Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен үшін сонау алыстардағы елес ем)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен үшін сонау алыстардағы елес ем)

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем,
осынша мені арман қып келдің неге сен.
«Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
сезуші едің ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бас иген көп-көп бозбалаларға паңдана
асқақтау басып, бақытты болдым. «Сонда да
жан-жүрегіңді толтырар бір жан
жетпей жүрді ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен,
сен екеніңді білген бе ем...
Әйтеуір, жаным, «бұл күнде менсіз
жүре алмайсың ғой» демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Сен үшін сонау алыстардағы елес ем өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Сен үшін сонау алыстардағы елес ем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]