Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Ана тілім – тарихымның мұрасы)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Ана тілім – тарихымның мұрасы)

Қайраттымын, еңсем биік әр таңда,
Бақыттымын, рухым асқақ жалғанда.
Жаратқанды, тарихымды танысам,
Бәрі-бәрі Ана тілім сенің ғана арқаңда.

Ана тілім – аманаты бабамның,
Ана тілім – тірегі ғой санамның.
Ана тілім – тарихымның мұрасы,
Бастауындай асқар биік арманның.

Тұлға болдым, мақсатыма жол салған,
Тәңірім бар міндетімді жолдаған.
Жеткізуде жырларымды, сырымды,
Сен едің ғой Ана тілім қолдаған.

Құдіретің маған сенім береді,
Ал сенімім қиындықты жеңеді.
Қазақ тілі – ғалым тілі, ер тілі,
Деңгейімді Хан Тәңірмен теңеді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек ералыұлы бердіжар Ана тілім – тарихымның мұрасы өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Ана тілім – тарихымның мұрасы, ана тілі туралы өлең жолдары, ана тілі туралы өлең шумақтары, ана тили туралы олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]