Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы

Кіріспе
Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз.
Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау, сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып талдау болып табылады.
Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік.
Тақырыптың өзектілігі: Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиеті арасындағы өзара байланыс-қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи және теориялық жағынан барлық қыры толық күйінде, жан-жақты зерттеле қоймаған аса күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Ал, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу-ұлттық сөз өнерінің эстетикалық қуатын, философиялық мән-мағынасын әрбір әдеби жәдігерліктердің өмірге келу себептерін айқындап алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімізде орын алып отырған қыруар өзгерістердің өзі ежелгі көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын ғылыми негізде
айқындап алуды қажет етіп отыр.Рас, соңғы жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуге арналған бірқатар қуынды еңбектер өмірге келді.Алайда, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін, сан қилы мәселелерін, жанрларын тағы басқаларын зерттеуге арналған мұндай ғылыми еңбектер өзара жалғаспай, бірін-бірі толықтырмай, сол арқылы ежелгі дәуір әдебиеті тарихының тұтас ғылыми картинасын жасамай, әрқайсысы жеке-жеке күйінде қалып отыр.
Көне жазба әдебиеттің ауыз әдебиетіне, ауыз әдебиетінің көне жазба әдебиетіне өзара әсер ықпалын, байланысын қарастыру әдебиет тарихындағы елеулі мәселелердің бірі.Осы құбылыстың табиғатын тану, қыры мен сырын түсіну қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қалыптасу, даму динамикасын қадағалау әдебиет тарихының үлесіне тиеді. Бұлардың өзара сабақтастығын, байланысын анықтау- осы ғылым саласының басты проблемаларының бірі. Осыған орай ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен түркі-оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз әдебиетінің элементерін, уыз әдебиеті үлгілерін тауып талдауды алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридың «Диуани-лұғат-ат түрік » еңбегіндегі үлгілердің және Әлидің «Қисса Жүсіп »,Рабғузидің «Қисса-ул әнбия» сияқты туындыларының ауыз әдебиетіне әсер- ықпалын ашуды да мақсат деп алдық.
Осы аталған мақсаттардан төменгідей міндеттер келіп саяды:
-Сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп, сол әдеби мұралардың қазақ халқының өздерінің төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ашып көрсету.
-Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары,рауаяттары халық арасына ауызша тарап кеткен.Міне осы шығыстық қисса-дастандардың қазіргі ауыз әдебиетіндегі варианттарын танып білу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

1.1.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1].
Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ – шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі

КІРІСПЕ
Көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін, оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын, оқытуга арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әртүрлі нұсқаларын әзірлеу әрбір оқытушының негізгі жұмысы болып табылады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Электрондық оқулық көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне -байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі-электрондық оқулыктар дайында болып отыр. Ал оларды оқыту процесіне қолдану-сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Себебі тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Электрондық оқу материалдарын әрбір оқытушының, тіпті болашақ мұғалім-бүгінгі студенттің дайындай білгені жөн.
Сондықтан біз осы мәселелерді ескер— отырып, курстық жұмысымыздың тақырыбын «Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі» деп алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Физика сабақтарында «Жылу құбылыстары» тақырыбына әдістеме жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Мектептегі денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу

Зерттеудің көкейтестілігі. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған 1. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты халыққа жолдауындағы еліміздің «2020 – Саламатты Қазақстан» даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті 2.
Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғамымыз зор үміт күтеді. Міне осындай болашағынан үміт күттірген талантты да дарынды жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап білімді, денсаулығы мықты әрі жан-жақтылы етіп тәрбиелеу кезек күттірмес мәселе екені бәрімізге аян. Ал, осындай жауапты, ауыр міндетті арқалауда дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екені бәрімізге де түсінікті. Дене тәрбиесін жүйелі де ғылыми өткізу арқылы дені сау оқушылардың денсаулығын онан ары нығайтумен қатар, денсаулығы әлсіз балалардың ауру азабынан ертерек құтылуына, ағзасының, дене мүшелерінің уақытша жоғалтқан немесе әлсіреген қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына тезірек келіп, басқа балалармен бірдей асыр салып ойнауына көмегін тигізе алатын тамаша мүмкіндікті қолдан шығармау керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | «Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы

Зерттеудің өзектілігі:
Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясы көгінен көрінген халықтың біртуар перзенті. Халық ауыз әдебиетінен, жалпыхалықтың тіл дәстүрінен үлгі-өнеге алған, ұлы Абай шығармашылығынан сусындаған Ілияс Жансүгіров жырлары – XX ғасыр қазақ поэзиясындағы ерекше туындылар. Өйткені, «көп қырлы талант иесі І.Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы».
Туған әдебиетіміздің дамуына өзінің көркем туындыларымен үлес қосқан Ілияс Жансүгіров өз поэзиясында өмір ақиқатын, болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады. Ақын туындыларының халық сүйіспеншілігіне бөлену сыры да осында.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде Ілияс өлеңдерінің әдеби ерекшеліктері әр жылдары Ғ.Тоғжанов, Т.Әбдірахманова, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев сынды әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелді. Онда қазақ өлеңдерінің құрылымы, оның түрлері, жекелеген сөз шеберлері өлеңдерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оларда поэтика, стилистика мәселелерінің тоғысып, бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуы осы тектес зерттеулердің ерекшелігін танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы және ұлттық танымға негізделген тілдік тұлғаның қолданылуы арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз.
«Құлагер» поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік тұлғасын қазақ халқының тарихымен, таным-түсінігімен байланыста танудағы ұмтылыстың қажеттілігінің мәні қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеу екені көрсетіп отыр. Сондай-ақ тілдік тұлға мәселесі жеке жазушылардың немесе бүтіндей бір әдеби кеңнің тіліне арналған зерттеулерде қолға алына бастады. Сонымен қатар, тілді диахрониялық тұрғыдан зерттеуге қазақ тіл білімі де бет бұрғаны белгілі.
Мұндай бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен ұлттың тығыз бірлікте екендігінің дәлелі болмақ. Сондықтан да Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы ақынның өзіне тән тарихи-мәдени тілдік деректер негізінде қарастырылып, поэма тіліндегі ұлт дүниетанымын білдіретін лексикалық қызметін көрсетуге ұмтылдық. Осыдан ақынның жалпыхалықтық тілді пайдалану үлгісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі еріксіз туындайды. Өйткені суреткер тілінің көркемдігі мен бейнелілік сыры көркем тілтану тұрғысынан қарастырғанда ғана айқындалатыны белгілі. Сондықтан да ақын шығармаларының тілдік тұлғасын анықтап, оның көркем поэма тілінің тілдік тұлғасын зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны: І.Жансүгіров шығармашылығындағы ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан бірліктер – концептілер жүйесі құрайтыны анықталды.
Зерттеудің мақсаты:
Қазіргі кезде қазақ филологиясының ерекше көңіл бөліп отырған саласының бірі – көркем әдебиет пен оның стилі, сөз зергерлерінің шеберлігі.
Ілияс тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін мүмкіндігінше толық талдау мақсаты көзделеді, әрі белгіленген әр деңгейдің жүзеге асуы нақты бір лингвистикалық мақсат-міндет жүктейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту

Зерттеудің өзектілігі. Студенттердің оқытушымен бірлескен, жұмысы теориялық білімдібекітуге тереңдетуге себін тигізеді, оқу-әдістемелік жзәне тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.
Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемесін оқиды.
Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техника негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамджас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әртүрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Жасыл балдырлардың биохимиялық құрамын анықтау

Қазіргі таңда, қоршаған ортаның антропогенді ластануына байланысты экологиялық жағдайлар күрт өзгеріске ұшырағаны баршамызға мәлім. Осының салдарынан экологиялық таза өнімдер алу үлкен қиыншылықтар тудыруда. Сол себептен табиғи жағдайда өскен өсімдіктерді - түсімділігі мен өнімділігі жоғары гендік модифицирленген трансгенді түрлерге ауыстыру кең таралып жатыр. Дегенмен де, ондай өнімдердің адам мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі толығымен анықталмаған.
Ауыл шаруашылық өсімдіктер мен жануарлардың төзімділігі мен өнімділігін арттыру мәселесінің шешімдерінің бірі - тағам ретінде, азықтық, жемдік қоспа, тыңайтқыш ретінде микробалдырларды кең көлемде тұтыну болып табылады. Микробалдырларды өсіру экологиялық таза, экономикалық тиімді болып табылады және арнайы жағдайларды талап етпейді. Аз уақыт ішінде олар көп биомасса жинақтайды, ал сол биомассасының биохимиялық құрамы өте бай және оларға түрлі биологиялық белсенді қоспалар кіреді. Сонымен қатар, өндірістік жағдайда микробалдырларды өсіру мерзімге тәуелді болмайды.
Дегенмен, микробалдырлардың өсу қарқындылығын арттыру және олардың биосинтез процестерін арнайы өнімдерге бағыттау, атап айтқанда ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Талдап оқыту әдістемесі

