Өлең: Абай Құнанбаев (Ал сенейін сенейін)
Ал, сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Ақ көңілді әділ жан
Табылар деп көрейін.
Я сүйсе, я күлсе,
Елжірейін, төнейін.
Жаралы көңіл жазылар,
Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құры сөз
Емес шығар, табылар.
Өткен өмір, көрген түс
Не қылғанда бір болар.
Деп нанып ем "маған нан",
Не таптым мен нанғаннан?
Жүрегімді қан қылды,
Өткен өмір, өлген жан.
Ақыл іздеп, ізерлеп,
Бәрін сынап сандалған.
Бірін таппай солардың,
Енді ішіме ой салған.
Тұла бойды улатты,
Бәрі алдағыш сұм жалған.
Басыңа тиді, байқадың,
Бәрінен басты шайқадың.
Тағы бар ма айтарың?
Нанғыш болсаң, енді нан!
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Ақ көңілді әділ жан
Табылар деп көрейін.
Я сүйсе, я күлсе,
Елжірейін, төнейін.
Жаралы көңіл жазылар,
Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құры сөз
Емес шығар, табылар.
Өткен өмір, көрген түс
Не қылғанда бір болар.
Деп нанып ем "маған нан",
Не таптым мен нанғаннан?
Жүрегімді қан қылды,
Өткен өмір, өлген жан.
Ақыл іздеп, ізерлеп,
Бәрін сынап сандалған.
Бірін таппай солардың,
Енді ішіме ой салған.
Тұла бойды улатты,
Бәрі алдағыш сұм жалған.
Басыңа тиді, байқадың,
Бәрінен басты шайқадың.
Тағы бар ма айтарың?
Нанғыш болсаң, енді нан!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Кұлақтан кіріп, бойды алар)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Құлақтан кіріп, бойды алар)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
» Өлең: Абай Құнанбаев ( ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ - АҚЫЛ ЗЕРЕК)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Кұлақтан кіріп, бойды алар)
» Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Құлақтан кіріп, бойды алар)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Рахат мені тастап қоймадың тыныш)
» Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
» Өлең: Абай Құнанбаев ( ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ - АҚЫЛ ЗЕРЕК)
Іздеп көріңіз: