Тақпақтар

Тақпақ: Көктем

Алақай, көктем келді!

Күннің нұры шашылды.

Қарлар еріп бастады,

Айнала су боп басады.

Жылы жақтан құс келді,

Балалар ойнауға шықты.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді өлкеме,

Табиғатым тамаша.

Гүл қаптады бөктерді,

Нұрға толды айнала.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Мұғалім

Мұғалімдер күні бүгін,
Күні ұстаздардың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген,
Жетелеген армандарға.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Әжеме

Ақжаулығың қолда,
Алаң болып жолда.
Күте–күте шаршадың ғой әже,
Қою қара шәйің.
Кәмпит пенен майың,
Жиналмаған дастарқаның әже.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Күшігім

Өзі адамға үйірсек,
Өліп-өшіп ойнайды.
Қиқуласып жүгірсек,
Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,
Білмейді не істерін.
Балтырыңнан алғанда,
Батырмайды тістерін.
Тақпақтар
Толық
0 0