Балабақша сабақ жоспары: Ұлттық киімдер
Мақсаты: а) Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.
ә) Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана-сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Қажетті құралдар: шапан, қоржын, ұлттық киімдер үлгісі және суреттері, желім.
Сабақ барысы
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру-оятушылық
Амандасу шеңберін ұйымдастырады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәріміз бір-бірлеріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер жасап тұрайық.
- Балалар, біз таңертеңгісін ұйқыдан тұрғанда алдымен қай жаққа қараймыз?
- Онда нені көреміз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Егер олар жарқырап нұрын шашып тұрса, қалай қуанамыз?
- Олай болса, балалар, бәріміз қуанып, жаңа күнді қарсы алып, шеңбер жасап отыра қалайықшы.
- Қыз бала қалай отырады, ұл бала қалай отырады?
- Қане, балалар, қолдарымызды бір-бірімізге түйістіріп көрейікші.
- Не сезіп тұрсыңдар?
- Осы алақан жылулары арқылы бір-бірімізге игі тілектер мен жылы лебіздер білдірейік.
- Көп жасаңдар. Айтқан тілек сөздерің қабыл болсын, ниеттеріңе жетіңдер!
- Ал қоржынның қалтасында не бар екен, оны да алып көрейікші. Қане, балалар, кім айтады, мынау қандай зат?
- Дұрыс біз бүгін қазақтың ұлттық киімі – шапанмен таныс боламыз. Балалар жыл мезгіліне байланысты шапанның бірнеше түрі болады.
Шолақ жеңді, ұзын жеңді шапан, ал қыс кезінде киетін қалыңдау түрін – шеппен деп атайды. Шапанның ұзын да, қысқа да түрлері болады.
- Балалар, шапанды ұстап көріңдер, неден жасалады екен?
- Шапанның түсі қандай екен?
- Шапанның шеті немен безендірілген?
- Шапанды кімдер киеді?
- Балалар, шапанды біз қандай мерекеде киеміз?
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Балалар, біз ұлттық киіммен таныстық, оны аталарымыз киетінін білдік. Көбіңнің аталарың бар. Аталарымызды жақсы көреміз. Мен сендерге ақын Қадыр Мырза Әлі атамыз жазған «Менің атам» деген өлеңін оқып берейік. Мен алдымен өлеңді мәнерлеп оқимын. Ал сендер өлеңнің кімдер жайында айтылатынын естеріңе сақтап алыңдар.
Менің атам
Атам менің ауылда,
Қой бағады ежелден.
Қадірлі атам қауымға,
Сый-құрметке бөленген.
- Бұл өлең сендерге ұнады ма?
- Өлең кім туралы айтылған екен?
- Қане балалар өлеңді бәріміз жаттап көрелік.
«Қуыршақты киіндіру»
Ойын шарты: Қатты қағаздан жасалған ойыншық қуыршаққа балалардың ұлттық киім кигізуі.
- Балалар, бәріміз бірігіп, атамыз киетін шапанды жабыстырайық, деп балаларды жабыстыру жұмыстарына жұмылдырылады.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтайды. Шеңберге тұрады.
- Терезеге қараймыз.
- Күннің нұрын, күнді көреміз.
«Алақай» деп қолдарын шапалақтайды.
Шеңбер жасап отырады.
- Жылылық.
-Күніміз жарық болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
- Күніміз сәтті болсын!
- Деніміз сау болсын!
Ұлттық киім – шапан.
- Матадан.
- Көк.
- Ою-өрнекпен.
- Аталар, әжелер, апалар.
- Наурыз мерекесінде. Тәуелсіздік мерекесінде.
Балалар сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.
- Ұнады.
- Қой бағатын ата туралы.
Балалар жаттайды.
Балалар қатты қағаздан жасалған қуыршақты ұлттық киіммен киіндіреді.
Қағаздан қиылған дайын шапанды ақ қағазға желіммен жабыстырады. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: