Шығармалар

Шығарма: Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.

Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.

Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.

Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Асқақта тұғырлы тұлға-ұстаз!

Асқақта тұғырлы Тұлға

«Талабы мен еңбегі екі жақтап,

Ортамызда Ұстаз тұр нық асқақтап»

Жер бетінде жаңалық,жетістіктер білімге байланысты. Кез-келген мемлекеттің өркендеп,өсуі де білім нәтижесі. Өзінің бойындағы білім-тәлім нәрімен алдындағы жас өрендерді сусындатушы,ұлылардың ұлықты да адами қасиеттерін болашақ ұрпақ бойына сіңіруші зиялы тұлғалардың бірі де, бірегейі — Мұғалім. Шәкірттерін алдағы өмір жолының қилы-қиын кезеңдеріне дайындаушы, әсерлі әдістерімен олардың шеберлігін шыңдаушы да мұғалім.

Болмаса егер мұғалім,

Білмес те еді көпшілік

Бүкіл әлем,жер жүзін

Ұшпас та еді ғарышқа

Тоқтар менен Гагарин.

Сондықтан болар, қай елде болмасын ең көп маман, басты тұлға мұғалім. Десемде, әр адам мен әр маман секілді,әр мұғалімнің де өзіндік ерекшелігі бар.Білім-біліктілігі мен әдіскерлік әсері,еңбекқорлығы мен ұйымдастыру қабілеті,адамсүйгіштік те ұлтжандылық , ғибраты,қоғамдық істегі белсенділігі секілді қасиеттері алуан қилы......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстандықтардың ерлігі

Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр.
Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз.
Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бабалардың өз ерлігі ұрпақ санасынан еш уақытта өшпек емес

Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңда! – Жұбан Молдағалиевтың рухты өлең жолдарын тілге иек ете отырып, жарқын болашақ көзімен майдангер-баба ерлігіне алғыс! Егемендік пен еркіндіктің, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің тәтті дәмін тату Алланың берген ең асқақ сыйы. Осынша құдіретті атауды абыроймен көтеру үшін бабам не көрмеді десеңші?! Сонау ХV ғасырдағы тарих беттеріне сапар шегер болсақ, қуғын-сүргін де, аштық пен тоқырау да, сұм соғыс та қазақ бастан кешірген қасірет.
Осындай сұрапыл боран секілді, барша адамзат баласын шарпыған «Ұлы Отан соғысы» да қазақ халқының азалы тағдырына жазылды. Алапат соғыстың ащы дәмін татқан баба қасіретін сөзбен айтып жеткізу емес. Жанқиярлықпен күрескен жаужүрек батырлар ерлігі азаттық туын тіктірді. Ерлік пен батырлық – бұл ата-баба қаны мен тердің арқасында азаттық пен егемендіктің таңын атырған асыл адами қасиет. Бұл ұғым әрбір Отан қорғаған ұлы баба есіміне теңеу секілді. Осынау сұм оғыс 1,5 миллионнан аса қазақ жауынгерінің өмірін қиып түсірді. Қаншама ана жарсыз, қаншама бала әкесіз, қаншама боздақтарымыз қыршыннан кетті. Осынша қасіретті күрең күздің соңынан, көктем шуағын шашатыны айқын еді. Қуаныш жасы мен қайғы жасы қатар ағатын айтулы мерекені, міне тағы да тойламақпыз. Өкініш пен қасіретке толы сол сәттерді енді есімізге алғымыз келмесе де, ағаапаларымыздың жанқияр ерлігі еріксіз еске алдырады. Биыл 2016-шы жыл. Қасіреті мол қилы заман шеруінің артта қалғанына 71 жыл толып отыр. Қаһарлы соғыс жылдары ұлт еңсесін есеңгіретсе де, бүгінгі күні жаңа жеңістерге, жаңа толағай табыстарға жетуге жігерлендіреді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны

Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ойындары, фольклоры. Қазақ халқы бұдан кенде емес. Халық аузында жүрген әрбір мақал-мәтелдің немесе тыйымның өз тәрбиелік мән-мағынасы бар. Бірақ, қазіргі жаһандану заманында бұл құндылықтар өз бағасын жоғалтып, өткеннің еншісінде қалып бара жатқандай. Оны айтып, ескеріп отыратын көнекөз қарияларымыздың да бүгінгі келбеті мүлдем бөлек. Ақ жаулығын таққан әже мен ақ сақалы мен тақиясы бар атаны бүгінде кезіктіру өте қиын. «Заманына қарай адамы» дегеннің әсері болар. Заман талабына қарай өзгере беретін болсақ, ұлттық құндылық түгілі, шыққан текті ұмыту қиын емес бұлай. Өйткені бүгінгі «заманауи» жас отбасылар ата-ана қадірі, туыстық байланыс, салт-дәстүрді біле бермейді. Барлығына топырақ шашудан аулақпын. Бұның барлығын өте жақсы білетін де жандар жетерлік. Өйткені, олар «отбасы институтынан» тәлім алған. Сол алған білімді ары қарай өз ұрпағына үйретіп, үнемі қайталап отырады.

Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан, халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын, пайдалы азамат шықпайды»,- деген сөзі бар. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде оның ататегін қоса үйреткен жөн. Жан-жақты болсын деп бірнеше шет тілін үйрету, бос уақыты болмасын деп түрлі үірмелерге жазып қою бүгінгі күннің «тенденциясы» деп те айтуға болатын шығар. Өзге тілді үйренемін деп, ана тілін білмей шүлдірлеп жүрген талай қара домалақтарды көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Сонда өз тілін білмеген бала өзге тілді қалай сыйлайды?! Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Бірақ, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың өз алар орны бар екенін жас ата-аналар ұмытпаса екен.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің сүйікті ұстазым

Кіріспе:
Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді.
Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.

Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой.
Менің бойымдағы ерекше дарынды байқап, мені шыңдаған алғашқы бастауыш мұғалімім Ергенқызы Гүлбану.Ол кісінің арқасында қазір мен дарындылар ортасы "Дарын" мектеп-лицейінің оқушысы атандым.

Негізгі бөлім:

Әр бала Күзгі серпінмен Қыркүйектің алғашқы жұлдызынан бастап мектеп әлеміне аттанады. Осы уақыттан бастап олардың алғашқы және сүйікті ұстаздары пайда болады. Ұстаздар балалардың жүрегін жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алып, бір баланың сүйікті ұстаздарына айналады... Әлі оң солын тани алмайтын жас сәбилер сондағы ұстаз дегеннің кім екенін біліп, менің жақсы көретін ұстазым осы деп көрсеткенде, ұстаздардың жылы күлкісінің өзі жас сәбидің жүрегіне жылу болғанын қарашы деп ойлайсың. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өлшеусіз ерлік

Жер аяғы кеңіп, табиғат-ана бір әсем күйге енгенде баршамыз ерекше күтетін бір мереке бар. Ол - кешегі сұм соғыста қасық қаны қалғанша Отанымыздың іргесін сөгітпей, төсінде фашист деген тажалды сайрандатпай, біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен аталарымыз бен апаларымыздың асқан ерлігі арқылы оңайлықпен уысқа түспеген Ұлы Жеңіс күні. Біздер, еліміздің болашағы - жастар осындай қасіретті соғысты көрмесек те жүрегімізбен сезінеміз, осындай болашағымыздың күндей жарқын болуына себеп аталарымызды ерекше ілтипатпен еске аламыз.
Міне, бірер күндер соң тағы да бір жеңіс күнін атап өтпекшіміз. Кешегі өткен сұрапыл соғыстың бүгін де 75 жылдығына аяқ бастық. Өткен ғасырдың төрт жылға созылған қантөгіс соғысы тарих төрінен ойып тұрып орын алды. Брест қорғаны, тәтті ұйқыда жатқан бейбіт өмір тұрғындары, таң сәріде тұтқиылдан лап қойған «фашизмнің қолшоқпарларының» жауыздығы... «Тарихыңды білмей, бүгінгіңді білмейсің» дегендей отты жылдар жарасы мәңгі жазылмақ емес. Келешекте Отанды қалай қызғыштай қорып, ақыр демің қалғанша қорғау керек екенін біз осындай халқымыздың адал да ер ұлқыздарынан үлгі аламыз........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Табу сөзге айналсын!

