Мақал-мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мағынасы бар мақал-мәтелдер мында

Қазақша мақал - мәтел: Азамат

Ер-азамат белгісі:
түзде - мырза, үйде - құл.

Арғымақ аттың құйрығы -
әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі -
әрі мырза, әрі құл.

Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша Мақал - Мәтел: Күйеу

Күшік күйеу болғанша
иттің күшігі бол.

Кайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

Қалындығына өкпелеген күйеу
қайнысына сәлем бермейді.
Мақал-мәтелдер
Толық
15,5 -9,5

Қазақша мақал - мәтел: Ешкі

Есі кеткен ешкі жинар,
Ешкі жинап есін жияр.

Айдағаны - бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады.

Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен ізде.

Әркім тапқанын теке қояды.

Жылқыны бөгелек,
Ешкіні кебенек аздырады.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0