Рефераттар

Реферат: Философия | ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қаңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені, ғұндар “таза көпшілілер”, қаңлылар “таза” егіншілік, ал үйсіндер - жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Шамамен бес-алты ғасыр өткен соң жағдай айтарлықтай өзгерді.Ғұндардың басым көпшілігі батысқа кетті, ал қалғандары мен қайтып оралғандары қазақтың басқа ұлыстарына араласып, сіңісіп кетті. Қаңлылардың елеулі бөлігі өғыздардың өңтүстік батысқа қоныс аударуы барысында осы тайпалардың құрамында кетіп, осы қауымды және жаңа қоныстарында ассимиляциға ұшырады. Қалған қаңлылар үйсіндерге қосылып, осы уақытқа дейін өздерін солардың құрамындамыз деп санайды. Бұдан ұғарымыз, бірінші мыңжылдықтың ортасындағы қазақтың ата тегінің ішінде үйсіндер – Қазақстан тұрғындарының негізгі дүниетанымдық бет-бағдарын өз бойына жинақтаған һалық болды. Мұның тағы бір дәлелі қазіргі бүкіл Қазақстан аумағында осы үйсіндердің шаруашылық түрі - жартылай көшпелі малшылық негізгі шаруашылық түрі еді.
Бүкіл Евразия даласын көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн, былғары, қолөнер бүйымдары саудасы қыза түсті. Қалалар егіншілік аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ даланың терең ішкі аймақтарында да бой көтерді.
М.С.Орынбеков пайымдағандай, “мемлекеттілігі елсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпалететіні белгілі. Ал, қазақтың көне және соңғы тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі Табиғат әрқашанда Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық рөлін атқарды.Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктіқ иманенттік себептерімен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды”.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Шымкент қорғасын зауытында қорғасын өндірісінің жалпы сипаттамасы

Шымкент қорғасын зауыты сырттан әкелінетін шикізатпен-сульфидті флотациялық концентратпен жұмыс істейді. Зауытқа Қазақстан, Орта Азия,Оралдың түрлі фабрикаларынан шикізаттың 20 түрі келіп түседі.Сонымен қатар басқа кәсіпорындардан қүрамында қорғасын бар қалдықтар әкелінеді.Негізі шикізатты жеткізушілер, барлық көлемнің 80-85% Ащысай (Қазақстан), Алмалық (Өзбекістан) полиметал комбинаттары жеткізеді.
Қорғасынның 10% сульфидті тотыққан кеннен алынады.Концентрат зауытқа әрбірінің сыйымдылығы 3-5 тонна болатын метал контейнерлерде жеткізіледі. Түсетін концентраттардың ылғалдылығы 12-18% шеңберінде ауытқиды. Олар кептіргіш барабанда кептіріліп, транспортерлер жүйесімен қайтадан қоймаға тасмалмалданады. 1 -кесте- Шикізат құрамы

Шикізат атауы Компоненттері

РЬ Си Ві 8 ҒеО СаО ЗЮ2
Актюз концентраты 34-35 0.2 1-3 0.2-0.4 20-30 9-11 2-3 4-6
Жезқазған концентраты 40-45 5.9 2-4 0.002 10-15 3-5 1-2 18-20
Кентау концентраты 44-48 1-2 9-10 0.002 16-18 7-9 2-4 2-3
Сумсар концентраты 55-65 0.3-1.5 2-5 18-24 6-8 1-3 1-3
Шан-тозаңдар 34-40 1-2 7.9 0.07 2-3 3-5 1-2 5-7
длмалық концентраты 30-35
0.2-0.7 5-7 9-11 5-7 0.5-1 4-6
Жезқазған шаңы 42-48 2-3 4-6 8-10 1-2 1-3 0.5-0.8
Агломерация шихтасында флюстер ретінде пиритті концентраттар, кварцті алтыны бар кен, әк тас, темір кені қолданылады.
Зауытқа келетін сульфидті кендер немесе концентраттар шихта дайындауға жұмсалады; концентраттар, флюстер мен қоспаларды еріту штабельдік шихтарникте жүзеге асырылады.
Шихтаны келесі қүрамды шлакты алу есебімен қүрайды: 8іО2 19-23% ; ҒеО 28-33% ; СаО 14-17% ; 2пО 17%
Шихтаны дайын штабельден өнімділігі 30-120 м3/сағ болатын арнайы шихта орталықтандырғыш машинамен пісіруге жібереді.
Агломерация кезінде шихта айналуының химиялық және физикалық реакциялары жүреді. Негізгі химиялык реакциялар сульфидтердің ауа оттегісімен тотығу реакциясының үрдіс барысын анықтайды. Төменнен үрлеу арқылы агломерация кезінде шихтаның негізгі қабатының жануы төменнен жоғары жүреді.Күйдіру және пісіру үрдісін күшейту, сапалы агломерат алу және газдардағы SО2 құрамын ұлғайту мақсатымен, 24% оттегімен байытылған үрлеу арқылы агломерация әдісі қолданылады. Агломашинада тістік үгітілуден кейін ол үш фракцияға бөлінеді. Ірісі ерітуге жіберіледі, жеңілі шихтаға түседі, ал өлшемі 15-22 мм орташасы агломашинаға қайтып келеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Шоқан Уәлиханов

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсіндіруге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін- бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қоймалы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
- табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
- капитал ресурстарына;
- қолда бар технологияға.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардағы туберкулез

.Балалардағы туберкулез. ДОТС бағдарламасы.



аурудың себептері

эпидемиологиясы, жіктелуі,

клиникалық балгілері,

диагностикасы

алдын алу түрлері



Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».



Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады. Олардың ішінде миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар өлімімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Жетім қалған балалар санын осыдан-ақ білуге болады.



Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді.

....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қорқыт

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл тана». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.
1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:
«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады /1, 32 бет/.
М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты – қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде.
Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады. Яғни, Қазақстандағы тарих ғылымының зерттейтін өзекті мәселелердің бірі – кеңес мемлекеті тұсындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен қоса жүргізілген көші-қон және халықтарды қоныстандыруға байланысты нақты тарихи үрдістер. ....
Рефераттар
Толық
0 0