Тыныш түндер ылғи да табылса еді,
Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.
Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,
Жаңбыр әні оятсын, жаным сені. Күләш Ахметова
Осындай аналардың тілеуімен елімізде 71 жылдан бері тыныш таңдар атып келеді. Сол қарғыс атқан жылдардан бері менің отбасымда бейбіт өмірдің бағында ғұмыр кешіп келе жатқан мен үшінші ұрпақ екенмін. Мен де болашақта өз балаларымның түндерінің тыныш, таңдарының арайлы болғанын қалаймын. Бұл тек менің қалауым емес, жер бетіндегі ана біткеннің асқақ арманы деп ойлаймын. Әлемдегі әйел заты бұл кесапатқа түбегейлі қарсы болса, бәле ер адамдардан келе ме? Сонда әйел қауымының қолынан ештеңе келмей ме? Жоқ, ерлерді де дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін аналар. Ендеше әр ана өз баласына барынша мейірімін төгіп, дұрыс тәрбие беріп, бақытқа бөлей білсе, жер бетінде Гитлер сияқты қанқұмар адамдар болмас еді.
Әжем айтушы еді: «Қорқыныш тудыратын жаман заттардың атын да атама, келіп қалады». Кейін мектепте мұндай сөздердің «табу» деп аталатынын білдім. Сол сияқты бұл тажалдың атын атаудың өзі қорқынышты. Өз басым адам баласына тек қорқыныш, орны толмас қайғықасірет әкелетін бұл сөзді «табу» қатарына қосу керек дер едім......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қазіргі таңда қатты дамып кеткен жайттардың бірі, ол- әлеуметтік желі. Күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін алып кетіп жатады. Бесіктегі балаға да, еңкейген кәрімізге де әлеуметтік желі қызық. Бейне бір өмірдің мәні секілді. Ал біз бұл әлеуметтік желі арқылы қанша уақытымызды зая кетіріп жатырмыз.Тіпті ешбір бала далаға шығып бір- бірімен ойнамайды, үлкендеріміз немерелеріне ертегі айтудан қалды. Ал оқушылар мен студенттер көп кітап оқудың орнына осы әлеуметтік желіде бос уақыттарын өткізеді. Адам әрбір минутын бағалау керек. Өмірді бос әлеуметтік желіге үнілумен өткізбеу керек. Өзіне керекті, пайдалы іспен айналысу керек. Себебі «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені». Сондықтан адам әрбір уақытын тиімді жұмсау керек.

Адамдар әлеуметтік желіге не үшін кіреді? Барлығы неге тәуелді? - деген сұрақтар туындайды. Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық түрлі сайттар пайда болып жатыр. Олардың ішінде көп адамдар қолданатыны: Instagram, Вконтакте, Facebook, You Tube, Однокласники және басқалары. Бұл программалар несімен қызық? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпақ келешегі

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дегендей біздің ата-ағаларымыз, апа-әпкелеріміз, біздің өміріміз, бақытты келешегіміз үшін отқа төселіп, қиындыққа төзіп, бізге осында өмір әперді.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды.
Соғыс ! Қандай суық сөз бұл! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат мерт болды, қанша бала әкесісінен, қанша бала анасынан айрылды .Өмірден мән кетіп , сұрықсыз бір дүниеге айналды .
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып , жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге , әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды.
Сол күндері ата бабаларымыз бізге жемістің дәмін татқызу үшін жан аямай шайқасты. Сол жылы аталарымыз, апаларымыз, әпкелеріміз, ағаларымыз біз үшін күреспнгенде біз осылай отырар медік деген ой біздің ойымызға көп келеді. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. ......
Шығармалар
Толық
0 0