Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйел)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйел)

Қырық айла - барлық қару-жарағы,
Бір әйелдің бір-ақ тамшы жасына,
Бүкіл әлем батып кете барады.

Әулиеден кем түспейтін дерегі,
Кешір, Құдай,
Сенен кейін адамзат
Әйелдерге табынады себебі.

Күдігіңді күлкісімен күрейді,
Сайтан екеш сайтандардың өзі де,
Әйелдердің санасына түнейді.

Ұсын оған төріңді!
Тырнағыңа татырмасаң, сол әйел,
Тырнағымен қазып берер көріңді.

Әйелдердің аяғына бас ұрып,
Өр кеуделі патшалардың өзі де,
Өліп кеткен
Бұрымына асылып.

Жүрген жерін жіберетін өртеп тым,
Талай әйел кірпіктерін жебе ғып,
Қабырғасын сөккен талай еркектің.

Адас естен!
Сол ма саған керегі?!
Ерініңнен сүйіп тұрып ол сенің,
Ел-жұртыңды жаулап ала береді.

Тұңғиығы батқан сайын тереңдер,
Соғысты да өршітетін әйелдер,
Саясатты жасайтын да әйелдер!

Әуейі қып, от құштырар гүл демі,
Әлем сырын ұғу қиын жалғанда,
Әйел жаны одан бетер күрделі.

О, олардың бөлек мүлдем әлемі,
Шеттерінен шекер, жалын, әдемі!
Кешір, Құдай,
Сондықтан да еркектер,
Әйелдерге табынады әуелі!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асылзат арыстанбек Әйел стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Әйел

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]