Өлеңдер

Өлең: Кенен Әзірбаев (Құдалар)

[quote]Бар еді бір атадан төрт бес түтін,
Ағайын бірде жарты, бірде бүтін.
Әдісі сол атаның малға жұмсап,
Қолымды босатпайды я күн, я түн.
Бармасам бәрі қарғап ұрысады,
Кіргізбей үйлеріне тырысады.
Олардың тіліп алмай босқа жүрсем,
Жақтырмай мені көрсе бырысады.
Құлағым елеңдейді ән дегенде,
Кежегем кейін тартар мал дегенде.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды)

Қартым маған күнде сәлем жолдайды,
Қала жайы көңіліне қонбайды.
«Айналайын, бәрі де бар шаһарда,
Ал көкжиек онда бірақ болмайды!
Көре алмайсың таңның қалай атқанын,
Көре алмайсың күннің қалай батқанын.
Тек жарық пен қараңғыдан сезесің
Түн мен күннің кезектесіп жатқанын......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ұлы көш)

Кавказ бен Алтай, Алатау,
Асқар, асу белімсің,
Шығысым — қиыр зор тайга,
Құрсанған болат темірсің.
Батысым — байтақ Украин,
Гүлденген бақша гүлімсің.
Солтүстік — ұлы мұхитым,
Ұшан дария шегімсің. .....
Өлеңдер
Толық
0 0