Шығарма: Биязылық - ұлт құндылығы

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Жастаймыздан жаттап өскен тіл, мәдениет, отаншылдық сияқты бірқатар ұлттық құндылықтарымыз бар. Алайда, мен білетін қазақы мінез - биязылық та біздің ұлттық құндылығымыз. Ия, ия. Биязылықты да маңызы жоғары құндылыққа жатқызуға болады деп ойлаймын. Тіптен, биязылық зиялылықпен үндес құбылыс. Зиялы қауымның біз жақсы білетін өкілдерін еске түсіріп көрейікші. Биязылық - ол қасындағылардың, жора-жолдастарының көңілінен оң орын алу, қоршаған адамдарды, бүкіл қауымды осы мінезімен баурап алу. Қазақ айтады ғой, “мінезге бай” деп. Қазақта ата-бабамыздан келе жатқан жақсы мінездің түрі де көп: өр мінезділік, жігерлілік, намысқойлық және тағысын тағылар. Өкінішке орай, кейінгі кезде осы бір қасиет көзге көрінбей, байқалмай елеусіз қалып бара жатқан сияқты.

Биязылық - қоғам үшін де құнды, қасиетті. Ол тіптен, адамды түрлі жаман әдеттерден сақтайды. Өрекпіп тұрған, мінезі ұр да жық адам өзін де, көпшілікті де жарға ұрындырары хақ. Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деген жоқ па еді? Ал ұлы ақын Абай “Жүректен қозғайтын, әдептен озбайтын" деп, биязылықтың нормасын сақтауды адамдық парыз санаған. Биязылық – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа айналуы биязылықты қалыптастырады. Биязылық әлеуметтік ортаның талабына бейімделуге жетелейтін тұлғаның қасиеті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Музыка - жүрек тілі

Музыка- жүрек тілі Музыка адам жанын тебірентетін, ерекше күй кештіретін, көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Ол тап бір жәннат секілді. Өте әдемі әрі әуезді. Ол әлемге барғанда сен мол бақытқа кенелесің, өмірді басқалай сезінесің, дүниені басқа қырынан танисың . Бұл оқиғадан сен ерекше әсер аласың. Әдетте музыканы көңілдің кілті деп атайды. Себебі, музыка тыңдаған адамның көңілі лезде көтеріліп, өзін сабырға шақыра бастайды. Музыканың ерекшелігі сондай, ол кез-келген адамның жан-дүниесін, ішкі сұлулығын, жүрегін сезінуге көмектеседі. Ол арқылы біз адамның жүрегіндегі жылулықты, мейірімділікті сезіне аламыз. Музыка- осы әлемдегі ең құдіретті, қасиетті ұғым. Біз оны құдіреттеу арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіре аламыз. Біз музыканы орындаушы арқылы сезінеміз. Орындаушының шеберлігі оның табиғилығы арқылы музыка әуезделе береді. Солай ол тыңдаушылардың жүрегіне жол табады. Ал қазір сол көрерменнің ұнататын әншілері Майра Ілиясова, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова. Олар музыканың қасиеттілігін, киелілігін білетін жандар. Сахнаның жайнаған гүлдері десек те болады. Міне, музыканы солай бағалап, қастерлеу қажет. Өткен ғасыр әншілері музыканың қасиеттілігін білді. Ал қазіргі заман ше? Қазір өткен ғасырдағыдай мағыналы, кербез әндер бар ма? Әрине жоқ. Себебі, қазір заман өзгерді. Заман өзгерген соң, музыка бағыты да өзгерді. Қазір Қазақстанның өзінде екі адамның біреуі әнші. Оның дауысы бар ма, әнді нақышына келтіріп орындай ала ма оған ешкім мән беріп жатқан жоқ. Тек оның ақшасы болуы керек, әннің мағынасы бар м, жоқ па оған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Бүгін әнші, ертең продюсер, бүрсігүні актер болып кететіні де бар. Ал мен оған қарсымын. Музыканың әсемдігі, әуезділігі жойылып кетіп жатыр. Мағынасыз әндерден жас ұрпақтың, әсіресе біз сияқты балалардың ойы төмендеп жатыр. Соларға еліктеп өсіп келе жатырмыз. Бұл деген мүлде дұрыс емес. Музыка атты ерекше әлемді кірлетіп жатқан әншілерді шоу-бизнестен қуу керек. Олардың орнына дәстүрлі әндер орындайтын әншілерді қастерлеп, мемлекеттен ақша бөліп, солардың дамуына үлес қосуымыз керек. Сонда ғана ежелгі музыка қалпына келіп, еліміздің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Негізінен, біз бұл жаман қылықтың бәрін шетелдіктерден үйреніп келе жатырмыз. Олар не істесе біз соны істейміз. Олар шашын бояса, бізде бояп аламыз. Сырға тақса, бізде тағып аламыз. –Біз емес шетел бізге еліктейтіндей халық болуымыз керек. Музыка қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілі Ел

