Өлеңдер

Өлең: Күләш Ахметова (Ғасыр қасіреті)

Қай заманда тимеген жанға сүргін?
Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын.
Қайсар халық қаншалық күрессе де,
Қасіреті қалмаған әр ғасырдың.
Қарап тұрсаң дамудың мәңгі заңын,
Адам жолы — қиямет, зарлы жалын.
Ғасырлардың иығы — қызылала...
Мен айтпай-ақ қояйын арғы жағын.
Мен бармай-ақ қояйын ар жағына,
Мың-мың жылдың дауына, жанжалына.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)

Қалайша іздемейін, жоқтамайын?
Қарасам,
Мұңаяды бақта қайың.
Аппақ қарын төсейді жүрегіме
Ақпан айы —
Өзіңнің кеткен айың.
Сен барда асқақ еді әл-қуатым,
Көңілімнің көгінде Ай туатын.
Мен сияқты іздеумен өтер енді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім)

Үйрен, білсең әннің мәндерін,
Дәл толқындарын толғап, бұлжытпай,
Келтір кемеліне сәндерін.

Ән менен күйдің тілі – үн,
Ұқпасаң оны, саған мін.
Жасыңнан талаптан білуге сырын,
Жете ұғып алған соң,
Жарасады әнге қоссаң жырын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып)

Пәк табиғат таратып бар асылды
Жәудір жанар гүлдердің бәрі ашылды.
Әр маусымның өзіндік бояуы бар
Өр бояудың әні бар жарасымды.
Көп тырналар көкте айтып өтті арманын,
Қараңызшы той іздеп топталғанын.
Тілейді жер бұл жазда былтырғыдан
Жапырақ пен жаңбырдың көп болғанын.
Қайран көңіл, әрнеге елең еттің.
Сыршыл жүрек, көргенді өлең еттің.
Сұлулық та — мықтылық
Көрдіңіз бе,
Әйбат гүлге қонғанын көбелектің!......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Медсестра)

Өткен жылдар, өткен күндер есімде,
Есімде сол ізгі ниет шешім де.
Қос бұрымды, шыт көйлекті ұяң қыз
Оқып жүрген Жамбыл медучилищесінде.
Кетпейтін ол кеше кезіп безектеп...
Келмес бәрі сөз ет, мейлі, сөз етпе.
Сабақтан соң емханаға барады......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Қазақ елі)

Қазақ елі - құдіретім, байтағым,
Шежірелі дергің бар сан ғасыр.
Аңыз етіп адамзатқа айтамын,
Самұрықтай деген оймен,самғасын!

Тәй-тәй басып Енесай мен Орхоннан,
Әр қадамнан даналығы даритын.
Елін бастап болашаққа....
Өлеңдер
Толық
0 0