Шығармалар

Шығарма: Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан,- дегендей

Көптен күткен күз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Рақмет Мама!

Жүрегімнің түкпірінде ерекше орын алатын жансың. Қимаймын. Тоғыз ай көтеріп, түн ұйқыңды бөліп, ақ сүтіңді беріп, ақ бесіктен тербетіп қоңыр дауыспен бесік жырыңды айтып, бар мейріміңді көрсеттің де кеттің. Аз уақытта бар мейрімің мен махаббатыңды бердің рақмет саған, Мама.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Фантастикалық әңгіме

Бұл әңгіме он бес жасар Хамит жайлы. Хамит анасының қолында өскен жасөспірім жігіт. Кәрі анасы жұмыс жасауға қауқары жоқ болғандықтан, Хамит анасына қолынан келгенше көмектесуге тырысатын. Хамиттің сырт келбеті пәлендей сымбатты емес, үлкен көкшіл көзді, бұйра шашты, ұзын бойлы. Оның мінезіне келсек көп сөйлемейді, сабырлы, арманшыл болды. Хамит анасымен үлкен үйде тұратын. Екеуі өз күндерін өзі көріп жүрді. Бірақ Хамит ылғи ерекше нәрсені қалайтын. Ол өзі ержетіп қалса да таңғажайып ертегілерге сеніп, әлі күнге дейін «ертегілер әлеміне барсам» деген орындалмас арманмен өмір сүріп келе жатты.

Бір күні Хамит ерекше түс көреді. Түсінде бұл әлемді емес, өзге таңғажайып әлемді көреді. Ол жақта бәрі тыныш, бәрі тату тәтті. Түсінде адамға ұқсас аласа бойлы, қысқа қолды, екі басты беймәлім жануарды көреді. Оны жануар деуге келмес, дегенмен жартылай адам, жартылай жануарға ұқсас. Бұл беймәлім тіршілік иесі жасыл түсті, көңілді, дегенмен көрген жанға қорқынышты. Оны Хамит түсінде көріп қатты қорқады. Ол түсінде:

- Сәлем, Хамит, - дегенде Хамиттің зәресі қалмай, бұл менің есімімді қайдан біледі деген сұрақ маза бермейді. Бұл беймәлім тіршілік иесінің даусы да ерекше. Ол жақын жерде тұрса да, даусы алыстан естілгендей, бірақ құлаққа жағымды.

- Эй, адам баласы менен қорықпа. Менің есімім - Фавлун. Мен ертегілер елінен келдім. Біздің әлем сені таңдады, тек сені. Сендей бала сенің әлеміңде жалғыз. Өйткені сен біздің әлем жайлы бәрін білесің,-деп Фавлун есімді тіршілік иесі күлімсірей, Хамиттің қолына күлгін, сыртында түсініксіз сурет салынған бір жапырақ қағазды ұстатты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан: кеше, бүгін, ертең

Тамырын ертедегі сақ, алыстағы ғұн, берідегі көк түрік, кешегі қазақ хандығынан алатын ұлы елім-еңсесін тіктеп,қанатын кеңге жайды. Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақтың күні кеше ғана пайда болмағаны белгілі.Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін ешқандай жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап, қол күшімен қатар ой күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының ерліктері бізге аманат.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ мемлекеттілігі

XXI ғасырдың басындағы әлемде жақсы қарқынмен дамып келе жатқан жас мемлекеттің бірі – Қазақстан.

Қазақстан – ол қазақ елі дегенді білдіреді. Осы республиканың негізгі тұрғылықты халқы қазақтардың ана тілі - түркі тілінің қыпшақ тобына жатады. Олардың діні – мұсылман суниттер......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жанашырларым менің

Мен Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылында 2009 жылы сәуірдің 15 жұлдызында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен ата-әжемнің қолында тұрамын. Ата әжем менің қамқоршы да жанашыр адамдарым. Ал әкем мен анам Қорғалжын ауданы Өркендеу ауылында тұрады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Музыка және қиял

Бір құлағымда «музыканың» жан тербетерлік тәтті әуені. Ал, екінші құлағымда өмрідің ащы шындығын ұқытырып тұрған, өмір тіршілігінің сан –алуан сазды үні.Музыка бір қиялмен шексіз әлемге жетелейді... Бірі жарқын жақсы болашаққа,енді бірі адам жаны төзгісіз жалғыздыққа, жәнеде қатігез жауыздыққа.Сондықтан тыңдар әуеніңізге өте сақ болыңыз.Арман – мақсатқа жетелейтін әуен тыңдап,өз ойларыңызды бір арнаға тоғыстырып, шабыт ала біліңіз..
Құлағымызға құлаққап тағып, « музыканың» әуенімен терең ойға беріліп, бір сәтке өз өмрімізді ұмыта аламыз.Әр адамның өз қиялы және арманы бар. Әр адам, өз қиялында әр түрлі тұлғаның рөлін сомдайды.Бірі мүмкін әлем таныр әнші, бірі керемет биші,енді бірі ең үздік суретші. Ол - адамның өз арманымен қиялына байланысты.Өзіңіз ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің ұстазым

Мен мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап менің алғашқы ұстазым пайда болды. Ол ұстаз Кыдырбергенова Гүлзира. Менің ұстазым қолымнан жетектеп алғашқы орындыққа отырғызып әліппе кітабын ұсынды. Әріп емілесін салуды үйретті. Қанша қателік жіберсекте......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұстазға құрмет

Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал, ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ұстаз - санамызға жақсы сөздерді түйіп, бізге тек жақсылық тілейді. Өнерге де, білімге де ұстаздың еңбегі зор екеніне сенімім мол. Біз білім алу үшін «мектеп» деген киелі ордаға келеміз. Өмірдің жаңа жолын бірінші сыныптан бастаймыз. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Сол себепті сабақты жақсы оқу, ата-анамыздың үмітін......
Шығармалар
Толық
0 0