Өлеңдер

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ғибрат)

Үкі күліп айтты,
Қыран біліп айтты.

— Қыран, сені, ел деген
Құр бекерге мақтайды,
Қараңғыда көрмеген
Қырағыға жатпайды!
— Дұрыс, Үке, ел деген
Мені солай атады...
Ал жарықта көрмеген
Соқырға анық жатады!
* * *
Өлсе Есек байғұсың,
Түлкінің ол қайғысы.

Есек өлді деп естіп,
Түлкі өксіп жылады.
«Мұнысы енді білместік!»—
Деп хайуандар шулады.
Ұлы сонда ересек:
«Қойшы,— деді,— мұңайма!
Өлді ақмақ бір Есек,
Соған да жұрт жылай ма!»
«Ойлайтұғын ертеңін
Әкеңнің де бар басы.
Өмір сүріп жүргенім.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Цемент)

Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
"Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын,
Топтасуға жаны ғашық,
Үгілгеннің бағын ашып,
Тек тұтастық мүддесінен самғайтын
Құрылысқа арзан әрі тиімді,
Теңге ететін, қоңды ететін тиынды....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Біздер үшін қуанған да,шарқ ұрған

Біздер үшін қуанған да,шарқ ұрған,
біздер үшін бар өмірі -жан құрбан.
Ең аяулы адамдардың есімін,
ұмыт қылсам мен болайын антұрған.
Тәртібімен түзу тартып ескегін,
көз алдымнан көрдім жылдар көшкенін.
Қарсы алғанмен....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мәңгілік елдің мәңгілік еріне!

Адам да тау сияқты, биік не аласалы,
Тұлғалы азаматтар қаламас аласаны.
Қорғаған елін желден, қара бұлт ызғарлардан,
Тұғыры биік шыңға ұқсатам аға сізді.
Ұлтымның ұлылығын сақтаған ұлы тұлға,
Қосады халқы бүгін бір өзін ән мен жырға .........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік шал деген – бір ат қылғандай)

Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
Бойдағы бар қуаттың бәрін алып,
Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай.
Ойым –у, өмірім –су, үмітім –бу,
Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ауылды аңсағанда)

Сағыныш мені өзіне тағы кетті алып,
Өлеңнен өзге дүние түгел шет қалып.
Ақ таңнан тұрып, аттанып кеткім келеді,
Сал самал жұтып,
Сағымды белді бетке алып.
Осы бір сәтте ақындық атты бақ дарып,
Шалқытып жатыр жанымнан жалын ақтарып.......
Өлеңдер
Толық
0 0