Тұғыры биік, Тәуелсіз елім - Қазақстан Қазақ тарихы – XIV-XV ғасырлардағы Керей мен Жәнібектің қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет құруынан бастау алады. Ата – бабаларымыздың төккен маңдай терінің, еткен еңбегінің арқасында бүгінге жетіп отырмыз. Бұрынғы зиялы қауым өкілдері қалың бұқараның санасын оятты, қиындыққа қарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренада қазақ елін танытты . 1986 жылы жалынды жастарымыз да тәуелсіздік жолында құрбан болып кеңестік билікке қарсы шықты. Әміршіл – әкімшіл жүйеге қарсы шыққан жастардың демократиялық қозғалысы жеңіліске ұшырағанымен, қазақ жастары нағыз жігерді, бостандықты, нағыз тәуелсіздік жолындағы күресті көрсете білді. Таусылмас күш–жігердің, сарқылмас ерліктің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәңір сыйлаған тіуелсіздігімізге қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізге жету үшін көзсіз ерлік жасап, өз күшімізді сарп еттік. Жас мемлекет алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Бірақ қазақ елі аз уақыт ішінде гүлденіп, тамырын тереңге жая білді. Өсіп-өркендеу үшін тың жобалар мен ауқымды идеялар жүзеге асырылды. Қазақ елі көзді ашып жұмғанша өз еңсесін тіктеп үлгерді. Жүз отыз ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақ астына біріктіріп, бірлік пен ауызбіршілікте өмір сүруде. «Шешен - сөз бастайды, көсем – қол бастайды» демекші, қазақ елінің көсемі бола білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кемелді келешегімізді ауқымды идеялармен өрнектеп, бағыт-бағдарымызды анықтап берді. Елбасымыз әр кезеңде келешекке үлкен мақсат қойып, көптеген міндеттер жүктеді. Бұл ауыр жүкті көтеру жастарға да міндеттелді. Болашаққа қадам басар алдында жастардың рөлі зор еді. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050», «Нұрлы жол, «Болашақ» бағдарламалары ел дамуына елеулі үлес қосып, бойыңа – қуат, ойыңа – қанат бітіргендей болады. Қазірде елеулі жұмыстың нәтижесінде бүкіл әлем Қазақстанды мойындап отыр. Жаһандану заманында алпауыт елдермен іргелес, тереземіз тең, бәсекелес болып отырған жайымыз бар. Осының бәрі – «Нұр аға» деп құрметтейтін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің кемеңгер саясаты мен кемелді идеяларының арқасы. Елбасын бүкіл қазақ елі, тіпті бүкіл әлем зиялылары мойындаған. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бір ғасырлық күрес

Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады .......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлт бедеріндегі Әбіш Кекілбаев қолтаңбасы

Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.

«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Мұқағалиым

Сен мені білесің бе, білесің бе,

Бүгінде кім өсуде, кім өшуде.

Мұқағали ақынның жыр маржандарының ішінде осындай жолдар бар. Ақын тастаған сауалға білмеймін десем, оның рухы кешірмес пе еді. Әрине, білемін.

Осыдан сегіз жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған сәтімнен бастап-ақ Маржан апайымның:

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың -

деп, ақын жырымен бірінші сыныпқа қабылдағаны санамда жаңғырып тұр. Сол сәттен бастап - ақ Мұқағали өлеңдерін жаттап, бойыма сіңіріп келемін. Уақыт алға жылжыған сайын өлеңге деген құштарлығым арта түскендей. Иә, кеше ғана тұлымшағымда ақ бантигім желбіреп, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатынымды ойласам, тұла бойымды бейне бір жұмбақ әлем билегендей болады. Ертең өмірдің бір кіші болып қаланатыным хақ. Ақын жырларының қайсысын оқысаң да , терең иіріміне тартып, өлең құшағына қалай кіріп кеткеніңді сезбей де қаласың. Оқыған сайын бір жаңалық ашқандай марқайып, шаттанасың. ......
Шығармалар
Толық
0 0