Эссе: Ата-ана қадірі

Дана халқымыз «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ата-анаға құрмет көрсету – асыл парызымыз. Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы тиіс. Әсіресе, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені де қадір тұтқан. Ендеше адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның болашағына деген сенімділігі – баланың ата-анасын қадір тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында жатыр.

Әрқайсымыз үшін дүниедегі ең қымбат жандар ата-анамыз болуға тиіс. Олардан жақын адамдар бұл өмірде табыла қоймас. Өйткені, олар біздің туған кезімізден бастап жанымызда жүріп, қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге береді. Оған қоса балаларым аш, қатарынан қалмасын деп «ішейін деп отырған астарын» біздерге сақтап отыратыны бәрімізге белгілі. Сондықтан ата-ананың алдындағы борышты өтеу өте қиынға түседі деп ойлаймын. Туған анамызды әлемдегі мұсылмандар зиярат қылатын Мекке, Мединеге үш рет арқалап алып барсақ та, анамыздың алдындағы борышымызды ақтай алмаймыз, анамыздың бізді тербетіп, бір түн ұйықтамаған кезіндегі борышынан ғана құтылады екенбіз. Себебі, олардың бізге сыйлаған баға жетпес сыйы – өмір. Сондықтан, ата-анаға не істесең, алдыңа өзіңнің балаларыңнан қайтады. Дүние кезек деген осы. Біз өмір бойы жас болып тұрмаймыз. Біз ата-анамызды сыйласақ, біздің балаларымыз да қартайған шағымызда өзімізді күтіп-баптап, бағып-қағатын болады......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Абай- қазақ әдебиетінің кірпіші

Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні.
Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.

Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Елбасы мұраты – ел бақыты

Қағаны – батыр, ақылгөйі кемеңгер болған елдің бағы жанады.
Тоныкөк

Арман... Арман таусылар ма?! Аты аңызға айналған Астананы көруге құштар едім... Игі жақсылардың арқасында жазғы каникулда жол түсіп, еліміздің шаңырақ қаласына бардым. Ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар күлімдей қарсы алып, дем арасында баурап алды. Даңқы алысқа жайылған Бәйтерек жақындаған сайын ажарлана түсті... Астанада болған үш күнім ғажайыптарға толы түстей болды... «Бір кездері «Арқалық» атанған жазық далалы кең мекенді адам баласын қанаттандырар, мынадай көрікті шаһарға айналдыру кімнің ойына келді екен?» деп ойлайсың. Иә, жауабын да білесің. Ол – ата-баба басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерге қанық, білігі мен еңбекқорлығын серік еткен, талай сынға төзе білген, жүрегі «менің елім, менің жерім» деп жырлаған Елбасының идеясы, Елбасының ерлігі.

Біз тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт өтсе де, әлем таңдай қағып, қызыға қарайтын елміз! Біз Туымыз көк аспанда желбіреп, Гимніміз асқақтай орындалып, ұрпағы бақытты балалық шағын өткізіп жатқан елміз! Бұл – үлкен құндылық. Мұндай бақыт қалай бұйырды? «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» демекші, бұл бақытқа қол жеткізген бірлігіміз бен көреген саясаты бар Елбасымыз деп ойлаймын......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Туған жер

Бар қазақтың қан тамыры ауылда,
Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.
Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,
Елбасы да жарлық етті қауымға.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.

Алтын бесік - ауылым! Оның бойында күретамыр болған Ор өзені. Ор - бір ғана сұлулық көрінісі ғана емес, Ор - алыстан ой арғытқан жолаушының аялдар, қонақтар мекені. Басын Мұғалжар тауынан алып, аяғын Ақжайыққа тірейтін еркелей аққан Ор өзенінің бойында алыстан мен мұңдалап тұрған Бөгетсай ауылы орналасқан. Бөгетсай - селолық округ орталығы, елді мекен. Ауыл тұсындағы ағып жатқан Ор өзенінің үстінен үлкен бөгет салынған. Соған байланысты осылай аталған. Ауылымызға жақын жерде Талдыбұлақ деп аталатын табиғи әсем жер бар. Ол жерге жазды күндері демалушылар жан – жақтан көптеп келіп демалады. Суға шомылып, балық аулайды......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Ұмытылмас ұлы ел

Біз қырандай самғаған, алдымызға мақсат қоя білген, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлы халықпыз. Біз әлем картасынан ойып тұрып, орын алып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Жаңа ғасырдың ұлы мемлекеті - Қазақстан!

Н.Ә.Назарбаев

Ен далада есіле,кең далада көсіле өмір сүрген ұлықты халықпыз.Сонау ықылым заманнан бері ата-бабамыздан қалған шынжырлы міндетті ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, қазақ елінің еңсесін тіктедік.Тарих тамырының түкпірінде жатқан құндылықтарымызды сақтап,алдыға үлкен мақсат қоя білдік.Көптеген қиындықтарды халқымызбен бірге жеңіп,Ресей бұғауынан босап,келешегіміздің,ұрпағымыздың болашағын ойлап,ел тарихындағы маңызды шешімді қабылдадық.Бұл шешімді қабылдауда ұлт зиялылары мен ұлт көшбасшылары көп үлес қосып,халқымыздың жаңа елдік идеологиясын қалыптастырды. Осылайша біз жаңа,арманы асқақ болашағымызға қадам бастық.

ⅩⅩ ғасырда тәуелсіздігімізге,елдігімізге қол жеткізіп,төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыздың асқақ арманын орындадық.Осы бір қиын жолды қазақ батырларынын бастап,Ахмет Байтұрсынов,Сәкен Сейфуллин,Міржақып Дулатов аталарымыз тар жол тайғақ кешумен және халықты жігерлендірумен ұлтымызды қоғады.Олар еліміздің мықтылығын,ұлылығын барша ұлтқа танытпақшы болды.Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін алты құрлыққа танылған халық атандық.Осылайша еліміз қырандай қомданып,тұғырына қайта қонды......
Эсселер
Толық
0 0