Мақал-мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мағынасы бар мақал-мәтелдер мында

Мақал - мәтел: Әйел, қатын

Әйел боянса — бұзылады,
көп қиқандаса — ұрылады
(Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса — жеңіледі,
еркелесе — жеңеді
(Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса күші екі көзіне жетеді.
Мақал-мәтелдер
Толық
23 -12

Мақал - мәтел: Жер

Әуелі тәңірі жерге береді,
Жерге берсе елге береді,
Елге берсе ерге береді.

"Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау".
Мақал-мәтелдер
Толық
33 -20

Қазақша мақал - мәтел: Ақша, пайда

Ақша болса,алақанда сорпа қайнатады.

Ақшаның көзі қызыл.

Ақша бар жерде албасты бар.

Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.

Жарлының ақшасын жаман тауар құртады.

Құмалақтың есебін Құдай біледі.

Қарыз күліп кіріп, жылап шығады.

Пайда да бір, аққан су да бір.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша мақал - мәтел: Би, билік, шешендік

Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан
(Бұқар жырау).

Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.

Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның елін жау араламайды.
Мақал-мәтелдер
Толық
48,5 -27,5

Мақал - мәтел: Келін

Келін жаксы болса
үйіңе көп кісі келеді.
Келін жаман болса
Келген кісі кеткісі келеді.
Ас құй десең төккісі келеді,
"Төкпей құй" десең сөккісі келеді
(Шал ақьн).
Мақал-мәтелдер
Толық
24,5 -14,5