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
Жұмыстың көкейкестілігі. Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылудың, бәсекелестікке барынша лайықты болашағымызды тәрбиелеудің басты бағдарына айналып отыр. «Өркениеттің аса маңызды міндеті- адамды ойлай білуге үйрету»- дейді амарикандық ойшыл, өнертапқыш Томас Эдисон айтқандай талдап оқыту терең, тиянақты білім алуға негіз қалайды.
Оқыту үрдісін сапаландыру үшін қажетті ақпараттарды таңдап алу маңызды, сол ақпараттарды қабылдаудың үш деңгейі бар:
1. Күнделікті тәжірибелік;
2. Нақты ғылыми;
3. философиялық, дүние танымдық.
Оқыту мен тәрбиелеудегі күрделі міндеттерді табысты шешудің жолы мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне, шығармашылық еңбегіне байланысты. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе, ол- адамды қалыптастырушы адам, оқутыда талдап түсінікті дәрежеге өзіні- жеткіншектің еңбек ету арқылы жетуін ойластыруда. Талдап оқу әдістемесінің мәні- оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, ұғып қана қоймай, түсініп, талдау арқылы білу және оқу материалдарын тұтас байланыстыруында. Сонда ғана оқу тиімді болада, оларды жүйелей білу. Адамның ең бір жетілген құралы- сөз, сөз адам ақыл- ойының ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Олай болса, оқу-тәрбие жұмыстарында талдап оқыту, ойлау, үй тапсырмасын орындау, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын баяндауда оқу материалдарын жүйелеп, байланыстыру, оқу мен тәжрибе сабақтас ұғым екендігін сезуі, болу есте сақтап мәнін түсінуде атқарар рөлі зор.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып көрсе, дүниедегі жақсы- жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам біліміді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»- деген Абайдың он тоғызыншы ұлағатты қара сөзінің мәні үлкен, ол талдау, түсіну, тәжірибе алу, үлгі тұту арқылы әр адам жетіледі деген ойды білдіреді.
Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу, ол үшін талдап оқыту әдістемесін зертделеу, меңгеру қажет, шәкірттың өзіне психологиялық бақылау жасау арқылы білімнің негізін анықтай түсуге, үйретуге ұмтылыс жасалады. Талдап оқыту әдістемесін зерделеудің қажеттілігі мұғалімнің өз сабағын тиянақты білуі керек, ол үшін талдап, терең түсінуі, үздіксіз бақылау жасап, оң жақсы қасиеттерін көріп дамыту қажет.
Талдап оқыту әдістемесінің мәні- баланың ықыласын ояту, қолынан іс келетіндігіне сендіру, сөзі мен ісінің жасанды емес шынайы болу басты шарттардың бірі, әсіресе шәкірттің кемшілігін емес, жеңісін ізде, әр бала табиғаттың құбылысы, сол үшін сыйлауға болады. Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана, талдап оқытуға шәкірттердің ынта- ықыласын тыңдау арқылы жетуге болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Ауызекі сөйлеу стилі

Кіріспе
Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.
Қазақ тіл білімі о баста ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтың көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминскийде осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз аузынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол: «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе: олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Алайда революцияға дейінгі зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етілді.
Революциядан кейін қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер - әдеби тілдің қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің рөлін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде ауызекі сөйлеу стилі қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады. Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Осы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты табиғаты күрделі саналатын ауызекі стилінің функционалдық стильдердің ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерін көрсету мүддесі алға қойылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0