қарты бардың қазынасы бар» деген сөзді бекер айтпаған. Шежірешіл,батагөй қарттар қай жерде де елдің берекесін кіргізеді,өмірдің ыстық-суығын бастан өткізген аталардың кейінгіге айтары да көп болады. Оның үстіне ағайынның бірлігін, ауылдағылардың ынтымағын сақтайтын ардагер ағаларымыз қашан да ел арасында құрметке бөленіп жүреді. Міне, Ұлы Жеңістің де 70 жылдық мерекесі келіп қалды. Осыған орай, баспасөз беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды оқи отырып өз атамды еске аламын. Атам туралы шығарма жазсам деп, ойланып жүргенімде, біз күтпеген үлкен жаңалық болды. Ақтөбе қаласының тұрғыны осы суретті біздерге тапсыруды аманат етіп, Мәдениет ауылының тұрғыны Болат ағайдан беріп жіберіпті. «Өлшенген өмір бар»,-деп Майлықожа ақын айтқандай, менің атам жетпіс алты жасында 2001 жылы өмірден өтті.
Атам 1925жылы қазіргі «Таң» шаруашылығын қамтитын ауқымдағы елді мекенде туып , 1943 жылы Қармақшы аудандық комиссариаты арқылы әскерге алыныпты. Соғысқа аттанғанда он сегіз жаста болыпты. Қиыр Шығыстағы әскери бөлімдердің құрамындағы 9-атқыштар полкінде болған. Жапонияға қарсы соғысып жатқанда жараланып, госпитальға түскен. 1950 жылы елге оралып, Қызылорда медучилищесіне оқуға түсіп, оны 1953 жылы бітіріпті. Оқу орнын бітіре салысымен ауданымызда денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет етіп, 1985 жылға дейін осы салада жұмыс атқарған кісі......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қайсар жүректі солдаттарым

1941 – 1945 жылдар барша қазақстандықтар үшін өкініш пен жұбанышқа, қайғы мен қасіретке толы кезең ретінде мәңгі есте қалады. Келешек ұрпақтың жарқын, тәуелсіз болашағы жолында аға – әпкелеріміз сұрапыл соғысқа қатысып, жанкешті ерлік көрсетті. Жеңіс туын желбіретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру біздің батыр ағаларымыздың асыл арманы болатын. Жеңісті жақындатуда қаһармандық пен қайсарлық танытып, елжандылық пен елдіктің символына айналған ұлы бейне Бауыржан Момышұлы сұм соғыста еліне деген асқан сүйіспеншілігі мен жеріне деген шексіз құштарлығының арқасында жауға тойтарыс бере білді. 1941 жыл. Ызғарлы қыс. Түн. Волоколам тас жолы. Қарға омбыған бір топ әскер жер бауырлап, бір ізбен алға жылжып келеді. Осы әскерді үстіне қалың тоңды бүркене киген, мылтық асынған, сұсты командир басқарып тұр. Бұл жерде жаңа ғана қанды шайқас болып өтті. Анадай жерде қалпағын мұз басқан, кірпігін қыраудан аша алмай отырған сержант радио арқылы штабпен байланыса алмай жатыр. Қаһарлы қыстың әсерінен батальоннан 3 күн бұрын байланыс үзілген. Тіпті, «Батальон жау қолында қаза тапты» деген сыбыстар да ел арасында тарап кеткен. Анда – санда командир : « Бір солдат мың қолға татиды, берілмейміз! » - деп өз әскеріне рух беріп қояды. Солдаттар мұндай рухты сөздерді естігенде бойларына жылу барып, қандары тулап бір – бірлеріне қарап, «Біз жеңеміз!!!» дегендей болады. Бұл командир – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлының батальонды басқарып келе жатқанына 3 күн, 3 түн болды. Бауыржан Момышұлы бір сәтте қалың ойға шомып, кері шегінудің жоспарын құра бастайды. «Эх, мына соғыс тым ұзаққа созылып кетті.....
Шығармалар
Толық
0 0