Махаббат хикаясы: Өмір белестері

Әңгімемді неден бастарымды да білмеймін....Анадан жаман болып тумайды ешкім.Жаратушы иеміз кейбір адамдарға жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар берсе, кейбіреулері әдемі бола тұра өзіндік қиыншылықтары болады.
Жақсы мінез, жарқын жүрек,парасат,
һәм денсаулық, әркімге де жарасад
Алла кімге бұл төртеуін сыйласа,

Ол өмірден табар мәңгі рақат демекші адамның төрт құбыласы тең болса,одан бақытты адам жоқ шығар. Анамның мейірімге толы жүрегімен дарытқан тәрбиесі бала санасына құрсақта жатқанымда-ақ алғам.Мен қарапайым қазақ қыздарына тән мінезді де қылықты қызбын. Бірақ сыртым бүтін болғанмен, ішімде от алауы жанып жатқанын кім білсін. Олай дейтін себебім-менің денсаулығым нашар. Жиі ауырамын. Оң жақ құлағымның дұрыс естумеушілігі бар. Тағдыр басқа не жазса да,адам одан айналып өте алмайды екем.Мұның өзі қандай -қиямет екенін ауырған адам ғана білетін шығар. Сондықтан болар, адамдармен тіл табысқанда өзімді төмен санаймын және де өзімді алшақ ұстауға тырысам.Түндерім ылғи жылаумен өтетінін менен басқа ешкім білмейді......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Мәңгілік көктем

Семейге көктем ерте келді. Бірақ тосын келді. Біреуге - жол, біреуге - қор болып келді. Десе де, көптен бері көңілімде жүрген көмескі ойды сеңдей соғып кетті. Жол болды дегенім –өз басым шын сүйгенімді кездестірдім. Қор болды дегенім –маңайымдағылардың махаббаты. Осы әңгімесымағымды жазуыма ықпал еткен, қарындасымдай көретін қазақтың қаракөз қыздарының бірінің басынан өткен әңгімесі еді. Ендеше сөзімді «жол болдыдан» бастайын.

Шынымен де менің жолым болғыш. Семейдің білдей бір зәулім университетінде оқып жатырмын. Талайлар бұл орынға түсе алмай быжақтап жүр, ал мен ұйқтап жүріп, тәлейім болып түсіп кеттім. Содан арқаны кеңге салып, Өскеменге, жүріп жүрген қызыма аттандым. Албырт көңілім алып ұшты ғашығыма.

Сәскеде Ертіс бойында Қаракөзбен кездестім. Қол ұстасып, қауышып, жағалауда көп жүрдік. Кешкісін оны биге шақырдым, дос қызымен келді. Есімі- Гүлмира. Сол түні бидің түбін түсірдік.

Ертесінде түстен кейін Семейге кайтатын болдым. Қаракөзбен қимай-қимай қоштастым. Ол суық қоштасты...жанарында қимастықтан гөрі қиналыс бар......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Баянсыз хикая

Кез-келген адамның өмірінде махаббат атты киелі сезім бір оралары хақ. Мұны әркім әрқилы ұғынары және бар.
Сұлулығы көздің жауын алған, сымбаты жүрек сыздатар жаныңды қоярға жер тапқызбас нәркезкөз аруларды шыққыр көзін шалғанда, қандай күй кешесін?! Бармақ тістеп, ойыңды астан-кестен етеді-ақ. Жә, бұл жай әләуләйім ғой... Бәрінен бастан кешкен, өзің куә болған Азат пен Айдананың арасындағы хикаяны сөз етіп көрейік. Жаздың жаңа ғана ыстық үрлер уағы. Бірнеше күн шойын жол шиқылы миды жеген солдат вагонынан құтылар сәтке сәл ғана уақыт қалған. Туған жер! О, неткен ыстықсың. Неткен ғажапсың?! Сенің құшағында жүргенде біз мұңдар сезінбеппіз ау! < br /> Вагоннан поезд тоқтар-тоқтамастан секіріп түстім. Жерді құшақтап, аймалап, қайраң анашымның құшағында тұрғандаймын. Айналамда не болып жатқаныммен шаруа жоқ. Екі жылғы сағыныш, наз, күйініш, жапа бәрі-бәрі тізбектеліп, көңіл таспасынан жылдамдатқан түрде өтіп жатты. Әсіресе батыстық ұлтшылдықтың, қорлаушылықтың шеменді сәттері оған қарсыласқан менің қылығым өзекті өртеп, көзімнен жас болып парлап жатты...көзімді сүртіп, басымды көтерсем, әкем Айдар, інім Данияр тұр ектелеп. Ұшып тұрып әкемнің апайтөс құшағына қойдым да кеттім.
Бұрын менен еңселі, қақпақ жауырын әкем еңкіштеніп қалған сыңайлы. Сағыныш мауқымызды басып, жөн-жоба сұрастық.
Әкемнің көк “Жигулисімен” әп-сәтте үйге де жеттік. Біздің көк шатырлы үйдің маңы нөпір адамдар. Ауыл адамдары. Бәрі менің әскерден келген салтанатыма жиналыпты.
- Пәлі, Айдар мен Күләш ақ түйенің қарнын жарар. Бүгін жасамаған той енді қашан жасалар. Өзі еңгезердей, аптал азамат болыпты. Әке-шеше тілеуі осындай-ақ болар......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0