Өлеңдер

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы)

Қазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген жүрегін,
Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат ердің бірі едің.
Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сәтте ғана таратып,
Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен әппақ таң атып. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Не қалады?)

Не қалады?
Шаң қалады көштерден.
Майы біткен шам қалады кештерден.
Не қалады?
Қалады тек қи ғана
Қотандарда
Қойлар өрген,
Ешкі өрген.
Не қалады?
Тас қалады таулардан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ақын)

Құдіреттеніп құйылғанда ұлы ақын,
Гераклдей күшті әрі ірі — ақыл.
Күңіренеді қобыздайын аңырап,
Тебіренеді теңіздейін сұрапыл!
Көздерінен Күн шашырап маздаған,
Сөздерінен мұң шашырап боздаған.
Туғызады таң ғаламат суреттер
Сикейростар, Сальвадорлар жазбаған.
Аспан жақтан шабыт қонған шақта оған,
Ақ қағазға құйылады аппақ ән.......
Өлеңдер
Толық
0 0